Без рубрики

Әдебиет сабағындағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері.

Алиева Гүлім Сабитбекқызы
Астана гуманитарлық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
оқытушысы, әдіскер

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік, ізденушілік сипаттағы жұмыстар арқылы әдебиет сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдаланудың тиімділігін ашу.
Дамытушылығы: алған білімдерінің эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, Сын тұрғысынан ойлау жобасы.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, математика.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе-парақшалар, слайдтар.
Сабақтың өту барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту (Үй тапсырмасын сұрау).
ІІІ.Мағынаны таныту (Жаңа сабақ).
ІY. «Өзіңді-өзің сынап көр» шығармашылық жұмыс.
Y. Қорытынды
YI.Үйге тапсырма
ҮІ.Бағалау
І. Ұйымдастыру. — Сәлеметсіздер ме?
-Сабақты бастамас бұрын топқа бөлінуіміз керек.
-Ал, топқа бөліну үшін мына математикалық фигураларды пайдаланып, әркім өзіне ұнаған фигураны таңдап алады. Сосын төртбұрыш -1 дөңгелек столға, үшбұрыш – 2 дөңгелек столға, дөңгелек — 3 столға отырады.
-Сонымен бөліп болсақ, әр топ өзіне топ басшысын сайлайды. Топ басшысы, мен берген бағалау парағы бойынша сабақ соңында оқушыларды бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасы.
• Үйге: Әдебиет сабағындағы сабақтың түрлері мен үлгілері.
• Топтастыру (әдебиет сабағындағы сабақтың түрлерін топтастыру).3 минут)
• Топтастыруды қорғау. (әр топқа 5 минут)
• Сұрақтарға жауап беру. (7 мин)
-Сабақтың қандай түрлерін білеміз?
-Дәріс сабағының тиімділігі қандай?
-Екі немесе бірнеше пәндерге байланысты сабақтың түрін білесіңдер?
-Сот сабағының тиімділігі қандай?
-Қайталау, қорытынды сабақтардың түрі қандай?
-Жаңа инновациялық технология сабақтарын атаңдар.
ІІІ. Мағынаны таныту (Жаңа сабақ)
1.Ой шақыру.(5мин) «Көрнекілік» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Соны жазып шығыңдар.
А) жеке жазады
Ә) топта талдайды
Б) біреуі қорғайды
2. БББ стратегиясы (Инцерт, 1 мин)
Білемін Білгенім Білгім келеді

3. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы зор. Жалпы таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын филиолог ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. «Көрнекілік» дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді.
Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.
Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:
1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер,экранды және техникалық құралдар жатады.
2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.
3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.
Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. (20мин)
ІY. «Өзіңді-өзің сынап көр» шығармашылық жұмыс.
Әр топ әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері бойынша біреуін таңдап көрнекіліктің түрін таңдап байланыс жасаймыз. (5 мин жазу)
• Шығармашылық жұмысы бойынша жазғандарын жарнамалап түсіндіру (әр топқа 3мин)
— Галереяға саяхат (Балалар сабақтан алған әсерлерін, не тілегін 1 сөйлеммен жазады. 3 мин)
Y.Қорытынды.
— БББ стратегиясын аяқтап жазу (әр топтан өз жазғандарын оқып береді 3мин)
Білемін Білгенім Білгім келеді

YІ.Үйге тапсырма. Дәрісті толықтырып жазу, көрнекілік түрлерінің үлгілерін жасау.
YIІ.Бағалау. Топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша бағаланады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.