Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,
Кенес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы
Келлер орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жақыпова Б.А.
Пән: Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл.Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Өзен, көлдер жайында танымын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
Қазақстанның өзен, көлдерін білуге және олардың қандай пайдасы екендігін аша келе, табиғатты сүюге, суды қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ- жауап, әңгімілеу, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, жұмбақ шешу, проблемалық жағдай туғызу, поэзиялық сәт
Сабақтың құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Сұрақ-жауап арқылы:
-Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр? Оларға нелер жатады?(слайд)
-Табиғатта су неше күйде болады?
-Жер асты суы қалай пайда болады?
-Бұлақ қандай жерден шығады?
-Жер асты суын қалай алып пайдаланады?
-Артезиан құдының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?
2. «Жер асты суы.» тақырыбын әңгімелеу.(2-3 оқушы)
ІІІ. Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.
Жазда сылдыр қағады,
Қыста тыным табады. (Өзен)
Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын. (Көл)
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өзен және көл. Суды қорғау.» (слайд) Біздің мақсатымыз өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен танысу. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерімізді кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіну. Өзен, көлдер жайында танымымызды арттыру.(слайд)
ІV.Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру. Презентация арқылы.
1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы.(Дәптерге жаздыру)
2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.
4) Көлдер.Көлдердің көлемі әр түрлі болады.Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды.Ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді.Ірі көлдерде теңіздегі сияқты үлкен кемелер жүзеді.
Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.
Қазақстанда тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш-жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады.Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
6) Суды қорғау. Адам тәулігіне ішуге 2-3 литр су жұмсайды.
Басқа қажетіне 10 литрден асады.
Жер бетін үштен екісін су алып жатқанымен су жетіспейді .
(Проблемалық жағдай туғызу)-Неге деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау.
Мұғалімнің әңгімесі.
Судың жетіспейтініне екі себебі бар:
1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.
2)Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады.
Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған:
Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
V.Сабақты бекіту. (Слайдтарға қайта оралу.)
-Өзен қандай бөліктерден тұрады?
-Тұзды көл қалай пайда болады?
-Жасанды көл қалай жасалады?
-«Су анасы-бұлақ» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
VІ.Поэзиялық сәт.
Біздің ақын-жазушыларымыз табиғаттың әсемдік, сұлулық, көркемдік байлығын өздерінің әңгімелерінде, өлеңдерінде жырлаған.
Бүгінгі тақырыбымызға тікелей байланысты Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін ұсынамын.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап ,тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады…
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан-алуан балығында..
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
VІІ.Үй тапсырмасы: «Өзен және көл» тақырыбын түсініп оқып,өзен бөліктерін тірек сызба түрінде дәптерге жазу.
VІІІ.Қорытынды. -Сабақта не білдіңдер?
4 топқа карточкалар беріп, сұрақтарға жауап алу.
Өзеннің бөліктерін жазыңдар:
Көлдің қандай түрлері болады?
Тұзды көлдерді атаңдар:
Баяу ағатын өзенді атаңдар:
ІХ. Бағалау.
Қолданылған деректер
1. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетов, Қ. Аймағамбетова. 2-басылымы, өңделген – Алматы: Атамұра, 2003/
2. Интернет қорын суреттеу материалдарын іздеу үшін қолдану.