Без рубрики

Тарихи танымдық лоторея

 Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ ауылы №5 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Искаков К.С.

Жастай түссең пәк  ғылымның жолына,
өмір бойы бақыт  сенің қолыңда
  Ж. Баласағұн.

Тарихи танымдық лоторея
8-11 сынып оқушылары арасында тарихи танымдық лотореясын өткіздім.
Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білу және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп, қорытынды жасауы тиіс.
Шарты: Оқушыларға әр түрлі сандар жазылған лоторея таратылады. Қапшықта 11 ден 20 ға дейінгі сандар болады. Мұғалім қапшықтағы алған санмен оқушы қолындағы лотореясындағы санмен байланыстырады. Мысалы: қапшықтан 17 саны шығып, оқушы қолындағы 23 санымен сахнаға шығып, 1723 жылы болған тарихи оқиғаны айтуы тиіс.Әр жауапқа дұрыс жауап берген сайын жетон беріледі.  Сонымен қатар оқушы 23 санымен 1823, 1923 т.б. жылдарға шығып, жетон жинауына толық мүмкіндік беріледі. Жетон жинау оқушының біліміне байланысты.

Мұғалім сөзі: Біз тарихымыз арқылы өте маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз. Тарих пен шежіре-ұлт жанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді. Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол. Біздің мақсатмыз біреу- халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын, атқаратын қызметін сезіну. Қазақстан тарихында даталарды ьілу оны есте сақтаубасты парыз болуы тиіс.

Барысы: І-турда  мұғалім қапшықтағы алған санмен оқушы қолнындағы санман байланыстырып, тарихи даталарға жауап берді. Бір оқушы бірнеше даталарға шығып, жеңіске жетелейтін жетондарға ие болды.
ІІ-турда 10 жетонға ие болған оқушылар сахнаға шығып, Осы турдың тапсырмасы «Иә» немесе «Жоқ» тапсырмасын орындады. Бұл тарсырманы 8 сыныпқа арналған электронды оқулықты пайдалану арқылы өткіздім. Электронды оқулықта төмендегідей сұрақтар болды.
Мысалы:  1.«1711 жылы Абылай дүниеге келді» «Иә»- «Жоқ»
2. «Сыпыра жырау Абылайдың кеңесшісі болды»  «Иә»- «Жоқ»
Осындай 10 сұраққа жауп берген оқушылар сахнада қалдырылып, ІІІ-турға жолдама алды.

ІІІ-тур. Осы турға Қазақтан тарихындағы аса маңызды оқиғаларға анимация жасадым. Олар: «Ұлт-азаттық көтеріліс»
«Ақтабан щұбырынды»
«Исатай, Махамбет көтерілісі»
«Абылай хан»
«Отырар алапаты»
Анимацияларды алғашында дауыссыз қойылып, осы оқиға туралы түсіндіруі тиіс. Соңында дұрыс жауабын білу үшін анимацияның дауысын қостым. Анимацияларға дұрыс жауап берген 2 оқушы ақтық сайысқа қатыстырылды.

Ақтық сайыс: Ақтық сайыстың тапсырмасы «Тұлғаны тап» сайысы болды. Екі оқушының қолыны қағаз беріліп, 10 тұлғаны үнсіз жазу тапсырмасы берілді. Тарихи танымдық лотореяда көп жетон жинаған, тұлғаның онына жауап берген 9 сынып оқушысы Құсайнова Еркежан жеңімпаз атанды.

Қорытынды: Жақсы қатысқан оқушылар атап өтілді. Сахнаға барлық қатысқан оқушылар шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.

Мұғалімнің қортынды сөзі: Қазақ тарихы мен мәдениеті өзіндік із қалдырған бай оқиғаларға толы. Егер өз Отаныңның жанашыр азаматы болсаң, оны біліп қана қоймай, болашақта гүлдене түсуіне қолыңнан келген үлесіңді қосуың қажет. Ата-бабаларымыз Бізге ұшқан құстың қанаты талатындай, жортқан аңның тұяғы тозатындай кең –байтақ жерді  аманат етіп қалдырды. Осы жерімізді сақтау, оның тарихын білу біздің басты парыз да міндетіміз.
Тарихи танымдық лотореямызға белсене қатысқандарыңызға рахмет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.