«Ұстаз белсенділігін қашықтықтан арттыру жолдары» Дөңгелек үстел. Қазалы қаласы. Қазалы аграрл ы-техникалық колледжі

Республикалық 45minut.kz басылымының Қызылорда облысы бойынша ресми тілшісі Мынжасарова Светлана тарапынан іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес алғашқы жұмысын басылымның мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында 11.11. 2014 жылы Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Ұстаз белсенділігін қашықтықтан арттыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысындаРеспубликалық 45minut.kz басылымының мақсаты, 2013-2014 оқу жылында жүргізілген жұмыстар мен нәтижелер көрсеткіші, 2014-2015 оқу жылының жылдық жоспары, басты жаңалықтары презентация арқылы түсіндіріліп, толық мағлұмат берілді. Дөңгелек үстелге мекеме басшылары мен мұғалімдері қатысып, ұстаз белсенділігін қашықтықтан арттыру ең ыңғайлы, ең қолжетімді мүмкіндік екендігі туралы өз пікірлерін білдірді.

Колледждің ІІ санатты физика пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақысына ие болған ұстаздардың бірі Айнұр Оспанова: «Бүгінгі дөңгелек үстел барлық қатысушыларға өз пайдасын берді. Бұрын http://www.45minut.kz сайтын тек сабақ жоспарын дайындауда пайдаланатынбыз. Ал биылғы оқу жылындағы жаңалықтар еріксіз қызықтырады екен. Әр облысқа ресми тілші тағайындау редакцияның жұмысын жандандыра түсері анық. Аларынан берері көп екені көрініп тұр. Алдағы уақытта міндетті түрде шығармашылық қарым-қатынаста боламыз. Жас келсе іске дегендей, алдағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз»,- деп өз ризашылығын білдірді.

Жақсы істер жалғасын таба береді. Біз Ұстаздар үшін қызмет етеміз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше