Без рубрики

«Жайна, жаса Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік концерт

Алматы облысы Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия
Омарбекова Сания Абдрахманқызы

Мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.
Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнефильмдер, слайд, көркем суреттер.

1 жүргізуші:

Далада думан қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсай да  күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.

2 жүргізуші:

Сен де арманда едің ау, мен де арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.
1 жүргізуші:

Аспан түсіті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз – ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба — өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!

Слайд көрсетіледі.

(Мемлекеттік Гимн орындалады)

1 жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар мен қонақтар!

Бүгінгі біздің Үшқоңыр ауылындағы орта  ектеп-гимназияда өткелі отырған

«Жайна, жаса Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!

(Сарыарқа күйі орындалып, сахна ашылады)

2 жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда «Үшқоңыр» домбырашылар ансамблі

1 жүргізуші:

Сіздер Құрманғазы Сағырбавтың «Сарыарқа» күйін тыңдап, тамашаладыңыздар, келесі тыңдайтындарыңыз Құрманғазы Сағырбавтың күйі «Адай» қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.

1 жүргізуші:

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

2 жүргізуші:

Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!

1 жүргізуші:

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

2 жүргізуші:

Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы»

Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.

Экранға назар аударайық! (Слайд Тәуелсіздік)

1 жүргізуші:

Бұл күн ешқашан ұмытылмақ емес, ешқашан ұмытылмайды да. Тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан аға, әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен есе алайық!

2 жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін  салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел  экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт  те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.

1 жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!- деп ортаға «Қазақтай ел қайда» әнімен Ермаханды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Слайд  Қазақстан)

«Қара жорға» биі 7 а сынып оқушыларының орындауында

2 жүргізуші:

«Орнында  бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық  жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»  егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1 жүргізуші:

Тәуелсіздіктің  20 жылында қандай тарих жазылды. Экранға назар аударайық!

(Слайд 20 жыл)

2 жүргізуші:

Той боп жатыр, міне бүгін қаламда,

Той боп жатыр бүгін менің даламда.

Көркіменен бар әлемді тәнті еткен,

Ел ордамыз – «Астана» атты қаламда.

Ән. «Астана» Сіздердің қошеметтеріңізбен  6б сынып оқушысы Аружанды ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші:

Тәуелсіз – Қазақстаным, Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

«Жаса Қазақстаным» орындайтын Жайлау Елдос. Қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:

Сан ғасырлар  тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан —  Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

5б сынып оқушысы Айнурдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін  тасқа қашап,

Күмбез  көкте желбірейді көк байрағы

«Мен Қазақпын» Ермахан мен Абдирасулды ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші:

Қазақ жері – мекенім,

Байтағын бойлап жел ескен.

Мақтанып  мәңгі өтемін,

Тау менен дала теңескен.

Шегіне көзің жетпейтін,

Ата-анам – Қазақстаным.

Перзентінен көктейтін,

Мен балаң – Қазақстаным.

«Айналдым елім» Ақдидардың орындауында қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші:

Бөленген сұлулыққа далам менің,

Тыныстап, емін – еркін алар демін.

Тәуелсіз күндерімнің арқасы ғой,

Қарашы, ой да,

Қыр да,

Жаңарды елім,

Ғасырлар, Бабам күткен заман ба едің?!

«Туған елім» Гүлнұр 10а

2 жүргізуші:

Тарихтың белгілі енді алдамасы,
Оңтүстік – достық, бірлік жалдамасы.
Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,
Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!

«Нұр аға»  3 сынып оқушылары Гүлбану, Шыңғыс, Дильназдардың орындауында қабыл алыңыздар.

                                                                                      1 жүргізуші:

Тәуелсіздік! Бақытым, бақ-мұратым,

Сенсің маған биікті алдыратын.

Сенсің менде жүректі жандыратын.

Кәусәр сезім бақытқа қандыратын

Бар әлемге паш етіп теңдігімді

Мәңгі бақи тарихта қалды атың!

«Азияда» Ерасыл, Ермахан 5 а сыныбы

2 жүргізуші:

Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!

1 жүргізуші:
Тәуелсіздік! Бар бақыт, бақ – тұмарым,

Ұранымсың, жадымда сақтар әнім.
2 жүргізуші:

Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,

Айдай әлем алдында мақтанарым!

1 жүргізуші:

Құрметті қауым, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойы құтты болсын!

2 жүргізуші:

«Жайна, жаса Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік концертіміз осымен аяқталды

1 жүргізуші:

Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Қош сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.