БЕЙІНДІ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ, БОЛА ШАҒЫ

Білім беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болашақ мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының бағыты бойынша дайындау. Жалпы бейіндік оқыту дегеніміз не? Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар. Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады.

Осыған орай қазан айында №269 Төретам орта мектебінің бейіналды жөніндегі орынбасары Ляззат Мұратованың ұйымдастырылуымен БЕЙІНДІ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ, БОЛАШАҒЫ тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты 12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.Байқоңыр «Космос» колледжі мен №269 Төретам орта мектебінің бірлескен жұмысының арқасында көптеген іс-шаралар өткізілді. Дөңгелек үстел де осының дәлелі.Бейінді оқытудың проблемалары мен болашағы жайлы пікірлерін ортаға салды. Осыған байланысты, қазіргі таңда дайындалып жатқан мамандар үшін, бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндірсе, сонымен қатар, бейінді оқытуға бағытталған бағдарламалар мен басқа да құжаттарды оқу процесі кезінде үйретсе, келешекте олардың бейіндік оқыту жөнінде толыққанды білімі болатыны белгілі.Байқоңыр «Космос» колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.С.Акмурзаева, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Н.Н.Абсаттарова және физика пәнінің оқытушысы А.Балкеев өздерінің ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері: Жунусова Дина, Асылбекова Асем, Абдриева Жадыра, Тұрсынбаева Бота өздерінің пікірлерін ортаға салды. Жалпы орта мектептердегі жоғары сыныптарды бейіндік оқыту бағдарламасына сәйкес білім беруге болады деп қорытындылады.

Байқоңыр «Космос» колледжінің

жалпы пәндер оқытушысы

Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше