ТОҚЫМА ӨНЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Ақтөбе облысы Шалқар қала№2 мектеп – гимназияның
технология пән мұғалімі технология пән мұғалімі
Сапар Гүлмирам Әбдірқызы
ТОҚЫМА ӨНЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Білім саласындағы кез-келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.Мектептегі технология пәні басқа пәндерге ұқсамайтын,өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.Технология пәнінің базалық мазмұны оқушылардың болашаақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін дамытады,өздерін өздері танып білулеріне технология әлемін зерделеуіне,әр түрлі кәсіби салалар бойынша қабілеттіліктерін,біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады.Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын.Қазіргі таңда жеке тұлғаға бағытталған сабақ-бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес,сондай-ақ оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәрбиесін үнемі назарға ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі болып табылады.Бүгінгі танда білімнің мемлекеттік сдандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнына түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Талантты және дарында тоқушылардың даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.
Оқу тәрбие жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде.Мектепте оқушылардың қол өнер саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі.
Көп жағдайда жеке дара, топпен және кіріктілілген презентация түрінде жүргізіледі.Қазіргі танда ұлттық ерекшеліктермен жасалған бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қол өнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырады.Бұл мәселені шешудегі негізгі себеп оқушы жастарды жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуге өз бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндектерін іске асыруға даярлау.
Әр елдің тарихының көркемдік бейнесі сол ұлттың қол өнері десек қазіргі кезде соның ішінде тоқыма өнеріне ден қоюда.Бағдарламаға сай тақырыптық бөлімдерде істелетін жұмыстардың оқушыларды тоқыма өнеріне деген шығармашылық қабілеттерін жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттырып,сабаққа деген белсенділік қабілеттерін дамытады. Халқымыздың қол өнеріне оқушыларды баулып, оларды белгілі бір өнерге үйрету керек.Негігзі мақсат оқушыларды тоқуға үйрету ғана емес, одан өнер туындыларын жасауға баулу.
Қазіргі кезде күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл-желпі заттарды станоксыз да қолмен тоқуға болады.Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін қарапайым, әрі тиімді өнер.
Тоқыма қол өнердің ең көне және кең таралған түрі.Мектепте оқушылардың тоқыма өнеріне деген қабілеттері арттыру мақсатында кілем тоқу, шілтер тоқу, кесте тоқу, бисермен тоқу, т.б. түрлерін кең көлемде үйретемін.
Өрнектің түр – түрін ойлап шығару мүмкіндігі-тоқыма өнеріне деген қызығушылықты арттыра түседі. Ал тоқыма өнерінің түрі шексіз деп айтса артық болмас. Тоқып үйренген соң, бұл өрнектерді өзімізге де ойластырып шығаруға болады.Адамдар барлық уақытта қандай да дәуірде өмір сүрсе де және олдардың өміріндегі әдет-ғұрыптарына қарамастан әдемі орындалған бұйымдар барлық уақытта қызықтырады, қиялдауға жетелейді. Сондықтан да дұрыс ұйымдастырылған сабақ жоспары оқушының жеке басының қабілетіне байланысты, өнерде үйренеді.
Үйрену және үйрету барысында сол өнер туралы білім беріледі. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен «Шебер қолдар» атты үйірме жүргіземін. Тоқыма өнерінің бисермен тоқу түрін жете меңгеріп мақаламыз жарияланса, «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз» атты сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылық қалалық көрмесіне оқушыларын дайындаған бұйымдарынан жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Бұл бөлімде оқушыларды тоқу өнерінің түрлерімен таныстырамын.
1. Шілтер, жастықты тоқу, кілеммен тоқу, қуыршақ тоқу.
2. Шәлі, мойынорауыш, шұлық, қолғап, т.б. бұйымдарды сыммен тоқу.
Менің тоқу инесімен тоқуды үйрету мақсатым – оқушылардың бұл өнерге қызығушылығын арттыру, тоқылған бұйымға қойылған эстетикалық тағамын жоғарылату, ол бұйымдарды қазіргі тұрмыста пайдалан білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға тоқуға қажетті жіпті дүкеннен таба алмаған жағдайда, үйдегі әртүрлі жіптерді пайдаланса және де жарамсыз бұйымдарды тарқатып та жібін алуға болатынын естеріңе саламыз.
Тоқыма өнерінің шығармашылық жұмыс жасарда, оқушы алдына мақсат қойып жоспар жасайды. Тоқу әдісінің ерекшелігін, алуан түрлілігін, оқушылар қызығушылық таныта отырып меңгергенін көпшілікке дәріптеу мақсатында теледидардан көрініп, шығармашылық жұмыстарын көремелерге, жәрмеңкелерге дайындау, сабақтың тартымдылығын арттырып, оның қызықты да,нәтижелі өтуіне ықпал етеді.7-9 сыныптағы оқушылардың жас ерекшелегін есере отырып,бірнеше тоқыма өнеріне тоқталамыз.
Мысалы:Гүл вазаларының астына қоятын шілтер,ыстық тағам ұстайтын тұтқыш, шәйнек астына қоятын дөңгелек,сыйлықтық қоржын т.б.Соның ішінеде сабақ жоспары бойынша оқушылардың тоқып үйренетін жейде, сыйлықтық қолдорба, мойынорауыш, қалпақ екенін ескертемін.Тоқу сабақтарының барлығында қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап отыру қажет.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының қолөнер түрі өте көп. Соның бір ғана түрі тоқыма өнерін тілге тиек ете отырып, технология пәні қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шымдап болашақ Қазақстан қолөнерін дамытудың бірден-*бір бастар жолы екеніне толық сенімдемін.Жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Казіргі заман интерьері тоқыма қолөнер шығармашылығы саласынан білімділікті, бейімділікті, кәсіпкерлік шеберлікті, үлкен бір шығармашылықты, өзіндік стильді талап етеді.
Заман талабына сай мектепте сәндік-қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан тоқыма өнеріне үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселенің бірі болып отыр. Қазір тоқыма өнерінің шарықтап етек жайған уақытында оқушыларға кесте тоқу, кілем, гобелен, бисермен тоқу және әртүрлі тоқыма өнерін үйретуді мектеп бағдарламаларына көбірек енгізіп, оқушының шығармашылық қабілеттерін жандандырса, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдениетін көтеру арқылы ұлттық деңгейімізді көтерер едік. Альберх Дюрердің «Перед тобой различные искусство, выбери из них одно, которое должно пойти тебе на пользу, изучи его, не унывай и не теряй терпение из-за трудностей, пока ты не достигнешь того, что оно станет тебе доставлять тебе радость», – деп айтқанындай, тоқу өнерінің ұзақтығы мен қиындығына қарамастан ұлттық өнерімізді жалғастырып, ұлттық мәдениетімізді көтеруге өз үлесімізді қоса берейік.
