Үздік кітапханашы – 2014
Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын – кітапхана. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұр-пақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кі-тапханада осы міндетті бірге атқарады.
Кітапхана – пайдаланушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырман-дар арасын жалғастырушы – кітапханашылар.
Осы орайда жақында Жетібай селосы № 3 орта мектебінде Қарақия ау-дандық білім үйлестіріу орталығының әдіскері З.Забированың ұйымдастыруы-мен «Үздік кітапханашы – 2014» сайысы өтті. Сайысқа аудан мектептерінің кі- тапханашылары қатысты. Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс іс-тейтін, рухани – адамгершілік, ақпараттық мәдениетті меңгерген, жан-жақты да-мыған жоғары интелектуалды деңгейдегі үздік кітапханашыны анықтау. Бай-қауда бақ сынаған кітапханашыларға өздерін таныстырып, кейіннен кәсіби ше-
берлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытуға мүмкіндік берілді.Сондай-ақ «Өнерлі кітапханашы» кезеңінде өз өнерлерін ортаға салды. Соңғы кезеңде тест сұрақтарына жауап берді.
Сонымен байқау қорытындысында көрші № 8 орта мектеп кітапханашы-
сы Шаханова.Қ жүлделі 1-орын, Қашаған орта мектебінен Шалқарбаева.Ж
2-орын, Құланды орта мектебінен Елемесова.Ж 3- орын иеленді. Ынталандыру сыйлығын №4 орта мектебінен келген Бесімбаева.Г мен № 3 орта мектеп кі-
тапханашысы Құртышева. А бөлісті. Сайыстың нәтижесі бойынша Шаханова.Қ
пен Шалқарбаева.Ж алда ауданымыздың намысын қорғауға облысқа барады. Осы орайда әріптестеріме сәттілік тілеп, биік асулардан көріне беріңдер дегім келеді.
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы Жетібай селосы
№ 3 орта мектеп кітапханашысы Т.Нұржігітова
