«БІЗ БАҚЫТТЫ СТУДЕНТПІЗ!» атты студенттік қатарғ а қабылдау колледжде өтті.

Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман-мұраттар байқалады. Бұл әсерге толы сәтке 25 қазан күні Байқоңыр «Космос» колледжінің акт залында өткен 1-курс студенттеріне арналған «Біз бақытты студентпіз!» салтанатына куә болдық.

Мерекелік іс-шараға Байқоңыр «Космос» колледжінің директоры А.Дауленбаев, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша филиалының меңгерушісі Ш.Суйембетов, колледж оқытушылары қатысты. Салтанатты кеште алғашқылардың бірі болып колледж директоры сөз сөйледі.

3 курс «Есеп және аудит» студенті Жангаскаева Назерке – былтырғы колледж үздігі,1 курс «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» тобының студенті Райым Самалға білім кілтін ұсынып, барлық студенттерге сәттілік тіледі.Ал 2 курс «Оптикалық және электрондық жабдықтар» тобының студенті Жағыпарова Фарида, 1 курс «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенті Назаров Төребиге студенттік билет тапсырды. 1 курс атанған «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығының студенті Мұхамедияр Дәулет ант қабылдады.

Колледж директоры Дауленбаев Ануар ағайымыз білімгерлерге лебіздерін білдіріп, сынақ кітапшасын тапсырды.

Қабылдау кешінде колледждің өнерлі жастары, әншілері, өнер әлемінің өкілдерінің әсем әндері мен мың бұралған бишілердің билері көрерменге қуаныш сыйлады. Мұны акт залында жиналған колледж жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдген күлкілерінен анық байқағанымыз рас. Кеш соңы би кешіне ұласты.

Байқоңыр «Космос» колледжінің «арнайы пәндер» оқытушысы

Төлегенова Назым Бақтыбайқызы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше