Алғашқы ғарышкерлер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназияның
физика пәнінің мұғалімі Қ. Т. Сатыбалдина
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ғарышкерлер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: бүкіл еліміз адамзат баласының ғарышқа тұңғыш жол салуының және ғарышқа ұшу арманының орындалуын тұлғалар арқылы байланыстырып анықтау;
дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділіктерін,ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: патриоттыққа, ұқыптылыққа, ерлікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: семинар сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ғарышкерлердің суреттері, плакаттар,кестелер, көріністер,тақырыпты ашатын фрагменттер,викториналар,жұмбақтар, ақындарөлеңдері,видеофильм.
Сабақтың жоспары:
1.Ғарыш. 1-ші ғарышкер:
а) Отбасы. Білімі. Жұмыс орны.
ә) Ғарышқа даярлық. Ұшу және оралу.
в).Қызметі.Әскери атақтары.Наградалары.
с)Өмірінің ақыры…
2. Қазақстан ғарышкерлері.
3.М.Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңі.
4.Космонавтикалық викторина.
5.”1-ші ғарыштық жылдамдық” интермедия.
6.Қорытынды: видеофильм «Ю.Гагарин».
Сабақтың барысы:
(Интерактивтік тақта арқылы сабақ бірінен соң бірі слайдтармен көрсетілді.)
Ғарыш десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді.
Ғарыш – (араб тілінен) аударғанда – кеңістік, космос (қазақша) деген сөз.
Қазақстандағы Байқоңыр космодромынан ғарышқа самғап ұшқан халық батыр-
лары-Ұлы Отанымыздың мақтанышы.
1. 4 қазан 1957 ж. Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды
2. 12 қыркүйек 1959 ж. Айға қарай зымыран ұшырылды.
3. 12 сәуір 1961 ж.м.у.б.12 сағатта бұрынғы Одақтың барлық радиостанциялары
адамның ғарышқа тұңғыш ұшу сапарының сәтті аяқталғанын хабарлады.
Бірінші ғарышкер Рессий азаматы – Юрин Гагарин. 9.03.1934 ж.Рессейдің Смоленск облысының Гжатск (қазіргі Гагарин) ауданында дүниеге келген.
Сол адамға,арада 50 жыл өте шыққан сол күнге тағы бір қайырылып қарасақ:
Отбасы:
Зайыбы: Валентина Ивановна Гагарина Орынбор медицина училищесін бітірген,зейнеткер.
Қыздары: 1.Елена – 2001 ж.бастап Федералдық “Мемлекеттік «Москвоский Кремель»тарихи-мәдени музей қорығы” бас директоры.
2.Галина – Плеханов атындағы Мемлекеттік академияның оқытушысы.
Білімі:
1. 1951 ж. Люберецк жастар мектебі.2. 1955 ж. Саратов индустриялдық техникумы.
3. 1955 ж. Саратов аэроклубы. 4. 1957 ж. Орынбор қаласы К.Е.Ворошилов атындағы №1 әскери авиациялық ұшқыштар училищесі.
5. 1968 ж. Н.Е.Жуковский атындағы әскери –инженерлік академия.
Жұмыс орны:
1. 1957 ж. №769 истребительдік авиация полкінің ұшқышы. 2. 1959 ж. аға ұшқыш.
Ғарышқа даярлық:
1. 7.03.1960 ж. Әскери-әуе күштері Ғарышкерлер даярлау орталығының тыңдаушы-ғарышкері; 2. 16.03.1960 ж.- 18.01.1961 ж. – жалпы ғарыштық даярлықтан өтеді;
3. 17.01.-18.01.1961 ж. ғарышкер қызметі.
Ұшу және оралу:
1961 ж.12 сәуірде м.у.б. сағат 9.00-ден 7 мин. кеткенде старт алған “Восток” Жер
ді 108 мин. бір айналып шығып,10 сағ.55 мин.34 сек.ұшу жоспарын аяқтады.
Қызметі
1. 1961 ж. 25.01. ”әскери-әуе күштері ғарышкері” .2. 23.05.1961 ж. аға нұсқаушы-ғарышкер,1-ші отряд командирі.3. 16.01.1963 ж. ғарышкерлер отряд командирі.
4. 20.12.1963 ж. ғарышкерлер даярлау орталығының бастығының орынбасары.
5. 14.03.1964 ж. ғарышкерлер даярлау орталығы бастығының ғарышқа ұшуға даярлау жөніндегі орынбасары.6. 20.03.1964 ж. 3-ші бөлімнің бастығы,ғарышкер даярлау орталығы бастығының орынбасары.
Әскери шендері (атақтары):
1). 11.1955 ж. Курсант. 2). 22.02.56. курсант сержант. 3). 5.11.57. лейтенант.
4). 5.11.59. аға лейтенант. 5). 12.04.61. майор. 6). 12.06.61. подполковник.
7). 6.11.63 полковнник.
Наградалары:
1.Чехословакия Социалистік, Болгария Халық, Вьетнам Демократиялық Республикасы-
ның Еңбек Ері атақтары;
2.Григорий Димитров (Болгария), 2-ші дәрежелі жұлдыз (Индонезия), Әуені зерттеу саласындағы табыстары үшін т.б. ордендермен.
Байқоңырдағы Гагариннің ұшуына ескерткіш
Өмірінің ақыры…
Ол 1968 жылы 27 наурызда ұшқыш-сынаушы,полк командирі,Кеңес Одағының
Батыры В.С.Серегинмен бірге УТИ-МиГ-15 ұшағымен әуе жаттығуы кезінде апатқа
ұшырады. Ұшақ Владимир облысы КирЖач ауданының Новоселово деревнясының маңайына құлады.
Марфуға Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңінен үзінді:
Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік,ғарыш керек,
Көз жұмбасам ерлікке,самғап бекер!
Қос ғарышкер,қос батыр,қос жұлдызым,
Мерейлі етіп тұрсыңдар,достың жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін!
Қазақстандық ғарышкерлер,халық қаhармандары – Тоқтар Әубәкіров мен Талғат Мұсабаев туралы мәліметтер беріледі.
Ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан 3-ші ғарышкер –Айдын Айымбетов мен Мұхтар Аймақанов туралы пікірлер.
Космонавтикалық викториналар:
1. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды?
2. Космонавтиканың негізін қалаушы кім?
3. Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды?
4. Космодром қай жерде,аты қандай?
5. Ең алғаш ғарышқа кім ұшты,қашан?
6. Ғарышқа ұшқан әйел аты?
7. Қазақстан ғарышкерлерін ата.
8.Космонавтиканың туған күні қашан?
9.Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
“Бірінші ғарыштық жылдамдық” интермедия:
1-оқушы: Өй, сонша, асығып қайда барасың?
2-оқушы: Ой, айтпа, кеше телеграмма келді, Марс планетасындағы физика кешіне бара жатырмын.
1-оқушы: Қандай жылдамдықпен деші, сағатына 140 км/сағ. жылдамдықпен ұшамын.
2-оқушы: Ондай жылдамдықпен сен Қазақстаннан да шықпайсың.
1-оқушы: Ей,мынау не дейді? Онда мен машинадағы ең үлкен жылдамдықпен
180км/сағ. жылдамдықпен ұшамын. Онда қайтесің?
2-оқушы: Сен бар ғой, ондай жылдамдықпен Жер планетасынан да шыға алмайсың.
1-оқушы: Не дейді,сонда мен қандай жылдамдықпен ұшамын?
2-оқушы: Бір секундта шамамен 8 км-ге кетуің керек. 8 км/сек. 1-ші ғарыштық жылдамдықпен ұшасың.
1-оқушы: Рахмет-рахмет! Үлкен көмек көрсеттің.Сау бол! 1-ші ғарыштық жылдамдықпен ұшамын. Ура! Ура !
2-оқушы: Ұшамын дейді? Физикадан түк білмейді екен ғой?
Кім тапқыр? Сөйлемдерді дұрыс тауып оқу.
1. “нүК – дызжұл”
Жауабы: Күн – жұлдыз.
2. “ларшарламҒа”
Жауабы: Ғаламшарлар
3. “неМ – реж мінтізенпер”
Жауабы: Мен – жер перзентімін.
4. “діргілКө панас”
Жауабы: Көгілдір аспан.
Фантастикалық өтірік өлең: « Марсқа сапар»
Вертолетке міндім де,
Самғап ұштым ғарышқа.
Төбесінен топ етіп,
Қондым барып Марсқа.
«Қазақстан» деп жазылған
Белгі еттім затымды.
Астронавт боп мен зерттеп,
Жазып кеттім атымды.
Тасын алып Марстың,
Кері қайттым Жеріме.
Сапарымды қызықты,
Жыр қып айттым еліме.
Халқым маған қол соқты,
Ерлігіме таңданып.
Жұмбақтар:
1. Сатайын десем ауыр кілем, 2. Өлшеусіз піштім,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер) Жіпсіз тіктім. (Жер)
Сабақты қорытындылау: видеофильм «Ю.Гагарин »
Оқушыларды марапаттау.
