С.Мұқановтың прозалық туындысы («Ботагөз» романы)

Алиева Гүлім Сабитбекқызы
Астана гуманитарлық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
оқытушысы, әдіскер

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік, ізденушілік сипаттағы жұмыстар арқылы С.Мұқанов шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
Дамытушылығы: шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге,
өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
Тәрбиелігі: Шығармадағы проблеманы көтере отырып, ел, Отан, болашақ
алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, Сын тұрғысынан ойлау жобасы.
Пәнаралық байланыс: тарих, мәнерлеп оқу, математика, музыка
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұқанов портреті, кітаптарынан көрме, кеспе-парақшалар, слайдтар.
Сабақтың өту барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ
ІY.Қорытынды
Y. Үйге тапсырма
YI. Бағалау
І. Ұйымдастыру.  – Сәлеметсіздер ме?
-Бүгінгі сабағымыз ерекше, дәстүрлі емес сабақ түрінде өтеді.
-Сабақты бастамас бұрын топқа бөлінуіміз керек.
-Сонымен бөліп болсақ, әр топ өзіне топ басшысын сайлайды. Топ басшысы, мен берген бағалау парағы бойынша сабақ соңында оқушыларды бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасы.
• Үйге:С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы оқып, бір өлеңін жаттау.
• Семантикалық картамен жұмыс (әр топқа қағаз таратып беремін, кестені толтырады).5 минут)
• Семантикалық картаны қорғап шығады. (әр топқа 3 минут)
• С.Мұқановтың өлеңдерінен жатқа үзінді оқу. (әр топтан екі оқушы, 7мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақ әдебиетінің проза жанрының өсіп-өркендеуіне Сәбит Мұқанов үздік еңбек еткен, бұл жанрды көш ілгері өсірген жазушы.
• С.Мұқанов туралы үнтаспа көрсету.(3мин.слайд,музыка)
• Сәбит Мұқановтың қандай прозалық шығармаларын білесіңдер? «Ботагөз», «Мөлдір махаббат», «Сұлушаш», «Адасқандар», «Өмір мектебі», «Менің мектептерім», «Есею жылдары» , «Сырдария» -сияқты романдары, кейіннен «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат»-очерктері, «Балуан Шолақ» повесін жазған. Осы шығармаларының ішіндегі жақсы,көркем жазылғаны ең жоғарғы баға алып, халықтың төл шығармасындай болып кеткені «Ботагөз» романы екенін атап айту қажет. (шығармалары бойынша слайд көрсету).
• Бүгін біз сіздермен «Ботагөз» романын оқып, талдаймыз.(слайд)
1.Ой шақыру.(5мин) «Ботагөз» (немесе Жұмбақ жалау бұрынғы аты ) деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Соны жазып шығыңдар.
А) жеке жазады
Ә) топта талдайды
Б) біреуі қорғайды
• «Ботагөз»романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлім «Тұңғиықта»-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған. Екінші бөлімі- «Таң атарда» қазақ арасындағы бай мен кедейдің наразылығы үдей түсуі, әсіресе 1916жыл оқиғасына байланысты таптық күрестің өршуі, патшаның Июнь жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады. Үшінші бөлімі – «Күн күлімдегенде» Октябрь революциясы кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын, қазақ даласында жаңа өмірдің алғашқы ұшқындары ене бастаған кезеңді қамтиды.
2.«Ботагөз» романынан үзінді оқу. (әр топқа 5 мин, музыка қосып қою)
3.Топтастыру стратегиясы: Шығармадағы кейіпкерлер Ботагөз, Асқар Итбай
бейнесін, мінез-құлықтарын ашып көрсету. (5 мин жазу)
• Топтастыру стратегиясы бойынша жазғандарын жарнамалап түсіндіру (әр топқа 3мин)
4.Сұрақ-жауап. Романдағы көтерілген мәселеге байланысты қандай сұрақтар туындатуға болады? Өздері қойған сұрақтарды тақтаға жазып қоямын. Мысалы,
5.РАФТ стратегиясы (7-8мин, музыка тыңдату)
Р А Ф Т
Есік
Қалам
Жел
Жаулық
хат Бөлме
Дала
Қағаз
Бас
Стол
Мақала
Әңгіме
Ертегі
Эссе
Хат
Шығарма
т.б. «Ашылған сәт»
«Асанның үйі»
«Қаламнан туған сырлы хат»
«Ақ жаулық»
«Жан айқайы»

• РАФТ стратегиясы бойынша жазғандарын оқып береді (әр топтан екі оқушы, 5мин)
6.Галереяға саяхат (Балалар сабақтан алған әсерлерін, не тілегін 1 сөйлеммен жазады.3 мин)
IY.Қорытынды.
7.БББ стратегиясы (Инцерт, 3мин)
білемін білгенім Білгім келеді

Сәбит Мұқанов- көркем сөз өнерінің шын мәніндегі шебері дәрежесіне озық ойлы орыс әдебиетінің, одан қалды дүниежүзілік мәдениеттің шалқар айдынында еркін жүзіп, оның терең тұнығынан гауһар іздегендей көп еңбектенудің арқасында барып жетті. Сәбит Мұқанов – ең алдымен, ұлы жазушы. Қазақ прозасының деңгейін еуропалық дәрежеге дейін көтерді. Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін қозғаған. «Ботагөз» романы – қазақ әдебиетін сатыға алғаш көтерген, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетінің қазына қорына енген, көркемдік идеялық нысанасы жоғары, кесек шығарма.
Y.Үйге тапсырма

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше