Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы
Кеңес Одағының батыры И.М.Бережной атындағы
Келлер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Боранбаева Ажар Кеңесқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда сөз таптары туралы түсінік қалыптастыр. 1-сыныпта берілген бастапқы мағлұматты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау және байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Анатілін құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың типі: дәстүрлі емес аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ЖПТ: сұрақ-жауап әдісі, талдау, Топтастыру стратегиясы, Венн диаграммасы, Гүл құрастыру әдісі, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар,Венн диаграммасы, тірек сызба. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
а/Сәлемдесу
ә/Кезекшінің мәліметі
б/Психологиялық дайындық: — Балалар, қабақ түйген не керек?
Кәне бәріміз тұрайық,
Бір-бірімізге күлімдеп
Жақсы сөздер айтайық.
Балалар орындарынан тұрып: -Кел, қасыма тұр сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
-Мен сендерге сәттілік тілеймін.Сабағымыз сәтті өтсін.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1/ Балалар, өткен сабақтарда біз «Сөз құрамы» атты үлкен тақырып өтіп едік. Кәне соны қайталайық.
-Сөз құрам жайлы не білеміз?-Сөз неден құралады екен?
-Түбір дегеніміз не?
-Қосымша қандай екі бөліктен тұрады? Олар қалай аталады?
–Жұрнақ дегеніміз ше?-Жалғау дегеніміз не?
2/ «Суретшінің» сөзін сөз құрамына талдау, тиісті белгілермен белгілеу
3/Жұрнақ пен жалғауды Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Жұрнақ Жалғау
3/Көркем жазу сәтін өткізу: қосарланған с әрпі мен сөз
ІІІ.Жаңа сабақ
1/ Кіріспе:-Балалар, жаңа ғана біз сөз құрамы жайлы білімдерімізді көрсеттік, сөзге талдау жасадық. Бүгінгі сабағымыз да сөз ұғымымен тікелей байланысты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сөз таптары туралы түсінік». Бүгін сабақта сендер сөз таптарымен танысасыңдар,оларды бір-бірінен ажыратуға үйренесіңдер.
2/Оқулықпен жұмыс жүргізу:370-жаттығу:
*Сұрақ-жауап әдісі арқылы жұмыс:-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?-Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?-Заттың сынын білдіретін сөздерге ше? Заттың санын білдіретін сөздердің сұрақтары қандай?
/оқушылардың жауаптары бойынша сұрақтарды тақтаға ілу/
Кім?Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
*Топтастыру стратегиясы арқылы берілген сөздерді тиісті сұрақтардың астына жазу,мағынасын ажырату:Күн,ата,ақ,отыз,көк,екі,жазды, шықты, үлкен,жазушы, келді, қырық,адам,үй.
3/Тірек сызба бойынша тақырыпты түсіндіру.
СӨЗ ТАПТАРЫ
ЗАТ ЕСІМ ЕТІСТІК СЫН ЕСІМ САН ЕСІМ
Кім? Кімдер? Не істеді? Қандай? Қанша?
Не?Нелер? Не қылды? Қай? Нене?
Қайтты? Нешінші?
4/Білімді пысықтау:
*373-жаттығу: Көп нүктенің орнына заттың сынын,қимылын,санын білдіретін сөздер тауып жазу. … бояу сиыр … … дәптер
… үй қар … … қалам
… ауа құс … … сызғыш
5/Сабақты бекіту:Гүл құрастыру әдісі арқылы оқушылардың білімдерін жинақтап бекіту.
ІҮ.Сабақты қорыту:
1/Рефлексия:-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Бүгін сабақта нелермен таныстық?
-Сөз таптарын не үшін білу керек?
2/Үйге тапсырма беру: 371-жаттығу, ережені жаттау.
3/Оқушылардың білімін бағалау.