«Білім берудің инновациялық даму жолдары: кәсіб и мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер»
11 желтоқсан 2014 жылы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде «Білім берудің инновациялық даму жолдары: кәсіби мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ТжКББ оқу орындары жас оқытушылары арасында педагогикалық оқу болып өтті.
Педагогикалықоқудың мақсаты: жас оқытушылар арасында білім берудің инновациялық жолдарын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Қатысушылар баяндама, ғылыми-инновациялық жобалардың презентациялары, ендірілген инноваиялық технологияларды ендіру бойынша ашық сабақтың жоспарларын ұсынды.
Осы педагогикалық оқуға колледжіміздің жас оқытушылары: Акмурзаева Бахыт, Абишева Индира, Төлегенова Назым қатысып келді. Оқуға қатысып, көптеген білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық көтеру, оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық педагогикалық тәжірибе жинақтап келді.
Колледжіміздің жас оқытушылары облыстық білім басқармасының сертификатымен марапатталды.
Байқоңыр «Космос» колледжінің
жалпы пәндер оқытушысы
Абсаттарова Назерке

