Жүзден жүйрік атанды
2014 жылдың желтоқсан айында Астана қаласындағы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылардың ғылыми жұмыстары сайысына Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіміздің атынан 51топ «1504000-Фермер шаруашылығы» мамандығының II-курс студенті Назарбекұлы Наурызбай қатысқан еді. Оның «Палладий атом ядросының жұп-жұп изотоптарының коллективтік күйлері және өзара әсерлесуші бозондар моделі» деп аталатын ғылыми жұмысы өте жоғары бағаланып, I-орынды иеленіп оралды.
Айта кету керек, жас талаптың бұл жетістігінде оның ұстазы-физика пәнінің оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Алпамышева Қарлығаш Орынбасарқызының еңбегі өте зор. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Магистратура және PhD докторантура институтын үздікпен тәмәмдап келген жас маман колледж қабырғасында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдануда. Қарлығаш Орынбасарқызы қатарымызға жаңадан қосылса да өзінің жоғары білімді маман, инабатты ұстаз деген атқа әбден лайық екенін паш етуде.
Республика бойынша 230-дан аса талапкер қатысқан бәйгеде жүзден жүйрік болып, туған жеріміздің мерейін биіктеткен жас ғалымның бағын ашқан әріптесіміз Қарлығаш Орынбасарқызына ерен еңбегіңізді шәкірттеріңіз әрдайым ақтай берсін, биіктерден көріне беріңіз демекпіз.
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің ұжымы
