Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылындағы
Васильковка негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дөненбекова Салтанат Серікханқызы
Сабақтың тақырыбы: 8 – ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 8-ге көбейту және бөлуді таныстырып үйрету және ұғындыру. ә) дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу.
б) тәрбиелік: Оқушыларды ұғымталдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, баяндау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: қысқы спорт ойындарының суреттері, аққаланың суреті, кубик.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: қысқы ойындар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық даярлық.
Сынып іші тып – тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) 138 – бет №7,8
2) «Кубизм» стратегиясы. Кубикты тастау арқылы 2,3,4,5,6,7-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Кіріспе әңгіме.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ?
— Қыс.
— Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады ?
— Қыста қандай ойын түрлерін ойнағанды жақсы көресіңдер ?
— Шанамен сырғанау, хоккей, шаңғы тебу т.б.
— Олай болса,балалар, бүгін біз қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.
— Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының бір тармағында «Салауатты өмір салты» бағытында жас жеткіншектердің дені сау, тәні таза, ақыл – есі дұрыс болып өсу үшін спортпен шұғылдануы тиіс деген. Ал енді, балалар, сендердің жақсы көретін спорттық, қыста қызыға ойнайтын ойындарыңмен жақынырақ танысып білу үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз.
2) Негізгі бөлім.
1. Аққала соғу.Жұмбақ жасыру.
Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туады,
Тауып көрші сен оны.
Ол не ? (аққала)
— Аққала соғу үшін 8 – ге көбейту және бөлуді орындауымыз керек.
8*2=16 16/8=2
8*3=24 24/8=3
8*4=32 32/8=4
8*5=40 40/8=5
8*6=48 48/8=6
8*7=56 56/8=7
8*8=64 64/8=8
8*9=72 72/8=9
2. Шанамен сырғанау.Жұмбақ жасыру.
Мінсем, төменге зу етем,
Өрлесем, өзімді сүйретем. (шана)
— Өте жақсы, балалар. Келесі ойынымыз шанамен сырғанап жарысамыз.
№2 тапсырманы орындау.
Бос орынға тиісті санды қой.
3. Хоккей ойыны.Жұмбақ жасыру.
Өңкей батыр мұз үстінде.
Екі батыр топ та,
Бірде артқа, бірде алға
Таласып жүр бір допқа.
Ол қандай доп ? (шайба)
— Балалар, қазір екі топқа бөлініп, хоккей ойынын ойнайық. Хоккей ойынына екі топтан екі басшы сайлап алайық. Капитандар топты ұйымдастырып, тапсырманы орындайды.
№3, 139 – бет.
32; 24; 18; 12; 48 сандарын бір таңбалы екі санның көбейтіндісі түрінде жаз.
4*8=32 8*4=32 3*6=18 6*8=8
6*4=24 4*6=24 2*9=18 8*6=48
4. Коньки тебу. Жұмбақ жасыру.
Табанға темір байладым,
Бетінде айна ойнадым. (коньки)
№4, 139 – бет.
Амалдарды орында:
(1000 – 52) / 8 = 80 * (36 /4) = 80 * 9 – 70 * 6 =
(48 + 15) / 7 = 90 * (24 / 3) = 72 / 8 + 49 / 7 =
Cергіту сәті
— Балалар, біз бағанадан бері қанша ойнасақ та, қыстың аты қыс, күн аяз, ендеше орнымыздан тұрып жылынып алайық.
1 – қолды уқалаймыз
2 – аяқты тарсылдатамыз.
3 – бір – бірімізге алақан соғамыз.
4 – орнымызда ойнаймыз.
5. Шаңғы тебу. Жұмбақ жасыру.
Байлаулы екі аяғым,
Қасымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен
Озамын атты кісіден. (шаңғы)
— Дұрыс, балалар. Ендеше, шаңғы тебуге барлығымыз шығамыз.
№5
Өрнектерден тура теңсіздіктер құрамыз.
40 / 8 > 6 / 2
8 * 4 > 30 / 5
29 + 9 / 3 >70 – 8 * 8
6. Мұзайдында сырғанау. Жұмбақ жасыру.
Жап – жалтыр, жалпақ бір
Жатыр көк айна.
Жүгіріп, жығылып, сырғанап,
Сонда ойна, тек тайма. (мұзайдын)
№9
Есепті шығарыңдар.
Қойбүлдірген – 8
Шие — ?, 3 есе артық
Ш: 8 * 3 + 8 = 32 (ш)
Ж: 32 жидек болды.
№10
Үлкен аю – 16 ст
Қонжық — ?, 8 есе аз
Ш: 16 / 8 + 16 = 18 (ст)
Ж: Аюлар 18 стақан компот ішті.
7. Жаңажылдық шыршаны безендіру.
№7
Ш: S = 8 * 2 = 16 (см2)
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1)8 – ге көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
2)– Балалар, сендер есептеу, ойлау қабілеттерің ұшқыр, шапшаң, епті, білімді екендеріңді ойын барысында көрсеттіңдер. Дені сау, шымыр болып өсу үшін немен шұғылдану керек ?
— Спортпен.
— Иә, дұрыс. Спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғау, батыр да батыл азамат болу өз қолдарыңда.
Ү. Үйге тапсырма. №8, 12. 140 – бет
ҮІ. Бағалау.