«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік»

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

15 желтоқсан күні Байқоңыр «Космос» колледжінде «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» атты кеш болып өтті. Кешімізді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Алимбаева ашып берді. Кеш барысында желтоқсан құрбандарына бағыштап көптеген өлең-жырлар оқылды, 16 жастағы өжет қыз Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджановаға арналған «ӨР МІНЕЗДІ ӨЖЕТ ҚЫЗ» тақырыбында көрініс қойылды. Колледж студенттеріне желтоқсан құрбандарына арналған бейнефильмдер мен презентация ұсынылды.

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын !!!

Байқоңыр «Космос» колледжінің

жалпы пәндер оқытушысы

Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше