Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Білім министрінің хаты

Құрметті ата-аналар!

Балаларымыздың көктемгі каникулы 16 наурызда басталды. Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде және балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесе алады.

Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ ежелгі грек және мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық.

Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады. Продолжить чтение «Білім министрінің хаты»

Жаңа сабақтар

«Ғажайып орманға саяхат» Психологиялық тренинг

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы

164 ЖОМ жанындағы «Мейіржан» ШО психологы

Сержанова Алуа Жайлыбекқызы

Тақырыбы: «Ғажайып орманға саяхат» Психологиялық тренинг.

Мақсаты: Балаға жабайы аңдар туралы түсінік беру,атын дұрыс атауға жаттықтыружәне тіршілік ортасы туралы түсініктерін бекіту.Сөздік қорларын байыту,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап ,көрсету,түсіндіру,ойнату.

Түзету-дамыту жұмысы: Жабайы аңдар туралы әңгімелеп,ойната отырып баланың есте сақтау қабілетін дамыту. Продолжить чтение ««Ғажайып орманға саяхат» Психологиялық тренинг»

Жаңа сабақтар

«Әдемі моншақтар» Ашық оқу қызметі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы

164 ЖОМ жанындағы «Мейіржан» ШО психологы

Сержанова Алуа Жайлыбекқызы

Тақырыбы: «Әдемі моншақтар» Ашық оқу қызметі.

Саласы : Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Мақсаты: Балаларға дөңгелек моншақтардың суретін салып қағаз беттеріне жабыстыру және әдемі моншақтарды жіпке тізіп үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Еңбекқорлықа, істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құралдар: Моншақтар, жіп, түрлі-түсті қаламдар,ермек саз, жұмсақ моншақтар, желім. Кардон қағаз.Маскалар.

Сөздік жұмыс: Моншақ, сыйлық, сыйластық. Продолжить чтение ««Әдемі моншақтар» Ашық оқу қызметі»

Жаңа сабақтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтер қашықтықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды.

Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады.

Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.

БҒМ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

«Табиғаттың тылсым сыры»

Ғылыми жоба тақырыбы: «Табиғаттың тылсым сыры»

Жоба авторы: Түркістан қаласы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының

«3 А» — сынып оқушысы Жаппархан Қазына

Жетекшісі: Абдраева Айнұр

ПІКІР

Оқушының «Табиғаттың тылсым сыры» атты тақырыбындағы ғылыми жобасы табиғат туралы түсінік бере отырып, оның табиғи құбылыстары мен тылсым күштерінің маңыздылығы мен байланысын анықтаған, келешек ұрпаққа насихаттауды, үлгі етуді мақсат ете білген..

Зерттеу жұмысында оқушы табиғат құбылысының өзге де қажетті заттар іспетті адам үшін маңыздылығының бар екендігін анықтай білген.

Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін еместігін айқындаған. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. «Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастардың қолында»-деп анық көрсеткен.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын. Продолжить чтение ««Табиғаттың тылсым сыры»»

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерімен әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өтті. Аталған шара ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты әскери қызметшілердің құқықтық білімін кеңейту, әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың элементтерін жою, алдын алу шараларын күшейту болып табылады.

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің офицері әділет капитаны Рауан Саурық әскери институттың жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарын түсіндіріп, бейнежазбалар көрсете отырып, соңғы екі жылда орын алған сыбайлас жемқорлық деректерін жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында кездесу өткіздік», — деді өз кезегінде әскери полиция жасағының өкілі әділет капитаны Р.Саурық. Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірі ұсынып, жадынама таратылды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БҮГІНГІ КҮННЕН БАСТАП ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

ҚР Үкіметінің қауіпсіздік шараларын күшейту, коронавирусты таратпау туралы қаулысына байланысты, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі тапсырмасы негізінде, Ректордың бұйрығына сәйкес 2020 жылдың наурыздың 16-нан бастап ТарМПУ қашықтықтан оқытуға көшті.

Университетте білім берудің барлық деңгейлері бойынша аудиториялық сабақтар қашықтық технологияларды қолдану арқылы ҚО және Moodle білім беру порталдарында жүзеге асырылады. Осы оқу бойынша мәліметтер білім беру порталдарында және университеттің ресми сайтында толық берілген. Сондай-ақ, бағалау журналын толтыру тәртібі оқытушы мен студент арасында қашықтықтан байланыс сақталған жағдайда өзгеріссіз қалады.

Бұрын жоспарланған барлық тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуі тоқтатылып, отырыстар мен жиналыстарын өткізу шектелді. Оқытушылардың жұмыс тәртібі үйден онлайн сабақ өткізу мүмкіндігін бере отырып, еркін деп жарияланды. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тәртібі сақталады.

ЖОО басшылығы айтуынша, бүгінгі таңда Интернет жүйелері толық режимде жұмыс істейді, сондықтан ЖОО-ның барлық электрондық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Әр түрлі себептерге байланысты үйлеріне кетпеген студенттерге университет тарапынан барлық жағдай жасалған, оның ішінде жатақханада тұру үшін. Ал оқу үдерісі бойынша тәлімгерлер университеттің CALL-орталығына 8 707 3204836 номеру бойынша хабарласа алады.

Айта кету керек, қалыптасқан жағдайға байланысты барлық шаралар университеттің академиялық саясатына сәйкес қабылданды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна

«Шоқан Улиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Еркетай» шағын орталықтың тәрбиешісі Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна

Отбасы мен балабақша бірлестігі

Отбасы – адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір – жеке тұлғаның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі мектебі. Мектепке дейінгі қызметкерлердің басты мақсаты – жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қалыптастырып, баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, балабақшамен тығыз байланысты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Ата-аналардың балаға деген қамқорлығы шексіз. Продолжить чтение «Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна»

Жаңа сабақтар

Улданова Нүргүл Санатовна

«Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың тәрбиешісі Улданова Нүргүл Санатовна

Балабақшада танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану жолдары

Аңдатпа: Бұл мақалада балабақшада танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану жолдары қарастырылады және ойын түрлеріне талдау жасалады.

Түйін сөз: [ойын], [ таным], [ шығармашылық.]

Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Айналадағы әлемді ойын, еңбек,серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған балаларды ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап,баланың мінез-құлқын,сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі,қабылдауы,ес,ойлау,сөйлеу,зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып,дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Продолжить чтение «Улданова Нүргүл Санатовна»

Жаңа сабақтар

Мухамбетқалиева Гүлназ Қалиматқызы

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, ендеше осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, « Ақниет» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жаткан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл отбасыларыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Ой, балалар, мында кім жүр? Продолжить чтение «Мухамбетқалиева Гүлназ Қалиматқызы»

Жаңа сабақтар

Мергенова Альмира Рысбековна

Өскемен қаласы.«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақшасы.Тәрбиеші Мергенова Альмира Рысбековна.

Әдіскер/ Методист _______________________

қолы/подпись

«Балбөбек» екінші кіші тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Технологическая картаорганизованной учебной деятельности

в второй младшей группе «Балбөбек»

Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц, год проведения: «23» қаңтар 2019 ж./г.

Тәрбиеші/Воспитатель: Мергенова А.Р

Білім беру саласы/ Образовательная область: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі

/Раздел организованной учебной деятельности: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы/ Тема: «Шай қайнатуды үйренеміз»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету. Ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: Шәйнек, кесе, ыдыстар, тағамдар, сөре, қонжық, сатушы.

Тілдің үш тұғырлығы/ Полилингвальный компонент: ыдыс-посуда-dishes

шәйнек-чайник-teapotb Продолжить чтение «Мергенова Альмира Рысбековна»

Жаңа сабақтар

Матаева Гулжанат Омирсериковна

«Қаракемер атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Балбөбек» шағын орталықтың тәрбиешісі Матаева Гулжанат Омирсериковна

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі

«Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында, ал олардың болашағы мұғалімдер мен тәрбиешілердің мінсіз қызметіне байланысты болмақ» -деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, Қазақстанның келешегі жастарда десек, оларды балабақшадан тәрбиелеудің тың жүйесі керек-ақ. Қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылу үстінде. Бұл жүйе педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізіп қана қоймай, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Продолжить чтение «Матаева Гулжанат Омирсериковна»

Жаңа сабақтар

Калабаева Асыл Тынысбековна

«Тарас негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

« Балдырған » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Калабаева Асыл Тынысбековна

«Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі»

Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Себебі, балабақшада оны күткен өзі қатарлас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшада тәрбиеленуші таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Продолжить чтение «Калабаева Асыл Тынысбековна»