«Кім жылдам?» математикалық сайыс
Атырау облысы, Атырау қаласы
№19 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Шамғонова Мукзиза Орынғалиқызы
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: «Кім жылдам?» математикалық сайыс Презентация
5 сыныптар арасында өткізілген «Кім жылдам?» математикалық сайыс.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
І. Сайыскерлерді топтарға бөлу
ІІ. Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Математика мақал-мәтелде.
ІV. Жұмбақтағы математика.
V .Логика.
Арифметика математиканың,ал математика ғылымдардың патшасы .
К.Гаусс.
I.Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру).
Алғырлар тобы.
1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2. Шеңбердің радиусы 6см.Диаметрі қанша?
3.Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
4. Жұп цифрларды ата.
5. Санды қандай санға бөлуге болмайды?
6. Ең үлкен екі таңбалы сан?
7. Шеңбер салуға арналған құрал?
8. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?
9. 1 сағатта қанша минут бар?
Тапқырлар тобы.
1. Қандай сандар жай сандар деп аталады?
2. Қанша цифр білесің?
3. Ең кіші үш таңбалы сан?
4. Тақ цифрларды ата.
5. Метрде неше сантиметр бар?
6.Тоннада қанша киллограмм бар?
7. Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?
8. Бір ғасырда неше жыл бар?
9. Ең кіші натурал санды ата.
III. Математикалық жұмбақтар
Нәрселерді санағанда
Керек бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай (натурал сандар)
Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
шыққан тегін білесін бе? (түзу)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында (сызғыш)
IV. Мақал-сөз мәйегі
( мақал – мәтелдің жалғасын тап.)
№1.
1 . 7 рет өлшеп ,1 рет кес
2. 1 тал кессең ,10 тал ек,
3. Досыңды 3 күн сынама ,3 жыл сына .
4. Білгенің бір 9 ,білмегенің 99.
№ 2
1.Жігіт1 сырлы ,8 қырлы .
2. Ұлға 30 үйден тыю ,қызға 40 үйден тию.
3. 100 тенгең болғанша,100 досың болсын .
4. 7 жұрттың тілін біл ,7 түрлі білім іл.
Логика .
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылу керек?
Алғырлар тобы.
4 12 6 18 ?
4 2 6 3 ?
Тапқырлар тобы.
3 12 8
7 28 24
5 20 ?
