«Мектептегі бір мезет» номинация қатысушысы Ерғалиев Мелс

Ерғалиев Мелс.  Алматы қаласы.№119 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ерғалиев Мелс.  Алматы қаласы.№119 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ерғалиев Мелс 1948 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шолпан ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

40 жылдан астам педагогикалық өтілі бар. Алматы қаласында 20 жыл мектеп директоры қызметін атқарған зейнеткер – ұстаз. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегері.

 

Дос туралы

Мен достықты құрмет тұтам, сыйлаймын.

Дос жүрегі секілді сырлы айдын.

Қатарымнан қалмай жүрсе жақсы дос,

Қайраттанам, қажымаймын, сынбаймын.

Дос бар кезде неден қорқам, именем,

Дос көңілі күмбірлеген күй дер ем.

Дос ниеті сәуле құйып кеудеме,

Көктемдегі қайыңдай боп түрленем.

Жалғыз сәтте бөлмесем де ірге елден,

Қалмаған қайран көңілім кімдерден.

Келемін ешкімге залал тигізбей,

Бақытымды іздеп, алдағы алыс күндерден.

Кейбіреу көзге өтірік күліп жүр мақтап,

Ал біреулер айтады ойын жұмбақтап.

Адалдығымды айырып анық сезгендер,

Таласқа түссем тұрады мені шын жақтап.

 

Күз суреті

Қалыпты күн қысқарып тізгінделіп,

Шынымен жеткеніме, күздің келіп!?

Қатал қыс есік ашса одан енді,

Кететін жайымыз жоқ біздің жеріп.

Күзгі жел болғаны ма шын-ақ күшті,

Ағаштан жапырақтар құлап түсті.

Мұз басса үн шығару қиын-ау деп,

Бұлақтар жатырқап тұр бірақ қысты.

Біртіндеп суық тартты демі желдің,

Қарашы тозғанын-ай тегі жердің.

Япыр-ай қалғаны ма қыс жақындап?

Қалыпты шөбі қурап қыр тақырлап.

Кетті ме дағдысынан сәл жаңылып,

Қатайтты кешке қарай жел «әзілін».

Қыс келсе үстін аппақ қар жамылып,

Бір сәтке жасырады жер әжімін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше