Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясының
технология пәнінің мұғалімі
Кабжанова Раушан Шахмұратқызы
Сайыстың мақсаты:
- Технология пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру.
- Оқушыны ізденуге, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойды жүйелей білуге үйрету.
- Оқушы бойындағы жауапкершілікті, ізденісті, алға мақсат қоюды тәрбиелеу.
Өтетін орын : акт залы.
Зал безендірілген, сайыс тақырыбы ілінген.
Сайыс барысы :
1-жүргізуші :
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер-білім, бәріде ,
Оқуменен табылған.
2-жүргізуші :
Қазақ елі ежелден дара халық,
Өнерімен танылған дана халық.
1-жүргізуші : Бүгінгі « Білгенге маржан » атты сайысқа қатысатын топтарымызды шақырамыз :
7 А сынып — «Өнерлі қыздар»
7 Б сынып –«Қыздар-ай»
7 В класс – «Поварята»
2-жүргізуші : Әділқазылар алқасымен танысайық :
1-жүргізуші:
1-тур « Таныстыру » — топтар кезекпен шығып өздерін таныстырады.
2-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы топтардың ұпайларын көрсетіңіздер.
1-жүргізуші: « Мақал — сөздің мәйегі» демекші 2 түр «Мақал- мателдің жалғасын табу » сайысы.
1 Еңбек түбі мереке,
……. (көптің түбі береке)
2 Жаңбырменен жер көгерер,
……. (еңбекпен ер көгерер)
3 Әке көрген оқ жонар,
……… (шеше көрген тон пішер)
4 Кестенің сыры турінде,
…….. (кілемның сыры түгінде)
5 Қол өнері кілемде,
……… (сөз өнер өлеңде)
6 Еңбексіз өмір жоқ,
………. (ауырсыз жеңіл жоқ)
7 Дастарқанда наны жоқтың,
…….. (тамағының сәні жоқ)
8 Асың барда ел таны,
……… (атаң барда жер таны)
9 Шақырған жерден қалма,
… ….. (шақырмаған жерге барма)
10 Адамның көркі шүберек,
…….. (ағаштың көркі жапырақ)
2- жүргізуші: «Речь без пословиц, что пища без соли» гласит казахская мудрость. Команда «Поварята», по однаму выберайте свои пословицы слушаем ваши варианты продолжения пословиц.
1 Каков мастер,
………. (таково и дело)
2 Любишь кататься,
……… (люби и саночки возить)
3 Длинная нитка,
……… (ленивая швея)
4 Чем больше науки,
…………… (тем длине руки)
5 Делу время — …………………………. (потехе час)
2-жүргізуші: Әділ қазылар 2 –турдің үпайларын көрсетіңіздер.
1-жүргізуші:
«Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер құған ұрпақпыз»
дегендей, келесі 3 турда әр топтан бір қыздан шығып 10 минуттың ішінде 15шалу алып тоқиды. Тоқудың тегіс шыққаны, жиегі түзу т.б. міндері ескеріледі.
2-жүргізуші: Следуюший тур «вязальщицы» заключается в следуюшем с каждой команды по одной участнице, которые набирают на спицы по 15 петель и вяжут 10 минут. Учитывается ровность полотна, края и Т.д.
Пока наши участницы вяжут у нас музыкальная пауза.
Қыздарымыз тоқығанша ән тыңдайық.
1-жүргізуші: Әділқазылар «тоқу өнері» турдың ұпайларын көрсетіңіздер.
1-жүргізуші: Келесі 4-тур «сұрақ-жауап» туры. Кезекпен топтардың әр сыйыскері сұрақ алып жауап береді.
2-жүргізуші: Следующий 4 тур «Вопросы- ответы», где команды и участницы по очереди вытягивают вопросы и отвечают на них.
1-жүргізуші:
1 Инені матаға шаншып кіргізу үшін не қажет?
(оймақ)
2 Жаңа сойылған малдың өкпе- бауырынан жасалатын тағам?
(қуырдақ)
3 Көкөністерден жасалатын суық тағам?
(салат)
4 Жаңа төлдеген малдың алғашқы сүті?
(уыз)
5 Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бағалы бүйым? (білезік)
6 Қағазды қиятын құрал?
(Қайшы)
7 Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?
(Қымыз)
8 Ыстап кептірілген еттің атауы?
(Сүр ет)
9 Матаны ылғалды жылумен өңдеу дегеніміз?
(үтіктеу)
10 Қалыңдықтың бас киімі?
(сәукеле)
2 -жүргізуші: ответы на вопросы команды «поварят»
1 Холодное блюдо из овощей?
(салат)
2 Тонкий кусок хлеба, покрытый маслом, ломтиком сыра или ветчины?
(бутерброд)
3 Целебный напиток из кобыльего молока?
(кумыс)
4 Какое приспособление защищает пальцы от прокола иглой при выполнении ручных работ?
(наперсток)
5 Какова длина нити, применяемая для ручных работ?
(до локтя)
1-жүргізуші: «Сұрақ-жауап» турдың ұпайлары
1-жүргізуші: «Қүрғақ қасық- ауыз жыртады» демекші «салат жасау» турына жеттік .
2 -жүргізуші: «Сухая ложка — рот дерет» и мы приступаем к 5 туру «приготовление салатов». Пока по 2 участницы с каждой команды готовят салат. Музыкальная пауза.
1-жүргізуші: Әділ Қазылар алқасы қыздар жасаған салаттарын бағалап ұпай сандарын көрсетіңіздер.
2-жүргізуші: 6-тур «Жұмбақ шешу» сайысы.
1. Екі басты жалмауыз, келіп аузын ашады,
Алдына түскен нәрселер, өзінен өзі қашады
(қайшы)
2. Қос таяқты, бастары дөңгелек
Тұтасты жасайды бөлек-бөлек
(қайшы)
3. Киім деуге жатпайды
Киімді кірден сақтайды ( алжапқыш )
4. Есігі жоқ, тесігі жоқ
Ақ доптың ішінде несібі
(жұмыртқа)
5.Суда туады, суда өледі
(тұз)
6. Ағайынды екі батыр,
Қылыштасып келе жатыр
(қайшы)
2-жүргізуші: тур «Загадки»
1. Суп, салат, рагу, гарнир,
Кто над этим командир
(повар)
2.Сидит барыня в ложке, свесив ножки
(лапша)
3.Белый тулупчик, сшит без рубчика
(яйцо)
2-жүргізуші: Оценки за тур «Загадки» нашим командам
1-жүргізуші : « Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың » сайыскерлердің жасаған бұйымдарын көріп тамашалайық
2-жүргізуші : Жаңылтпаштар айтып айтысу
1. Есет ет асатар, ет асатса – бес асатар
2. Майға нан бұлғар, жай бұлғағанша қол бұлғар.
3. Ветры
Березкам
Делают
Прически
Без расчески
1-жүргізуші : Әділқазылар алқасы сөз кезегі сіздерде.
2-жүргізуші : Осымен сайысымыз аяқталды.Көріп тыңдағандарыңызға рахмет.
1 Тур Таныстыру төс белгісі |
Форма газета |
2 Тур мақал-мәтел жалғастыру |
3 Тур тоқу өнері |
4 Тур сұрақ- жауап |
5 Тур Салат жасау |
6 Тур Жұмбақ шешу |
Жаңылтпаш |
Музыкалық нөмір |
барлығы |
|
7 «а» | ||||||||||
7 «б» | ||||||||||
7 «в» |