Оқушылармен әр түрлі деңгейде жеке жұмыс жүргізу әдістері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы

Оқушылармен әр түрлі деңгейде жеке жұмыс жүргізу әдістері

Мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз. Қазір заман өзгерді. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Мен өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, сабақ жүргіземін. Өйткені ағылшын тілі бойынша деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқытуға әбден болады, Неге десеңіз, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың тілін дамытып, тілді меңгертуге мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының біріншіден, әлеуметтік-психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларды, қандай оқушы болмасын, мысалы, өзінің дайындылығына да, бейімділігіне де, әрқашан жақсы оқып жүргеніне қарамастан, жұмысын – ол үшін жеңіл болса да – «оқушылық, міндетті» 1-ші деңгейдің тапсырмаларын орындаудан бастайды.
«Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін ғана оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады және өзіне өзінің сенімі артады.
«Міндетті» бірінші деңгейді игеруін жүзеге асырса, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік береді.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, алға қарай ұмтылуға тырысады деп ойлаймын.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы кең, олар:
– Тілдік (лексикалық), грамматикалық жұмыстар;
– Пысықтау жұмыстары;
– Тестік сұрақтар;
– Іскерлік ойындар;
– Кроссворд шешу т.с.с.
Сондай-ақ, деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың мүмкіндігіне қарай саралап, жас ерекшеліктері мен білім деңгейіне байланысты ыңғайлап ықшамдауға болады.
Бірінші деңгей – білімінің минималдық шегі. Грамматикалық тапсырмалар,
жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке транскрипциясымен (оқылуымен) жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.
Екінші деңгей – оқушының мәтінді түсінуі, яғни жазба жұмыстарының орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден жоғары болады. Демек, оқушы өз бетімен жұмыс істейді, соған дағдыланады.
Үшінші деңгей – оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген қызығу қасиеттерінің айқын көрінуі.
Төртінші деңгей – дарынды, ізденімпаз, қабілеті өте жоғары оқушылар. Мұғалім бұл жерде бір тақырып береді, оқушылар жазба жұмысын орындайды. Ол төмендегідей:
Task 1.
1. Read the text and translate.
2. Translate the 1-st (2-nd, … ) paragraph.
3. Give English equivalents of the following sentences. Russian – English. English – Kazakh.

Task 2.
1. Answer the questions.
2. Find regular and irregular verbs.

Task 3.
1. Put questions to the text.
2. Give the titl to the story.
3. Give Kazakh and Russian proverbs aboud friend.

Task 4.
1. Retell the story.
2. Write down a short story or summary about your friend.
3. Topiс: “ My best friend” .

Деңгейлік саралап оқыту технолгиясының мақсаттары:
1) Барлық оқушыларға стандарт деңгейінде білім беру
2) Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейінде оқыту
3) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу
4) Таланттарды тәрбиелеу

Бұл тұжырымның ерекшелігі:
1) Деңгейлік тапсырмалар орындауға үйрету
2) Озаттар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі
3) Төмендеу оқушылар өзін – өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады. (Мен неге ана оқушыдан кеммін деп, алға ұмтылады)
4) Жоғарғы топта ынта артады
5) Білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдей түседі

Бірінші деңгейдің тапсырмаларын үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары; екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар; үшінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға төртінші шығармашылық деңгейдің тапсырмалары беріледі.
Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермей жатқан оқушыларға көмектеседі.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше