Бастауыш сынып

Түбір мен қосымшаның жазылуы. 3-сынып

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,
Қапай батыр ауылындағы Васильковка негізгі
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дөненбекова Салтанат Серікханқызы

 Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау. ә) дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық жұмыс түрлері арқылы белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелік:
Ұлттық салт – дәстүрлеріді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс  тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: кәмпит – сұрақтар, қамшы, сақина, орамал.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс, ұлттық ойын сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 56 – жаттығу.

Балалар қар күреді,

Қарды ауладан ары күреді.

Күрегі бардың бәрі күреді.

ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.

Мұғалім: — Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше, ұлттық ойын сабағы.

—         Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер ?

—         Алтыбақан, хан талапай, қыз қуу, аударыспақ.

1.     «Шашу».

Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне қуанып, шашу шашып, ақ тілегін көрсеткен. Ендеше, сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілеп, шашу шашайық.

—         Мына кәмпиттер жай кәмпиттер емес, сиқырлы кәмпиттер. Олардың әрқайсысында сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, кәмпитіміз шын түріне айналады.

 

-Сөз дегеніміз не ?

— Түбір сөз дегеніміз не?

— Туынды сөз дегеніміз не?

— Қосымшалар нешеге бөлінеді ?

— Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады ?

— Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады ?

— Қандай қосымшалар жалғанғанда кейбір түбір сөздердің түбірі өзгереді ?

 

2.     «Орамал тастамақ» ойыны. 60 – жаттығу.

Шарты: мына орамалды кез келген оқушының алдына тастаймын, сол оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

Халық – халқы, ерік – еркі, құлып – құлпы, орын – орны, бөрік – бөркі.

 

Ереже қайталау: Түбір сөзге ы, і қосымшалары жалғанғанда, кейбір сөздердің түбір сөзінің жазылуы өзгереді.

 

3.     «Асық алу» ойыны.

Шарты: әрбір оқушыға асық нөмері бойынша карточка беру, карточкамен жұмыс жүргізу.

 

  1. 4.     «Қыз қуу» ойыны.

Шарты: Тақтаға бір ұл мен бір қыз оқушы шығады. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңіске жетеді. Ұл жеңілсе, қызға қамшымен арқасынан ұрғызады. Қыз жеңілсе, өз өнерін көрсетеді.

Тапсырма:

Сөздерді сөз құрамына талдау: сызғыш, үйректер, оқыды.

 

  1. «Сақина салмақ» ойыны. 62 – жаттығу.

Тізбектің басында тұратын сөзді табу. Түбір сөзді қатыстырып сөйлем құра.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

—         Түбір сөз дегеніміз не ?

—         Қосымшалар нешеге бөлінеді ?

Ү. Үйге тапсырма. 63 – жаттығу. 139 – бет.

ҮІ. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.