”Сақталу заңдары” қайталау

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназияның
физика пәнінің мұғалімі Қ.Т.Сатыбалдина

Сабақтың тақырыбы:  ”Сақталу заңдары”  қайталау
Білімділік мақсаты:Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп,қызығушылығын арттыру
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін мен танымдық әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды әрбір істі саналы түрде орындауға,шапшаңдыққа,өз пікірін     еркін айтуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: қайталау, жинақтау

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жинақтау,ой туғызу

Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызбалар,сандық,сапалық есептер,дидактикалық материалдар,   слайдтар, электрондық оқулықтар

Сабақтың құрылымы:

                                      1.Ұйымдастыру

2.Білімді тексеру:

а) “Білімділік” сайысы

в) “Шапшаңдық” сайысы

с) “Формуланы білесіз бе?” сайысы

д) “Ойлан,тап” сайысы

3.Қорытынды

4.Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Сабақтың девизі:  «Білекті бірді, білімді мыңды жығар»

Интертақтада сайыс шарттарын және орындалатын тапсырмаларды ретімен слайдтар арқылы көрсетіліп отырады.

  А) “Білімділік” сайысы. Үй тапсырмасын семантикалық картаға түсіру (электрондық    оқулық көрсетіледі) .

  В) “Шапшаңдық” сайысы. Сапалық есептерге үңілсек…

а)тас құлағанда

в)допты жоғары көтергенде энергияның қандай   түрлендірулері болады?

Жауабы:а)тастың Еп  азайып, Ек артады.

в)доптың Ек азайып, Еп  артады.

2.Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында кинетикалық,потенциялдық энергиялар   бар?

а) жол үстінде қозғалған автомобиль

в)жоғары көтерілген дене,сығылған серіппе

Жауабы: а) Ек           в) Еп

3.Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуына мысал келтір.

4.Жеңіл атлетиканың бір түрі таяқпен биіктікке секіру болып табылады.Неге спортшы планка тұрған биіктікке жететіндей болып секіру үшін алдын ала қатты жүгіру керек?

Жауабы:спортшы денесін көтергенде потенциялдық энергияға айналатын үлкен кинетикалық энергияға ие болу үшін.

С) “Формуланы білесіз бе?” сайысы. Есеп шығару

1.Массасы 0,5 кг футбол добы қақапа бойына қарай 10 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Қорғаушы 4 м/с жылдамдықпен оған қарсы жүгіріп келеді.Доптың қақпаға және қорғау-  шыға қатысты кинетикалық энергиясын табыңдар. (25 Дж, 49 Дж)

2.Серіппелі таяқшадан 6 м/с жылдамдықпен тік жоғары кішкене шарды атады.Шар қандай  биіктікке көтеріледі? Серіппенің массасы сен ауа кедергісі ескерілмесін. ( 1,8 м)

3.Қатаңдығы 250 Н/м серіппенің деформациясы қандай

болғанда,оның энергиясы 500 Дж болады? ( 2 м)

4.Массасы 300 кг дененің 1,5 м биіктіктен жерге құлап түсіп ұрылғандағы кинетикалық энергиясын тап. (4,5 кДж)

Д) “Ойлан,тап”  сайысы. Тест бойынша жұмыс.

   III. Қорытынды:  “Бес жол” өлең

1.Есімі (физикалық шама)  –  ?

2.Бейнесі (белгіленуі) – ?

3.Қызметі ( формуласы) – ?

4.Ортамен байланысы (формуланы түрлендіру) – ?

   IУ.Үйге тапсырма:  § 65-§ 68.№ 453 (К), 40-жаттығу,№2.

У.  Бағалау.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше