Мектептегі бір мезет: Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы

Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.
/Уильям Уор/
Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған кез келген ұлт,ең алдымен,жастарға оқу-білім берумен қатар тәрбие беру ісін де дұрыс жолға қоюы тиіс.Адамның бойына жақсы адамгершілік сіңісуі өнер білімді игеруі тәрбиеге,өскен ортаға,үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты.Осыны жақсы түсінген халқымыз «ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»деп ұлағатты ұстаз еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана , іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені қазіргі білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. . Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Бүгін ой қозғағалы отырған ұстаздарым, қазіргі таңда ақылшы әріптестерім Ақкөл орта мектебінде білім нәрімен сусындандырып жүрген біліктілігі жоғары деңгейдегі информатика және математика пәнінің І санатты мұғалімі Маштиева Баян Зиядиновна мен біліктілігі жоғары деңгейдегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шайхыгалиева Бигайша Сагадатовна.
Шайхыгалиева Бигайша Сагадатовна.Білімі:Жоғары
Еңбек өтілі: 30жыл Ақкөл орта мектебінде 2006 жылдан бері өз ұстаздық жолын жалғастыруда.Бигайша Сагадатовна білім беруде оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарында оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып,сабағын қызықты да тартымды,жоғары деңгейде өткізеді.Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сөз байлығы мен дүниетанымдарын арттыру мәселесі бойынша жұмыс істеп,оқушылардың көркем әдеби шығармаларды оқуына,әдеби тілде сөйлеуіне көп көңіл бөледі,шешендік өнерге баулиды.Шәкірттерінің ойлау қабілетін арттыруда оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып,жекелей,топпен жұмыс жүргізеді және белгілі бір нәтиже алғанша тыным таппайды.Оқушылары аудандық пән олимпиадасына,түрлі байқауларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр.Атап айтсақ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушысы Сайлауова Жазира 2013-2014оқу жылында Іорынға ие болып,облыстық пән олимпиадасына жолдама алса, 2014-2015 оқу жылында ІІІ орынға ие болды.Сонымен қатар өз білімін жетілдіру мақсатында жыл сайын мұғалімдер және оқушылар арасында өтетін арақашықтық пән олимпиадасына белсене қатысып,жоғары нәтижелер көрсетіп,арнайы сертификаттарға ие.Сөзге шешен,өзінің және оқушыларының әдеби сөз байлығымен көркемдеп жазған көптеген мақалалары аудандық,облыстық сайттарда, газет беттерінде,баспаларда жариялануда.Атап айтсақ: «Лидер» республикалық журналы, «Зерен», «Мектеп жаршысы» аудандық газеттерінде.Ұстаз өмір талабына сай болу үшін біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыруға ат салысады,яғни интернет жүйесі арқылы Алғашқы Президент күніне орай өткен«Лидер Страны» атты республикалық конкурста
8 «А» сынып оқушысы Толеуова Динара қатысып,белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.Сонымен қатар «Азбука KZ» сайттарында пән бойынша ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар талдамалары жарияланып, белсенділік үшін «Алғыс хатқа»ие болды.Осындай ұстаздық еңбек жолында Бигайша Сагадатовна үлгілі отбасының ұйытқысы болып,төрт баланың аяулы анасы,мейірімді әже,әрі келініне сырлас ақылшы деп сеніммен айта аламыз.
«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алатын өз ісінің маманы Маштиева Баян Зиядиновна.Білімі:Жоғары І санатты математика және информатика пәнінің мұғалімі. Баян Зиядиновна Ақкөл орта мектебінде 2004 жылдан бері жұмыс атқарып жүр.Осы ұжымға тастай батып,судай сіңген ұстаз еңбек жолында көптеген игі істермен,жетістіктерімен көзге түсіп,өнегелі ұстаз қатарынан орын алады десем артық болмас.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету ұстанымын жадында ұстайды.Қазіргі таңда информатика пәнінің мұғалімінің сабақтан тыс жұмыстары жетерлік және оны дер кезінде орындау міндеті тағы бар,яғни қоғамдық жұмыстарға мектеп сайты, мектеп газетінің редакторы ретінде жұмыстар атқаруда.Әйтседе,көмек сұраған кіші болсын, үлкен болсын қол ұшын аямайды,жас мамандарға жан-жақты ізденуге,тәжірибе алмасуда мол септігін тигізеді.Мұғалім әрқашан ізденіс үстінде десем артық болмас ,оған дәлел ретінде соңғы екі жылдың жетістіктерін атап өтуді жөн көрдім. «Менің инновациялық сабағым»атты І халықаралық оқытушылар сайысында «За внедрение инновации» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды,Алматы қаласында өткен VIІІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестиваліне қатысқаны үшін,
« Электрондық оқыту жүйесін басқару технологиясы» тақырыбы бойынша облыстық конференцияда өз жұмысын қорғап сертификатпен марапатталды.Республикалық, облыстық,аудандық басылымдарда мақалалары жарық көрген. «Математика Қазақстан мектебінде», «Современная образования в школе»журналдарында, «Зерен», «Мектеп жаршысы» газеттерінде,интернет ресурстарында « Azbuka.kz.», «Ustaz.kz.», «edukon.ru», «конспекты –уроков.ru»,өз тәжірибесімен бөлісуге келсек, «Программа факультативного курса по математике» брошюрасы, «Есептер шығару практикумы» атты әдістемелік құралы, оқушысы Сайлауова Жазира «Симметрия сәндікке жетелейді» атты ғылыми жобасын ауданда қорғап І орынды иеленді,шәкірті Алпыспаев Артем облыстық ғылыми жобалар сайысында «Web программалау» тақырыбын қорғап сертификатпен марапатталды,
«Математика для всех» атты халықаралық олимпиадада оқушысы Калиева Камила ІІІ орынға ие болды. «Ақбота»интеллектуалды білім марафонында Мұхаметәлі Арулан ІІІ орынды иеленсе,көптеген оқушылары математика және информатика пәндерінен жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болады.Сонымен қатар, «Об авторской публикации электронного журнала педагогических материалов» тақырыбы аясында алтын сертификатпен, «За подготовку учащихся к дистанционному конкурсу» халықаралық интеллектуалды «Эдуконец» интернет марафонының сертификатымен,Аудан әкімшілігінің, «За помощь в организаций и проведений конкурса проекта Новый урок» алғыс хатымен,мектеп,ауыл әкімшілігі және Аудан оқу бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.Мінекей, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.» деп К.Д.Ушинский айтқандай Баян Зиядиновнаға әрқашан биік шыңдардан көрініп, өз білімін үздіксіз көтеріп отыруына, бүгінгі еліміздің болашағына білім беруде, тәрбиелеуде қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін.
