ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР…
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қасенова Гүлшара Күзембайқызы
ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР…
Оқушылар құрметпен тұрып әнді бастайды
Хор. «Ұстазым» , сөзі: Қ. Мырзалиев, әні: Ә. Молдағалиев.
Сынып жетекшісі: Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көргендік» қасиетпен ұрпақтан ұрпаққа ұстаздық – шәкірттік үрдіс арқылы беріліп, жалғасын тауып жатыр.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп, Абай атамыз да жырлаған. Баланың тұңғыш ұстазы мектеп табалдырығын тұңғыш аттағанда алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздырып үйреткен мұғалім.
Қымбаттымұғалімдер Сіздерді төл мерекелеріңізбен, Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар …» Ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз жансын.
1 – жүргізуші: Ұстаз. Ұстаз сөзінің ұғымы кең.
2 – жүргізуші: Ұстаз. Иә, оның негізгі мәні жақсылықта, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуге тәрбиелейді. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп – инабаттылықпен, ізет – құрметпен, білім – парасатпен байланысып жатыр.
1 – жүргізуші: Демек, кең мағынада нәрестенің дүниеге келіп,
Толысқанша өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйренген адамы ұстазы болады да, сол үшін, меніңше, шәкірт ұстаз алдында қия өтпей, өмір бойы өзін, сөзін ардақтап өтуі тиіс.
2 – жүргізуші: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтсам.
1 – жүргізуші: Ал, ұстаз сөзі – дәстүрлі мағынасында алғанда, оқу орнында арнайы сабақ беріп, дәріс беретін адамға қатысты қолданылады.
1 оқушы: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім – білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған, сөйлеген сөзі, парасат пайымы, инабаты үлгі болған адам – ұстаз.
2 оқушы: Ал, менің ойымша, ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, бізге өмірден өз жолымызды таба білуге көмектесетін, айналасына білім – тәрбие ұрығын шашатын – ойшыл тұлға. Атақты неміс педагогы Адольф Дистервегтің «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты табуға үйретеді», – десе, ал араб ақыны және ғылым Абуль Фарадж Исфаханидың айтуынша «Түсінгендіктің шын белгісі – иә деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады».
Света:
Асыл Ұстаз – мектеп жүрегі,
Шуақ шашар реңі.
Ұстаз деген – ұлы тұлғалар есімді,
Біз үшін өмір сүреді.
Терең зерттеу ісімен,
Жүреді ұстаз үнемі.
Ұшқыр білім үшін өмір сүреді,
Терең – терең мейірімді ісімен.
Қырдағыны бірден байқап үнемі,
Ұлы тұлға болса егер,
Шәкірттерге арналады жүрегі.
Білім, өнер жолыменен ақылды,
Үйретуді парасатпен береді.
Ән «Мектебім». Сөзі: М. Мақатаевтікі.
Арайлым: Бұл арада мектептен аулағырақтұрған орынды, өршіл ақын В. Маяковский де: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын бар ынтамен атқара білуі керек», -дейді. Алғыр ақынның айтуындай бүгінде мәнді шындықты жете аңғарып үйретудің мазмұны да, сипаты – да, амал – тәсілдері де күрделене түсуде. Ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласын үйретуге бағыт ұстауға шәкірттің зейінін шоғырландырып, ойын, қабілетін икемділік дағдыларын жұмылдыра білуіне талап етеді. Олай болмағанда шәкірт оңға баспайды, онда даму болмайды, алға баспайды, сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздың түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейіне жеткізу ғана емес, өзінен асқан, ілгері кетуге негізін қалауы тиіс.
Айнұр: «Шәкірт ұстаздан озса игі» деген сөз тегін айтылмаған.
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мейірім қандай шуақты,
Ұстазы – асыл арманым!
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым.
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
3 оқушы: Абай «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деу арқылы ұстаздардың шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің ынта қойып, білім алатын яғни ғылымының іліміне ие болатын мұрагер ғана емес, ілгері жалғастырып дамушы ретінде анықталған.
4 оқушы: Ұстаз, шәкірт сөздері – біздің халқымызға өте қадірменді, қастерлі ұғым. Олар білімділік, әдептілік, көрегендік, имандылық, кішіпейілділік, даналық, парасаттылық мағынасында түсіндіріліп, қабылда-нып келген. Ежелгі грек философы, данышпан ойшыл Аристотельдің «Бірінші ұстаз», өзіміздің арғы бабамыз Фарабтан (Отырардан) шыққан кемеңгер ойшыл, әмбебап ғұлама Әбу насыр әл – Фарабиді «Екінші ұстаз» атануынан халқымызға қаншалықтыбаға берілгенін көреміз.
Ән «Дәурен – ай».
2 – жүргізуші: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы қол жеткізуге болады. Ұстаз жолындағы еңбектеріңізге қажымас қайрат, асқан шеберлік тілеймін.
1 – жүргізуші: Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел болам десе,ң, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Ол елінің ертеңгі жас ұрпағын жақсылап өсір деген сөзі ғой. Осыған қоса айтарым, бесік сөзі – тәрбиең, ұлттық мәйекті болсын дегені. Осы міндеттің көп салмағын мүғалім, тәрбиешілер атқарып жүргені бізге аян.
2 – жүргізуші: Өткен заманның ғалымдарының бірі айтқандай, «Жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды». Демек, сонда ғана ол шын ұстаз бола алады.
Ал біздің ата – аналарымыз сол ұстаздың қалтқысыз көмекшілеріне айналып, балалардың ұстазға деген сүйіспеншілігінің артуына, оның берген білімі мен тәрбиесін ынтаиен қабылдауына жәрдем беруі тиіс.
Есімде мәнгі қалдыңда,
Жүректе ән боп жандың ба?
Есейіп бүгін кетсемде,
Шәкіртпін ұстаз алдында!
Білім – ойдың сұлуын,
Жүрегіңнің жұлуын,
Шашу еткен – ұстазым!
«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті», – деп К. Д. Ушинский айтқан. Осы жер жүзіне сәуле шашқан күндей Сіздерді біздің құдіретті сәулеміздей болуларыңызға тілектеспіз. Еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Мерекелік концертіміз сіздерге арналады, құрметті ұстаздар! Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
