Шәкірт алғысы

Сүйінші, тәуелсіздік пен жаңа жылға лицейімізге тарту, сый ретінде облыстың үздік 10 мектептерінің қатарына кіріп, «Үздік мектеп-2014» сертификатына ие болды. Бұл – мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Осы қуанышты сәтте лицей ұстаздары мен оқушыларына өз атымнан және шәкірттер атынан алғысым шексіз. Мен оқитын «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі бұрыннан ең үздік мектептердің бірі, әрі бірегейі. Білім ордасында ең білікті, ең білімді деген мұғалімдерден дәріс аламыз.

Директорымыз Батырбек Демократұлы ағай бастаған лицей мұғалімдері жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде, аянбай еңбек етуде. Қазіргі заман талабына сай жаңа форматтағы мектептегі жаңа формациялы мұғалім деп өз ұстаздарымды айтар ем. Жаңа оқу жылы басталғалы апта сайын түрлі шаралар, түрлі танымдық сайыстар т.б жаңа өзгерістер болуда. Соның бірі бұрынғы оқушылар комитеті құрамы мен атауы өзгеріп «Өзін –өзі басқару» оқушылар парламенті құрылып, оның белсенді мүшелері тағайындалды. Атап өтсем парламент президенті болып 9 «б» сынып оқушысы Тағаберді Айбар сайланды. Айбар оқуда озат, тәртіпті, білімді және спортқа әуес оқушы. Оның өзі ашқан в контакте әлеуметтік желісінде «Бәрін білгім келеді» танымдық тобының админстраторы. Топта 160 мыңнан астам Қазақстанның жас жеткіншектері тіркелген. Білім министрі – Қыдырсиық Руслан, Спорт және денсаулық министрі – Оразалы Жеткізген, Мәдениет министрі боп Жәкен Нүркен, Ата –аналармен жұмыс министрі – Сериков Алпамыс сынды дарынды оқушылар бекітілген болатын. Парламент жұмысының негізгі мақсаты : қарым – қатынасты ізгіліктендіру; ұжым өмірін жариялыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау; Оқушылар лицей өмірін қалыптастыруға қатысады, барлық мәселелерді зерттейді, лицейі ішінде және оқушылар қауымдастығында не болып жатқандығын біледі.

Ал, оқушылар өз кезегінде мұғалімдер мен ата-аналарының үмітін ақтап, жүлделі орындарға ие болуда. Жақында аудандық пәндік олимпиадада 14 оқушы I және II орындарды иеленіп, облысқа жолдама алды. Сонымен қатар, республикалық жалпы пәндер бойынша ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне лицей мен аудан намысын қатар арқалап 8 оқушы кетті. Олардың барлығына сәттілік тілеймін!

Лицейім менің ауданда үздік деп келем,

Атағын қорғап, абыройды еш төкпеген.

Ұстаздар сапалы білім беруде

Сіңірген еңбек зая боп ешбір кетпеген.

Талай мықты мен алғырлар бізден көктеген,

Қарсыластарын адымын қысып шектеген.

Кіл жүйріктер мен үздіктердің ордасы

Лицейім үздік білім ордасы деп келем.

ҰБТ-да да үздік бағаға жетуде,

Жетіліп болып, жан-жаққа бәрі кетуде.

Алғыс айтамыз ұстазға білім беретін

Әлі де бізді ұлы жеңістер күтуде.

Жәкен Нұрхан. «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің
«Өзін-өзі басқару» оқушылар парламентінің
бұқаралық-ақпарат министрі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше