Технология

КВН: Түстік оюменен сайысқа

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы
Үшқоңыр ауылындағы мектеп-гимназия
технология пәнінің мұғалімі

Кабжанова Раушан Шахмұратқызы

 Мақсат:

1) Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасын қазіргі өмір сүру салтымен   тығыз байланыстыру.

2) Берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға, ұжымдық ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа бейімдеу.

3) Эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Өтетін зал безендіріледі: плакат , шарлар, газеттер т.б.

1-жүргізуші: Әрбір халықтың өз тарихи бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста мол шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарханның өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін ретімен өз тіршілігіне пайдалана білген халық.

2-жүргізуші: Қазіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт- дәстүрін эстетикалық бағытпен дамытуда, көркейтуді алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз.

1-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымызға білімдерімен, өнерлерімен күш сынасуға келіп отырған  командалармен танысайық. 8 «а» сыныбы  — «Жұлдыздар» тобы

8 «б» сыныбы  — «Өнерлі қыздар» тобы

8 «в» класс  — команда «СМС»

2-ЖҮРГІЗУШІ:Сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік

1-жүргізуші: -Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемімен танисың — демекші кезекте 1-тур «таныстыру». Әр топ өзінің тобын таныстырады.

2-жүргізуші: Әділ қазы алқасы  «таныстыру» кезеңіне – ұпайларын берсеңіздер.

2-жүргізуші :                              Ою –өрнекке қарасақ,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысын қаласаң,

                   Қиып ал, сызған ізіңмен.

                                                                Кию оңай демеңдер.

               Оған да өнер, ой керек.

                     Бос мақтанып жүрмеңдер

                  Киюға пысық қол керек.

1-жүргізуші :Әр топқа картон, түрлі-түсті қағаз, қайшы желім беріледі 5 минут ішінде қыздар ою-өрнекті қиып, дұрыс орналастырып, желімдеп, әділқазыларға көрсету керек.

2-жүргізуші : В этом туре командам раздается картон, цветная бумага, ножницы и клей. В течении 5 минут нужно вырезать узор и приклеить его на картон и отнести на суд жюри.

1-жүргізуші : Әділқазылар өткен турдың ұпайларын көрсетіңіздер.

2-жүргізуші: « Мақал – сөздің мәйегі » дей келе келесі кезекті -« Мақал-мәтелдің жалғасын табу» турына берейік.

1-жүргізуші: Бірінші бастайтын топ жақын келіп өздеріңнің тапсырмаларыңды алып, жауап беріңдер.

2-жүргізуші:

1)     Алтын балдақ  қол сәні

…                                                                  (әшекей кесте тон сәні)

2)     Үйренгенің өзіңе құт,

…                                                                  (істегенің еліңе құт)

3)     Еңбегіңе қарай- құрмет,

…                                                                 (жасыңа қарай- ізет)

4)     Еңбексіз өмір жоқ,

…                                                                 (ауырсыз жеңіл жоқ)

5)     Асқа барсаң, аш бар,

..                                                                 (тойға барсаң, тойып бар)

6)     Қөз қорқақ, ..                                              (қол батыр)

7)     Жақсы ас қалғанша,

..                                                                    (жаман қарын жарылсын)

8)     Өнерлінің он саусағы тең,

…                                                                   (өнерсіздің бір саусағы кем)

9)     Көрнекті ісің үлгі болады,

…                                                                   (көрнексіз ісің күлкі болады)

10) Өнерлінің  қолы алтын,

……….                                                      ( Өлеңшінің сөзі алтын )

2-жүргізуші : Команда « СМС » подходите и выбирайте пословицы и ваши варианты продолжения.

  1. Чем больше науки, ………                             ( тем умнее руки )
  2. Труд кормит ,…………………                           ( а лень портит )
  3.  Земля красна плодами,………………          ( джигит – делами )
  4.  Каков и мастер ,…………..                            ( таково и дело )
  5.  Никому не мило, ………………..                   ( когда дело хило )

 

1-жүргізуші : Әділқазылар алқасы өткен турдың ұпайларын көрсетіңіздер.

1-жүргізуші : Келесі тур « Жұмбақ шешу »

1. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға түссе жоқ тыныш.                                      ( қайшы )

2.  Тұмсығы мықты, қыр мен ойды

Тегістеп шықты.                                                     (үтік)

3. Аспай піскен, қинамай түскен.                          (жеміс)

 

4. Інді көп — ақ қазады, өзі жіптен қашады          (біз)

 

5. Бар  екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.                    (ине)

6. Ақ қиыршық еритін

Ас жоқ одан жеритін                                          ( тұз)

 

2-жүргізуші :  Команда «СМС» Ваши загадки и ваши ответы.

  1. Остра, как игла, а шить не годиться               (булавка)

2.  Сидит барыне в ложке, свесив ножки.         (лапша)

3.  Держится подружка, за мое за ушко

Стешкою одною, век бежит за мное             (нитка,иголка)

 

1-жүргізуші : 5 тур «Сұрақ- жауап»

  1. Қыз баланың бас киімі?                        (Үкілі тақия)

2. Зергерлік бүйымға не жатады?                 (Жүзік, сырға, блезік т.б.)

3. Түйенің сүті қалай аталады?                      (Шұбат)

4. Бас бармақ және сұқ саусақпен

Қысып алатын өлшем?                               (шымшым)

5.  Өлшемді қандай құралмен өлшейді?    (сызғыш, см. таспасы)

6.  Жеті жұт дегеніміз не?                             ( өрт, жүт, соғыс, құрғақшылық

Топан су, жер сілкіну,оба)

7. Бір қарын майды не шірітеді?                    (  құмалақ )

 8. Жеті қазынаны ата .                ( Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім,                                          берен мылтық, жүйрік ат,  Қыран бүркіт, үшқыр тазы)

9. Бұл көкөністен барлық ауру қашады, оның емдік қасиеті ертеден белгілі, жесең дәру-дәрімен.

                                                                                               ( пияз, сарымсақ )

10.   Жаңа төлдеген    малдың алғашқы сүті.        ( уыз )

2-жүргізуші :  Тур « Вопросы- ответы » каждая участница выбирает свой вопрос

1. Целебный напиток из верблюжьего молока?                   ( шубат )

2. Специальные нитки для вышивания?                                  (мулине)

3. Каким словом называется фрукты и часть глаза?            (яблоко)

4. Какое приспособление защищает пальцы от прокола иглой при выполнение ручных работ?

( Наперсток)

5. Какой овощ называется «Красной солью»?                    (красный перец)

2 -жүргізушу :  Жюри просим показать баллы за прошедший конкурс.

1 -жүргізушу : Келесі 6 тур «Ата мұраң – асыл қазынаң » салт-дәстүрдің түсінігін айтып беріңдер:

а) Ерулік-                            (жаңа  қоныс үй иелерін қонаққа шақыру.)

б) Көрімдік-                       ( түскен келінге, туған балаға көрімдік беріп көреді).

2-жүргізуші : В этом туре вы должны объяснить следующий обычай , что он означает?

Шашу-                                    (осыпают конфетами молодоженов, на др. тоях).

 

1-жүргізуші : – әділқазылар алқасы,өткен турдың ұпайларын көрсетсеңіздер.

 

2-жүргізуші :     Табылар бойларынан кемер білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін,

Бүгінгі дәмді тағам, салаттардан,

Көреміз сайыскерлер шеберлігін.

2-жүргізуші : Келесі 7 тур «Ас адамның арқауы» — қыздарымыз салат жасауға кіріседі.

1-жүргізуші : Қыздарымыз салат жасап болғанша, біз өлең тыңдайық.

2-жүргізуші :  Әділқазылар алқасы қыздар жасаған салаттарына баға беріңіздер.

1-жүргізуші :  Қыздарымызға жаңылтпаш айтқызсақ деп ойлап едік –  және оны үш рет қайталау керек.

  1. Көп гүлдер түпсіз бе, түпті ме,

Көп кілемдер түксіз бе, түкті ме?

2. Бұранданы бұрандамай алмады,

Бұрандалауға бұлар қарай алмады.

3. Қалың қайың , бал қарағай.

Ырғай өрік, бал қарағай.

4. Кенеден кенеп шығар, кенептен елек шығар,

Електен кебек шығар, кебектен керек шығар.

2-жүпгізуші :  Мы хотели проверить, как вы хорошо проговорите скороговорки. Прочитайте и повторите 3 раза.

  1. Ткет ткач ткани

На платки Тане

2. Саша сшила Сане шапку

 

1-жүргізуші : Сөз кезегін әділқазылар  алқасына берейік.

2-жүргізуші : Осымен «Түстік оюменен сайысқа » атты жарысымыз  аяқталды. Топтарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.