Бастауыш сынып

Жұрнақ

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы, Мичурин орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы бастауыш сынып мұғалімі Ихсанова Бағдагүл Қазбек қызы

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі. Түбір мен қосымша (жұрнақ) туралы алдыңғы сабақта меңгерген білімін пысықтау, білімдерін толықтыру, сөздерді талдау, сауатты  жазуға төселдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір-бірінің сөзін тыңдауға, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау
Пәнаралық  байланыс: Әдебиеттік  оқу, дүниетану
Көрнекілігі:  “Жеті ата еліне саяхат” картасы, ат құралдарымен ат шана суреті, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабаққа  назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен жұмыс (екі көрші бір — бірін тексереді) егер тапсырма дұрыс орындалған болса, тексерген көршісі “жасыл” текшені көтереді, ал егер екі немесе үш қате болса “сары” текшені көтереді, ал мүлдем орындалмаған болса “қызыл” текшені көтереді.
ОҚУ
АС
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
ТАЗА
Осы берілген түбір сөздерден үш қатар оқушылары жарыса отырып  сөз  құрау  керек .

ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені бүгін біз “Жеті ата” ауылына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
— Атты, түйені, өгізді.
— Сендер осының қайсысын қалайсыңдар?
— Атты
— Олай болса атты жолға әзірлейік.
— Атты (арбаға) қазыр қыс мезгілі болғандықтан шанаға  жегеміз.
Оған керек жабдықтарды оқушылардың көмегімен жинастырамыз.
-қамыт, доға, ершік, белкөтерме, деме, алқабы, дұрыс жауап ала отырып
1. “Ата” ауылынада жеттік
Ата ауылының тапсырмасы: Ереже айтып, мысал келтіру.
Түбір дегеніміз не?
Жұрнақ дегеніміз не?
2. “Әке” ауылы
Әке ауылының тапсырмасы: “Көршісін тап” ойыны.
Шарты: Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу, мағынасын түсіндіру.
АТ                шіл
КҮЛКІ            тай
СӘУЛЕТ            еген
СҮЗ                  ті
3. “Бала”  ауылының тапсырмасы:  Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу: жұмбақты оқып, шешуін табу, туынды сөзді тауып, түбір  мен қосымшасын  белгілеу.
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу.
Оқулықтағы 2 — жаттығуды орындау.
4. “Немере”  ауылының тапсырмасы:  Терме диктант
Берілген сөздерден туынды сөздерді теріп жазу. Екі сөзден сөйлем құрастыру.
Балықшы, кітапхана, жұлдыз, көзілдірік, сауысқан, таулар, бор.
5. “Шөбере” ауылының тапсырмасы: Топтасу, топпен жұмыс.
Түбірден өсіп  шыққан әрбір сөздің жасалуын сұрақ қою арқылы  талдау. Үш қатардың оқушыларына үш түрлі сөз беріледі, оқушылар топтаса отырып орындайды.
тар
лық
оқу
ім
ді
біл
дік
ім
өс

6. “Шөпшек”  ауылының тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.
3 — жаттығу ауызша орындалады , 4 – жаттығу өз нұсқауы бойынша орындалады.
Жеке карточкалармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
7. “Немене” ауылының тапсырмасы: Көру диктанты.
Алдын – ала әзірленіп жазылған  бес сөзді оқушыларға бірнеше  рет  оқытып, тақтаны жауып  қоямын, оқушылар оқыған сөздерін ретімен дәптерлеріне жазып шығу керек.
ІV. Қорытынды
—    Міне балалар сыныпқа да келдік. Саяхатқа барлығында жақсы қатыстындар. Жеті ауылдың адамдары білімдеріңе риза.
Бүгін жеті атамызбен таныса отырып, жұрнақ туралы білімдерімізді толықтырдық. Қазақ халқы 7 санын өте қасиетті сан деп білген, өйткені жеті қазына жеті жұтты тектен-тек атамаған.
Аталарымыздың “Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер” деген сөзі шыққан тегін, ата-бабасын білген оқушы өскенде туған-туысқанына мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып өседі екен.

Сабақты бекіту мақсатында қойылатын сұрақтар:
1.    Түбір дегеніміз не?
2.    Жұрнақ дегеніміз не?
3.    Сөздер нелерден құралады?

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Әр оқушыға үйден өзінің жеті атасын жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.