Жаңаөзенде 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күн іне орай мәдени шаралар басталды

«Компания Жаңаөзендік мұнайшыларға мереке қарсаңында рухани демалыс сыйлау мақсатында мәдени шараларды ұйымдастырып отыр. Өткен жылы М.Әуезов атындағы театр, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрын шақыртып, жаңаөзендіктер үздік театрлардың өнерін тамашалаған еді. Осы жылы да игі дәстүрді жалғастырып отырмыз. Н.Жантөрин атындағы театр апта бойы өз көрермендерімен қауышады. Мұнан өзге де мәдени шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз» деді өз сөзінде Мақсат Ибағаров.
Мереке қарсаңындағы театр апталығында өнер ұжымы «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!», «Перзентхана», «Әпке», «Қош, махаббат», «Келіндер көтерілісі», «Ғашықсыз ғасыр» қойылымдарын көпшілік назарына ұсынбақ.
