«Әңгіме жанрын оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі»
Алиева Гүлім Сабитбекқызы
Астана гуманитарлық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
оқытушысы, әдіскер
Бүгінгі күнде елді елең еткізіп, өзінің тиімділігінің нәтижесінде біздің оқыту жүйемізге еніп жатқан бірнеше жаңа педагогикалық технологиялар жеткілікті. Педагогикалық жүйе тәжірибеде: а) дидактикалық мақсат, ә) оқыту технологиялары арқылы жүзеге асады. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс- әрекетін, өз мүмкіндігін ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс.
Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі- «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияны әңгімені оқытуда пайдалану өте тиімді. Технология үш кезеңнен тұрады:
І. Ой шақыру;
ІІ. Мағынаны тану;
ІІІ. Ой толғаныс.
Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар өзара тығыз байланысты. Әр кезеңнің тиімді стратегиялары бар.
І. Ой шақыру кезеңі.
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Қолданылатын әдістер
Оқушының тақырып жайында не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту. Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз көршісімен бөлісіп ойын ортаға салады және жаңа білім жайлы болжамдар жасап, сұрақтар қояды. – Кесте стратегиясы
– Топтау стратегиясы
– Сұрақ стратегиясы, т. б.
ІІ. Мағынаны тану
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Қолданылатын әдістер
Оқушы қызығушылығын сақтау, бұрынғы білетіндері арқылы біртіндеп жаңа білімді игеру. Оқушы мәтінді оқиды, тыңдайды. Әр түрлі белгілер қойып, оны талдайды, жазбаша жұмыс түрлерін жүргізеді, көптеген тапсырмалар орындайды, яғни жаңа білімді өзі игеруге әрекет жасайды. – Сұрақ стратегиясы;
– Күнделік стратегиясы,
– Джик со стратегиясы т. б.
ІІІ. Ой толғаныс.
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Қолданылатын әдістер
Оқушының сабақтың басында жасалған жұмысына қайта келіп оны толықтыру, өзгеріс енгізу. Жаңа ақпарат арқылы бұрын білетінін толықтыру, яғни не үйренгенін саралау. – Кесте стратегиясы
– Синквейн стратегиясы
– Эссе стратегиясы, т. б.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы көптеген стратегиялардан немесе әдістерден тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар. Енді сол әдістердің ішінде қайсысы әдебиет сабақтарында әңгімені оқытуда тиімді екенін қарастырып көрейік.
І. Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Бұл әдісте оқушы әңгіме мәтіні бойынша өз ойын жазбаша білдіреді де, мынадай тапсырмаларды орындайды.
1)
Бұл тақырып бойынша маған не белгілі еді? Тақырыптан мен қандай жаңа ақпарат алдым?
2)
Мәтіннен үзінді Мәтін туралы пікір
«Мәтіннен үзінді» бөліміне оқушы мәтіннің өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын немесе керісінше, қарсы пікір тудыратынын, кейде келіспейтін тұстарын жазады. Келесі бағанға оқушы мәтіннен келтірілген үзінді туралы өз пікірін білдіреді, яғни, ол түс несімен әсер етті, нені еске түсірді, жалпы себебін түсіндіреді. Күнделік жазғаннан кейін жұпта талқылау, топпен ой бөлісу жұмысын жүргізуге болады.
3)
Мәтіннен үзінді Осы үзінді маған несімен әсер етті? Мұғалімге сұрақ
Бұл әдіс арқылы оқушы мәтінмен ғана емес, сонымен қатар оқығаны туралы мұғаліммен де бөліседі. Күнделікті жазу арқылы оқушы жаңа сабақты өзі меңгеруге әрекет жасайды. Күнделікті нақты тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушының ойлау әрекеті туындайды. Ол тықырыптан не үйренгенін және оған әсер еткен тұстары, әсердің себеп- салдарын түсіндіруге тырысады. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай күнделіктің басқа түрлерін де ұйымдасыруына болады. Күнделік жазу әдісін «мағынаны тану», «ой толғаныс» кезеңдерінде мәтін мазмұнын меңгеруде және талдауда қолданамыз.
ІІ. Сұрақтар стратегиясы.
Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады. Бірі- күрделі, екіншісі- жеңіл. Оқушыға сұрақ қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады? Қызығушылықтан, білмдіктен, біреулерді тексеру үшін, т. б. сұрақ ойдан туады. Өз тыныштығын қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды, өйткені сқрақ ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай сұрақ қоямын, қалай қоямын т. б. сұрақ қою әдісін сабақтың үш кезеңінде де, әсіресе әңгіме мәтінін талдауда пайдалануға болады.
Жеңіл Күрделі
Неге? Сен қалай ойлайсың?
ІІІ. Синквейн стратегиясы
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
– Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
– Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
– Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
– Төртінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
– Бесінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем.
Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Өнер.
5. Күй- адам сезімінің көрінісі.
IV. Топтау стратегиясы
VII сыныпта «Күй аңызы» әңгімесін өткенде сен «күй» деген ұғым туралы не білесің? Деген сұрақ бойынша жасаған оқушының жұмысына назар аударайық.
V. Эссе стратегиясы
Эссе- публистикалық жанр. Оқушының әңгімеден алған әсерін шағын эссе жазуынан көруге болады. Осы кезде бұл әдіс жиі қолданылып жүр.
Аталғандардан басқа да стратегиялар сабақтарда тиімді пайдаланылып, жақсы нәтиже беріп жүр.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы дамыта оқыту жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Атап айтсақ, «жоғары қиындықта оқыту», «баланың оқу процесін сезінуі», «балалардың барлығын дамыту», т. б. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2. оқушыларға ойланып- толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдану.
5. кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6. оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал, оқушылар осыған байланысты:
– сенімділікпен жұмыс жасау;
– Бар ынтасымен оқуға берілу;
– Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
– Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек, сонда ғана олар:
– мен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білемін?
– осы мазмұнда алған ақпарат менің бұрынғы осы тақырып туралы білетініме сәйкес келеді?
– осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Жаңа технологиялар қатарынан педагогикалық шеберхана технологиясының да әңгіме жанрын оқытудағы тиімділігін ерекше атауға болады. Педагогикалық шеберліктің мәні неде? Біріншіден, оқытудың мәні білмейтіндерге білім беру емес, ұйымдастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Екіншіден, шеберханада «Мен сияқты істе, менен де артық істе» деген қағиданы басшылыққа алады.
Шеберхана міндеттері:
– қатысушылар шығармашылыққа, өзін- өзі дамытушылыққа қабілетті, сондықтан барлығын тең санау керек, әр баланы сөйлетуге тырысу керек;
– оқушыларды мұғалім емес, олар өздері бірін- бірі бағалайды, өзін-өзі түзету, тәрбиелеу қолданылады.
– тапсырманы таңдау, талдау түрлерін анықтау, қорытындылау шебердің таңдауымен ұйымдастырылады.
Технология мұғалімнің үлкен дайындығын, ізденісін қажет етеді. Ал, шеберхана барысында ол тек бағын- бағдар беруші ролінде болады.
Педагогикалық шеберхананың кезеңдері:
І. Индукция- тақырыпты ашуда индуктор қолданылады. Ол кез- келген зат- дыбыс, сурет, құбылыс, сөз, мәтін, т. б. болуы мүмкін. Оқушылар индуктор арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.
ІІ. Деконструкция- тірек сызбаға сүйеніп, ойларын жинақтайды. Өз біліміне сүйеніп, тақырып бойынша білетінін қолданады.
ІІІ. Реконструкция- балалар мәтінмен жұмыс жасайды. Қосымша мәліметтер алады.
IV. Әлеуметтендіру- оқушылар тақырыпқа қатысты шығарашылық жұмыстармен айналысады.
V. Жарнамалау- әр оқушы не топ шығармашылық жұмыстарын өзге топ алдында қорғайды.
VI. Үзіліс- балалар білетіні мен білгенін салыстырып, ойларын жинақтайды. Тақырыпты қорытындылайды.
VII. Рефлекция- әр оқушыға шеберхана барысындағы сезімін ашық айтуға мүмкіндік беріледі.
Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтановтың «Күй аңызы » әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға автор өмірінен мәлімет беру. «Күй аңызы» әңгімесінің мазмұнын меғгерту.
2.Дамытушылық. Өтілген материялды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау, сөздік қорын молайтып, топ алдында дұрыс сөйлеу техникасын қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі. Оқушылардың эстетикалық сезіміне әсер ете отырып, күй құдіретін түсінуге баулу, кейіпкерлер іс- әрекетін үлгі ете отырып адамершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі: Дәстүрден тыс.
Сабақтың әдісі: педагогикалық шеберхана технллогиясы.
Сабақтың көрнекілігі. Домбыра, қобыз, сыбызғы суреттері, кестелер үнтаспа т.б.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, музыка.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру. 1.Сәлемдесу.
2. Танысу.
3. Түгелдеу.
II.Жаңа сабақ.
I.Индукция. Бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушылар өздерің ашасыңдар, сондықтан әр нәрсеге мұқият назар аударып, отырыңдар.(үн тасмпадан күй тыңдалады)
-Жаңа ғана мендер үнтаспадан тыңдаған музыкалық әуен қалай аталады?
– Күй.
– Ендеше бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Т. Ахтановтың «Күй аңызы »әңгімесі.
II.Деконструкция. Енді осы күй ұғымының мағынасын кеңірек ашып көрейікші. Алдарыңдағы қағазға «Күй»сөзін топтастырыңдар.
Музыкалық жанр
Жүректен шығады Құдіреті күшті әуен
Орындаушысы болады. Адам сезіміне әсер етеді.
Енді дәперге мына кестені сызып бірінші бағанын толтырыңдар.
Білемін. Білдім Білгім келеді.
Күй жүректен шығады
Күйдің орындаушысы болады.
Күй- музыкалық жанр.
Қалған екі бағанын сабақ соңында толтырамыз.
III.Реконструкция. Әңгіме авторы туралы мәлімет алайық.( Дәптерлеріне қысқышы жаздырып отыру.)
Әңгіме мәтінімен жұмыс жасайық.Алдын ала мұғалім белгілеп келген әңгіменің сюжеттік желісін қамтитын бөлімдерді оқытып, мәтінмен таныстыру. Мәтінді оқу барысында түсініксіз сөздермен жұмыс жасалып отырады.
Әңгімені оқи отырып, бөлімдерге ат қойып кетейік.
I.бөлім- «екі күйші сапары »
II.бөлім-«Аруана зары»
III.бөлім.-«Сұлулыққа сүйсіну»
IV.бөлім- «Күй құдіреті»
V.бөлім-«Қыз айласы»
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу үшін , кейіпкерлер іс-әрекетін есепке ала отырып, мәтінді талдап өтейік.
Кейіпкер Кейіпкерге мінездеме Қай әрекеті тартымды?
Естемес Ақылды, өнерлі, Қыздың ойын түсініп,
бақытсыз. Домбырысын жас жігітке
ұсынуы
V.Жарнамалау. Әр топ өздерінің шығармашылық жұмыстарын басқа топтар алдында қорғап шықсын. (Топтардың жұмыстары тыңдалып, қошемет көрсетіледі.)
VI.Үзіліс. Ендісабақтың басындағы кестеге қайта орлып, қалған екібағанын толтырып шығайық.
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
VII.Үйге тапсырма. Бір- бір күйдің шығу тарихын, бір- бір күйшінің өмірін зеттеп, ізденіп келіңдер.
Бағалау. Оқушылар, не әр топ бірін-бірі бағалайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
3. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. Алматы: мектеп, 1977 ж.
4. Дайыр Ә. Айтқашев. Қ., Құрманбаева Г., Беркімбаева Ш. Әдебиет. 5- сынып. – Алматы: Атамұра, 2001 ж.
5. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 5- сынып. –Алматы: Рауан, 1996 ж.
6. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы. 1982 ж.
7. Құрманбаева Г., Жұматаева Е. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 5- сынып. Алмты: Атамұра, 2003ж.
8. Құтқожина Р., Бітібаева Қ. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 7- сынып. – Алматы: Атамұра, 2003 ж.
9. Құтқожина Р. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 7- сынып. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
