Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға…

Қызылорда облысы Әйтеке би кенті
№5 кәсіптік лицейдің математика пәнінің мұғалімі
Қараев Дархан Жылқайдарұлы

«Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға…»
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын.Сол аман ба?
О,тәңірім.Неткен жан қайырылмайтын!
Жүрегі еттен бе,әлден қоладан ба?
Ғашықпын!
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам!-деп Мұқағали ағамыз жырлаған. Бір-біріне ғашық адамдарға бас иген. Сірә бұл да тегін болмаса керек.
Құрметті  студенттер бүгінгі «Ғашықтық пен достық» күніне арналған «Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға» атты кешімізді бастаймыз.
1.Бүгінгі кешті ашып беру үшін сөз кезегін лицейіміздің директоры Елеусіз ағайға  берейік.
-Ағай сіз өз жарыңызбен қалай таныстыңыз?
-Сіздер жас болған шақтағы ғашық кездеріңіздегі ең қуанышты,бақытты сәттеріңізді мына жиналған студенттерге  үлгі ретінде, тәрбие ретінде айтып, жастық шақты бір есіңізге алыңызшы.
-Рахмет ағай.Сіздің құрметіңізге  лицейіміздің әншілері:
«_________________________________» орындауында  «______________________»  әнін арнаймыз.
2.Мұғалімдер жүрегі ғой мектептің
Дәмін татып қиындық пен еңбектің
Білім менен тәрбиені үлгі етіп
Оқушыға тура жолды көрсеттің-дей келе достар бүгін мектебіміздің оқытушыларының бірі Дәмегүл апайдың туған күні. Апайды құттықтау үшін ортаға №81 топтың жігіттерін шақырығым келіп тұр.
Дәмегүл апайдың құрметіне  апайдың сүйікті оқушысының бірі Нұрлыбектің орындауында «__________________________» әнін тарту етеміз.
3.Сіздердің назарларыңызға Мұқағали Мақатаев ағамыздың  «Махаббат диалогын» ұсынамыз. Ортада Әсет пен Нұрсаяны  қарсы алыңыздар.
4.Келесі кезекте достар сіздерге, оқытушыларға арналған тілек хаттарды оқып берсем қарсы емессіздер ме?
5.Жүрегімде сақталасың мәңгіге
Сенсіз жаным, айталмаймын әнді де
Сезіміңді маған деген байқадым
Сезім толы мөлдіреген көзіңде-деген өлең жолдарымен мектебіміздің  әншісі  Сүлейменова Әлия сіздерге «АлғашГульба0ытқы көктем»  әнін тарту етпек. Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
6.№81 топтың мақтанышы, достарының алды Шамшат сіздерге бүгінгі кештің сәнін келтірер  тамаша өлеңін арнамақ.  Ортаға Шамшатты шақырсақ.
7.Қар, жаңбыр мен дауылдарға қарамай
Бірге болып, көңілдерін қалдырмай
Сезімдерін бағалап, бірге жүрген жастарға
О,Тәңірім  жар бола көр, бағын бастан ұшырмай-деген Шамшаттың тамаша өлеңімен ортаға  мектебіміздің бар студенттерін өздерінің ғашықтығымен,адал сезімдерімен таң қалдырған ғашықтар Інкәр мен Нұрман, Азамат пен Ләззат және де Фариза мен Фаррухты  шақырғым келіп тұр.
-Сіздер алғаш қалай,қай жерде кездестіңіздер?
-Сезімдеріңіздің Махаббат екендігіне қалай көздеріңіз жетті?
-Ең бақытты сәттеріңізді атап өтсеңіздер?
-Махаббаттың мағынасын қалай түсінесіз?
Сіздерден ғашықтарға хат тасыған, махаббаттың символы ақ көгершіндерді барлық мектептің ғашық жандарына арнап ұшыруларыңызды сұраймыз.
8.Сіздердің құрметтеріңізге «_______________________» орындауында   “______________________» әнін арнаймыз.  Қошеметпен қабыл алыңыздар.
9.Осында жиналған достар   білімдеріңізге қатысы бар ойын ойнап жіберейік. Тез ойланып өзіміздің шапшаңдығымызды шыңдайық.
Ойын шарты былай: сайысқа 2 команда түседі олар 3 адамнан жасақталады да «Махаббат» сөзінен  әр мағынада әр түрлі сөздер құрайды.Ұтқан команда жеңімпаз атанады.
10.Тағы да кезекті хат оқуға береміз.
11.Келесі кезекте  достар ойын ойнасақ. Ойын ойнай білсек қандай да кештің сәні ғой.
Осы жерден 3-қызды және 3-ер баланы шығарып  ойын ойнасақ.
Ойынның шарты: Таласа алма жеу, ең бірінші болған жұпқа бағалы сыйлығымыз бар.

12.Ситуациялық  сұрақтарға кезек берейік.
-Сіз қызыңызды қараңғы түнде,тұманда қалай танисыз?
-Болашақ жігітіңіздің қандай болғанын қалайсыз?
-Қызыңыздың жақсы қасиеттерін, сізді тәнті еткен қылықтарын айтыңыз?
13.Лицейіміздің көңілді тапқыштар клубының өнерін тамашалап бір көңілімізді көтеріп қалайық. Ортада «КЛ жігіттері» қошеметпен қарсы алыңыздар.
14.Жұлдыз куә,түн куә сөздеріме
Сезімімді мен саған сездірдімде
Бар шынымды,өзіңе жайып салдым
Қарап тұрып сенің әсем мүсініңе-деген өлең жолдарымен Қанаттың орындауында осындағы барша аруларға арналған  «Қыз мүсіні» әнін тыңдасақ.
15.Ендігі кезекті біз батыл,күшті,мықты жігіттерге берсек. Ортаға 3 жігітті шығарсақ және осы ойында сіздерге серік болар 3 қыз шықса.
Ойынның шарты былай: Сіздер қыз көтеріп күштіліктеріңізбен сайысқа түсесіздер. Ең шыдамды мықты жігіт бағалы сыйлықтың иегері екенін естеріңізіге саламын. Ал ендеше іске сәт жігіттер.
16.Енді тағы да хат оқып, жасырын хаттарды таратсақ.
17.Сіздердің құрметтеріңізге «_______________________» орындауында «________________» әнін қабыл алыңыздар.
18.Ситуациялық сұрақтарға жауап берейік достар.
-Ғашық қыздың бейне кейпін сал.
-Қызыңызбен қатты ұрысып қалдыңыз ертең вечерге баруларыңыз керек, сіздің іс-әрекетіңіз қалай болмақ?
-Махаббатқа адал болуды қалай түсінесіз?
-Сіз үшін достық пен ғашықтықтың айырмашылығы неде?
19.Сіздер үшін тағы да кезекті тамаша бір әнге бергім келіп тұр достар. Ортада «_____________________» орындауында  «__________________» әнін қабыл алыңыздар.
Сонымен бүгінгі «Ғашықтық пен достық » күніне орай  ұйымдастырылған «Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға…» атты кешті  жабуға рұқсат етіңіздер, келесі  осындай тамаша кеште тағы да кездесейік- дей келе кешті биге жалғастырамы

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше