Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы
Кеңес Одағының батыры И.М.Бережной атындағы
Келлер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Боранбаева Ажар Кеңесқызы
Сабақтың тақырыбы: Ондық және бірліктерден құралған сандар
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы сандарды құрастыру және ондықтар мен бірліктердің құрамы жайында оқушылардың білімдерін пысықтау және жинақтап қорыту
Сабақтың міндеттері: 1.Ондықтар мен жеке бірліктерден сандар құрастыра білу және 100-ге дейінгі сандарды дұрыс айту; санның ондықтары мен бірліктерін ажырата білу.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен сандарды сауатты жаза білу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды өз ойын жинақтап еркін жеткізе білуге,қорытынды жасап, дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ЖПТ элементтері: сұрақ-жауап, проблема қою, салыстыру, қайталау,Венн диаграммасы, т.б.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтап бекіту, дәстүрлі емес, саяхат-сабақ
Сабақтың көрнекілігі: орман көрінісі, тиін, жаңғақтар мен саңырауқұлақтар, бүрлер, тірек сызба, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1/Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
2/Психологиялық дайындық: — Балалар, қабақ түйген не керек?
Кәне бәріміз тұрайық,
Бір-бірімізге күлімдеп
Жақсы сөздер айтайық.
Балалар орындарынан тұрып: -Кел, қасыма тұр сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
-Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сабағымыз сәтті өтсін.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1/ Біз өткен сабақтарда ұзындықтың қандай өлшем бірліктерімен таныстық?
2/1дм-де неше см бар?
3/1 см-де қанша мм бар?
4/1дм-де неше мм бар?
5/ 31-бет № 3: тақтада жазылған ұзындықтың өлшем бірліктерін салыстыру.
1 см * 9 мм 1 см 8 мм * 18 мм
20 мм * 2 см 2 см 1 мм * 3 см
ІІІ.Жаңа сабақ
1/Көркем жазу сәті: 84, 48, 88, 44 сандарын жазғызу және талдау.
Неше сан жазылған? Осы сандардың жазылуында әр түрлі неше цифр қолданылған? Неше таңбалы сандар? Сол жағынан бірінші тұрған сандары нені білдіреді? Оң жағынан тұрған сандар ше?
2/Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
3/Сұрақ-жауап:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз.
-Күзде ормандағы аңдар не істейді?
4/Жұмбақ жасыру: Жаз бойы, күзде де
Ағаштан-ағашқа секіреді.
Таңертең, күндіз, кешке де,
Өзіне азық жинап жүреді. / тиін /
-Дұрыс, балалар. Бізге қонаққа тиін келіп, сендерден көмек сұрағалы тұр. Тиін немен қоректенеді? Қыста аш болмау үшін біз оған азық жинап беруге тиіспіз. Ол үшін берілген тапсырмаларды да дұрыс орындау керек. Кәне, тиінге көмек көрсетуге дайынсыңдар ма? Ендеше алға!
5/ Ағаштағы бүрлерді жинау. Тапсырмасы: 1, 5 ,9 сандарын пайдаланып, мүмкін болатын барлық екі таңбалы сандарды құрып, ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазу.
15-1 онд.+ 5 бірл. 19-1 онд.+ 9 бірл. 51-5 онд. + 1 бірл.
59-5 онд.+ 9 бірл. 91-9 онд. + 1 бірл. 95- 9 онд. + 5 бірл.
6/ Жаңғақ жинау. Тапсырмасы: өрнектердің мәнін табу.
15-5 6+4 6+4+10 40-20
13-3 3+7 7+3+10 30+10
7/ Сергіту сәті: -Ормандағы тиіннің жаңғақтары бар екен.
Жаңғақтары көп екен.
Жаңғақтарын қазір біз, жинап теріп аламыз,
Себетіне саламыз.
8/Саңырауқұлақ жинау. Тапсырмасы: 32-беттегі № 6-тапсырманы орындау.
Есеп: Асыл — 2 кг сәбіз
Әкесі -? 6 кг орам жапырақ
Шешуі: 2+6= 8 кг
Жауабы: Әкесі 8 киллограмм орам жапырақ әкелді.
9/ Сабақты бекіту: 1 10 100 сандарын Венн диаграммасы арқылы талдау.
Сабақтың қорытындысы:
1/Рефлексия: -Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бүгінгі сабақта біз не істедік?
-Тиін сендерге өте риза, сендерге рахмет айтып жатыр. Не дейміз тиінге?
2/Үйге тапсырма беріп түсіндіру: 32-беттегі № 7-есепті орындау.
3/Сабағымыз математика деп аталады
Алғырлықты, тапқырлықты ұнатады.
Тәртіп сақтап, белсенділік танытқан
Тек сол оқушы жақсы баға алады-дей келе оқушылардың білімін бағалау.