«Аяулы ұстаз ана, аяулы анашым менің»

Алматы облысы Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылыныдағы орта мектеп-гимназия
Омарбекова Сания Абдрахманқызы

  Аружан:

Ана… Ана. Ананың  махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана! Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана!

Міне, анаға деген махаббат туған күніңнен-ақ басталады.  Ананың жолы басқа. Ана деген – ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер!

Айдос:

Ана,ана, ана!не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші. Сезім мен қасиет, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма бұл өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да, күннің нұрынан ананың сүтінен тараған. Сондықтан құрметті ата –аналар, ұстаздар. Қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі сіздерге арналған «Аяулы  ұстаз ана, аяулым анашым менің» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!

(Музыкалық номер)

«Үшқоңыр ән-күй» анс7 6а сынып оқушысы Ақдидардың орындауында.)

Аяжан

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер  әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді

–   Біз  күреспен қол жеткізген  осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Айдос

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аружан

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін – деп сіздерді 8 наурыз, халықаралық әйлердер күнімен құттықтаймыз!

Айдын:

Сегодня день особый! Правда?
Прекрасный праздник у весны!
Сегодня День 8 Марта –
Так пусть счастливой будьте  вы!
Весна! Как много в этом слове:
Добра, любви и теплоты.
Пусть в ожидающей природе
Вам цветут ее цветы!
Пусть в этот день – 8 Марта –
Уйдут тревоги и придут мечты

 

Месяц март и день восьмой.
Запахло в воздухе весной.
Весну мы будем славить
И разрешите Вас поздравить
С международным женским днем!

 

(Музыкалық номер)

 «Үшқоңыр ән-күй» ансамблі

(Күй «Әлқиса»)

 

Аяжан:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жаныңыз әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есіміңіз жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Мектебіміздің ұйытқысы болып отырған мектеп директоры Баймуратова Фарида Алиясқызын  қошаметпен ортаға шақырып, құттықтау сөз кезегін береміз.

(директордың құттықтау сөзі)

 

Құрметті Фарида Алиясқызы  және осындағы барлық сүйікті аналар, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, Сырым мен Алматтың орындауындағы «Гүл сыйлаңдар әйелге» әнін сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.

 

Айдын:

В этот день, весной согретый
Все цветы, улыбки Вам!
Чтоб печали Вы не знали,
Даже легкой грусти тень,
Чтоб всегда глаза сияли,
И не только в этот день!

Аяжан:

Өмірде ұстаз ана, бақытты ана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана

Айдын:

Құрметті мектебіміздің қарт ұстаздары Култышева Рима Федоровна, Калимова Любовь Ивановна, Петько Валентина Ивановна

2 жүргізуші: Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Сіздер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегісіздер.

Аяжан:
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, сіздерге ұзақ өмір мол бақыт тілейміз.

Келесі орындалар әсем биіміз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

Айдос:

Ең алғаш қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан бастауыш сынып ұстаздары: Сая Бейсенбекқызы, Райгүл Құлжабайқызы, Күләш Жұмағалиқызы, Роза Қасымханқызы, Татьяна Андреевна, Роза Жұмашқызы, Татьяна Стефановна, Бану Нуртілеуқызы, Раушан Әділханқызы, Татьяна Павловна,  Ардақ Оразалықызы, Эльмира Қабиқызы, Ақтоты Едігеқызы,  Самал Сарсенбайқызы,  Гүлнәр                                             Самал Асайқызы,               Зарина                                         сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Аружан:

– Құрметті де аяулы, ардақты ұстаз аналар, ұстаз апайлар. Өміріміздің гүлі, қуанышы – сіздерсіздер.

Айдос:

Өміріміздің мәні де, сәні де – сіздерсіздер. “Ана” деген есімге басымызды иіп өтеміз. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын, қымбатты бастауыш сынып ұстаздары!

 

Келесі орындалар әсем ән өздеріңізге арналады. Жеңісханның орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.

Аяжан:

Құттықтаймын мейрамыңмен ұстаздар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар,

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, шәкірттерің бағалар – деп келесі құттықтау сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кумекбаева Айман Тұрғалиқызына береміз.

(Құттықтау сөз. Ұстаздарды мақтау қағаздарымен марапаттау)

Аяжан:

Келесі орындалар ән құрметті Айман  Тұрғалиқызы өзіңізге және осында марапатталып жатқан ұстаздарымыздың құрметіне арналады. Жайлау Елдостың орындауында «Бақыттымын құрбылар» әнін қабыл алыңыздар.

Айдос

Ұлтын сүйген баламын

Ұлтым тілі – анамның.

Қазақ тілін үйреткен,

Ұстаздарға мың алғыс.

Аяжан:

Құрметті қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Нұршай Қайыпбекқызы,

Ұлбике Өмірбекқызы, Айгүл Оспанбайқызы, Гүлхан Жаманқұлқызы,

Қарлығаш Қанапияқызы,

Айдос:

Нурия Қыдырбайқызы, Назерке Қуанышбекқызы, Анар Жұманқызы, Гүлбаршын Барлыханқызы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, сіздерге мол бақыт, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілеп, келесі орындалар әнімізді өздеріңізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

(Байгереева Асияның орындауында «Қыздар әні»)

Аружан:

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз

Айдын:

Құрметті орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің ұстаздары:

Айман Тұрғалиқызы, Күләш Аметқызы, Ирина Андреевна, Ардақ Асымқызы,

Аружан:

Сауле Назарбекқызы, Меруерт Айнабекқызы, Марьям Исмаилқызы, Арай Еркінқызы, Әсел Маратқызы  сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық, ашық аспан тілейміз.

Айдын:

Әсет пен Айсұлудың орындауындағы  «Ана жыры» әні тек өздеріңіздің құрметтеріңізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.

Аяжан:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Айдос:

Құрметті математика, информатика пәнінің ұстаздары:

Махаббат  Маманқызы, Рахила Надырбайқызы, Елена Павловна,

Аяжан:

Майра Мамырбекқызы, Қамар Жұмағалиқызы, Гүлнар Болатқызы сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтап, келесі орындалар музыкалық сәлемімізді өздеріңізге арнаймыз. Асия мен РАсулдың орындауында «Ару ана» әнін қабыл алыңыздар.

Айдын:

Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,

Тербетеді сезім менен жүректі.

 

Аяжан:

Құрметті биология, өзін-өзі тану, химия, география, тарих пәндерінің ұстаздары: Гүлзайра Сейілқұмарқызы, Гүлнар Тесебайқызы, Альмира Рысбайқызы,

Айдын:

Гүлмира Алпысбайқызы, Гүлшира Құмарбекқызы, Сания Абдрахманқызы, Айжан Еркінқызы сіздерді бүгінгі көктем мерекесімен құттықтап,

Аружанның орындауындағы «Домбыра» әнін өздеріңіздің құрметтеріңізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.

Айдос:

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Құрметті Зейнеп апай,  музыка пәнінің мұғалімі Шарбану Шариқызы, еңбек пәнінің мұғалімдері Раушан Шахмуратқызы, Динара Төребекқызы,

Аружан:

Мектебіміздің кітапханашылары Гүлбану апай, Алмагүл апай, медбике  Катя апай, Ғалия апай, мектебіміздің есепшілері  Сания, Бұлбұл апайлар, Динара апай және мектебіміздің тазалығын сақтап жүрген апайларымызды мерекелерімен құттықтап, келесі орындалар музыкалық сәлеміміз тек сіздердің құрметтеріңізге аранаймыз. Қабыл алыңыздар.

Ақдидардың орындауында «Мама» әні.

Аяжан:

Құттықтау сөз кәсіподақ ұйымының төрағасы Садыков Ғабит Қарлыбайұлына беріледі.

Айдос:

Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға  5 б сынып оқушысы Сатыбалдиева Сымбатты шақырамыз. «Бір мұғалімнің мойындауы»

Әсет «Алтын ана»

Айдос

Арулар әрбір үйдің шаңырағы,

От болып әрбір үйге жағылады.

Таң болып әрбір үйде аттыдағы,

Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Аружан:

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар тіршілкке күретамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

 Айдын:

В этот мартовский день,
Мы желаем Вам добра, что вначале Весны
В день, когда пробуждаются силы природы
Мы хотим Вас поздравить от чистой души
Пожелать Вам здоровья и счастья на долгие годы!
Пусть весь год женский день не кончается,
Пусть в честь Вас прожурчат  ручейки,
Пусть Вам солнце всю жизнь улыбается

Аяжан:

Құрметті біздің ұстаз аналар, ұстаз әпкелер, Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, өмірдегі бар бақытты,

Айдос

Бар шаттықты, ұзақ та баянды өмірді, мол табысты,

Аружан

білімді шәкіртеріңіз көп болсын деп тілейміз.

Айдын:

Бүгінгі мектеп оқушыларының дайындаған мерекелік концертін көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Бірге:

Қош сау болыңыздар!

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше