Без рубрики

Электролиттік диссоциация тұрғысынан электролиттердің қасиеттері.

Сабақтың тақырыбы:  Электролиттік диссоциация тұрғысынан   электролиттердің қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушылардың электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың,негіздердің,тұздардың қасиеттері жөнінде білімдерін жүйелеп,тереңдету,қорытындылау.

б)Дамытушылық: Химиялық формула,теңдеу құру,есеп шығару біліктіліктерін дамыту,өздігінен жұмыс істеуге,өз білімін бағалап тексеруге баулу.

в)Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ,қайталау.

Сабақтың әдісі: Ойын,сұрақ- жауап,есептер шығару,тест.

Сабақтың көрнекілігі: Реактивтер,сызбанұсқалар,плакаттар.

Сабақтың барысы: Сынып оқушылары үш топқа бөлініп,әр топтың жетекшілері сайланады.

 

 

 

 

 

 

“Шытырман саяхат” барысы.

Әр топқа кедергілер көрсетілген бағыттау қағазы таратылып беріледі.

Ойынның негізгі мазмұны – сиқырлы қамал ішіндегі шытырманды саяхат.

Ойынның негізгі мақсаты – берілген уақыт ішінде алты кедергіден асып,барынша көп ұтыс ұпайын жинау.

Жалпы бағыт алты кедергіден тұрады:

  1. Тас мүсіндер қамалы
  2. Перілер мұнарасы
  3. Патша сарайының бөлмесі
  4. Айбалта қамалы
  5. Алхимиктің үйшігі
  6. Қара сиқыршы иелігі

Безендірілген плакатта қауіпті кедергілерден өтудің жолдары,тапсырмалары берілген.Сабақтағы әрбір тапсырма үш нұсқада деңгейлеп беріледі.Ол үшін төмендегідей бағалау рейтингісі қолданылады,егер деңгей тапсырмалары толығымен орындалса,

І.деңгей – 3ұпай

ІІ.деңгей – 4ұпай

ІІІ.деңгей – 5ұпай сандарымен бағаланады.

 

  1. 1.    “Тас мүсіндер қамалы”

Бұл қамалдың ішінде тірі мүсіндер өмір сүреді.Олар қамалға кірген адамды қорқытып,тастай етіп қатырып тастайды.Егер сіз берілген тапсырманы дұрыс орындасаңыз,қамалдағы мүсіндер қозғалмай қатып қалады да,сіздің әрі қарай кедергіден өтуіңізге мүмкіндік береді.(Тапсырма тест жұмысы түрінде орындалады)

 

 

 

 

 

І – деңгей

1.(NH4)3PO4 электролиттік диссоциацияланғанда неше ион пайда болады?

а)2 ;    ә)3;    б)4;   в) 1.

2.Электролиттік диссоциация теориясының негізін қалаған ғалым:

а) А.М.Бутлеров;    ә)С.Аррениус;     б)Д.Пристли;     в)К.Шееле

 

 

І І – деңгей

1.Күкірт қышқылы мен барий хлоридінің қысқартылған иондық теңдеуін табыңыздар:

а)Ba2+ +2OH→Ba(OH)2

ә) Ba2++SO42-BaSO4

б)Ca2++ SO42-→CaSO4

в)Ba2++CO32-BaCO3

2.Фосфор қышқылы бірінші сатымен диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

а)2H++HPO42-

ә)H++H2PO4

б)2H++HPO4

в)3H++PO43-

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ – деңгей

1.Берілген реакция теңдеуіндегі көп нүктенің орнына тиісті заттарды жазып,осыдан негіздердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.

1) 2KOH + …→K2CO3 + H2O                          а) CO2

2) 2Fe(OH)3→ … + 3H2O                                ә)H2SO4

3) 2KOH + …→K2SO4 + H2O                          б) FeCI3

4)3NaOH + … → Fe(OH)3↓ + 3NaCI             в) Fe2O3

2.Төменде келтірілгендер реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзеді?Осы реакция теңдеулері арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.

1) Zn + HCI→ … + H2↑                                   а) NaCI

2) CuO + H2SO4→ … + H2O                            ә) ZnCI2

3)NaOH + HCI→ … + 2H2O                           б) CuSO4

4) ZnCI2 + H2SO4→ … + 2HCI                       в) ZnSO4

Тапсырманы орындап болған соң тақтаға жауабы ілініп,соған қарап оқушы өзіне ұпай қояды.Оқушы бағасы бірден бағалау парағына жазылады.

 

 

2.“Перілер мұнарасы”

Қамал ішінде перілер өмір сүреді,олар адамдармен сөйлескенді өте жақсы көреді.Ақымақтарды жандары сүймейді,оларды сиқырлап жан – жануарларға айналдырып жібереді.Ал ақылды,білгіш адамдардың қалағанын орындайды.

Олармен тіл табысып,дос болу үшін мынадай тапсырмаларды орындау керек (тапсырма ауызша сұралады).

 

 

 

 

1.Электролиттік диссоциация дегеніміз не? (электролит,бейэлектролит)

  1. Электролиттік диссоциация негізін қалаған кім?
  2. ЭДТ тұрғысынан негіздердің анықтамасын айтыңыз.

  3. ЭДТ тұрғысынан қышқылдардың анықтамасын айтыңыз.

  4. Қай уақытта ион алмасу реакциясы соңына дейін жүреді?

  5. ЭДТ тұрғысынан қышқыл тұздардың анықтамасын айтыңыз.

  6. Неге сірке қышқылының сусыз ерітіндісі электр тоғын өткізбейді?

 

3.“Патша сарайының бөлмесі”

Бұл бөлмеде сиқырлы мұз патшасы тұрады.Ол келген адамдарды мұз етіп қатырып тастайды.Одан қорғанудың бір амалы жылу эффектісіне байланысты термохимиялық реакцияның теңдеуін шешу керек.Топ жетекшілері шығып тапсырманы тақтада орындайды.

І – деңгей.

12г магниді жаққанда 281,75кДж жылу бөлінеді.Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.

ІІ – деңгей.

C + O2 → CO2 + 402кДж.Осы термохимиялық реакцияның теңдеуі бойынша 412кДж жылу бөлінген кезде жанған көміртегінің массасын есептеңіз.

ІІІ – деңгей.

CH4 + 2O2→ CO2 + 2H2O + 892кДж.Берілген термохимиялық теңдеу бойынша реакциядағы түзілген жылу мөлшерін және 1,6кг метан жанған кездегі оттегінің көлемін есептеңіз.

 

 

 

 

4.“Айбалта қамалы”

Осы қамалда айбалтасы бар жендет тұрады.Ол келген адамдарды бақылау үшін өзінің айбалтасындағы айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазуды ұсынады.

І – деңгей.  MgSO4 MgCI2→ Mg(NO3)2→ Mg3(PO4)2

ІІ – деңгей.  CaCO3→ CaCI2→ CaSO4→ Ca3(PO4)2

ІІІ – деңгей.  Na2SO3→ Na2CO3→ Na2SO4→ Na2S

 

5.“Алхимиктің үйшігі”

Сарайда кішкене ғана үйшікте шал тұрады.Ол адам қанының құрамынан алтын тапқысы келеді.Үйшігіне келген адамның барлығын улап,мертіктіру үшін үш түрлі ыдыс береді.Уланып қалмау үшін қай ыдыста (сынауықта) су бар екенін табуыңыз керек (демонстрациялап көрсетіледі).

HCI, NaOH, H2O   (индикаторлармен анықтайды).

 

6.“Қара сиқыршының иелігі”

Сарай маңында қара сиқыршы бар,оның қаруы найзағай,найзағайдың соққысы адамдарды өсімдікке айналдырып жібереді.Одан құтылудың амалы мына жұмбақтарға жауап беріп,электролиттік диссоциация тұрғысынан заттарды иондарға ыдыратып жазу керек.

1.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,                                                                                     Кім бар екен ортада оны білмес (NaCI ас тұзы)

NaCI →Na+ + CI

2.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,                                                                                Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (Н2О су).

Н2О →Н+ + OH

 

 

 

3.Ес – түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде (NH4OH – мүсәтір спирті)

NH4OH→ NH4+ + OH

 

Сабақты қорытындылау.

Тапсырмаларды орындау барысында жинаған ұпай нәтижесі бойынша оқушылардың білімі бағаланады.Қорытынды баға шығару рейтингісі:

2 – 12ұпайға — 3”    13 – 15ұпайға —  “4”     15 – 20ұпай —  “ 5”

Бақылау жұмысының алдында өткізілетін мұндай қорытынды жүйелеу сабақтары оқушыларды ширатып,өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді,әрі бақылау жұмысына дайындық болады.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.