«Салауатты өмір салтын қолдаймыз» эстафеталық сайыс

img 20141031 175608
Қазалы ауданы әкімдігі, Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелері арасында Жанқожа бабаның 240 жылдық мерей тойына және бабамызды еске алу мақсатында «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында эстафеталық сайыс болып өтті. Сайысқа қатысушылар кедергілердің арасынан жүгіріп өту, жіппен секіру, картоп егу, қаппен секіру, қыздар арасында қолкүрес, арқан тартыс секілді бөлімдер бойынша күш сынасып, додаға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бағы да, бабы да оқ бойы оза шапқан №16 орта мектеп мұғалімдері І орын, №17 орта мектеп мұғалімдері ІІ орын, Қазалы аграрлы-техникалық колледж мұғалімдері ІІІ орын алып, Дипломдармен, медальдармен марапатталды. Жақсы нәтижелерімен ерекшеленген командалар Алғыс хаттармен марапатталды. Мынжасарова Светлана
45minut.org басылымының Қызылорда Редакциясы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше