Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжым әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу, суреттер салғызуға да болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл жаттығу-ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды қарастырмақпын. Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.
Жаттығулар
Төмендегі жаттығулар адамның ішкі дүниесінің “Менін” сезінудге, өз бейнесін сомдауға бағыттайды. Өз “Мені” арқылы өзіндік қалыптасушылыққа, өзіндік ерекшелікке, өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізе алады.
“Мен” жаттығуы. Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.
Менің атым……………….. . Мен …………..(оқушымын). Менің жасым ………………….. . Менің әкем………………….. . Менің шешем………………. . Менің ұлтым……………… . Менің түрім……………….. . Менің бойым………………….. . Менің көзім………………… . Менің досым………………. . Менің мекен—жайым…………………………………………………………………………. .
Сыртқы “Мен”— ім |
Ішкі “Мен”— ім |
Жаттығулар: “Менің басқа есімім?” немесе“Маған аяулы есімдер“
Өзіне-өзі талдау. “Мен кіммін?”. Параққа немесе қойын кітапшаларыңа осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендердi атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңдісалуға болады.
Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп қысқартып айтатындарын жазыңдар.
Талдауға арналған сұрақтар:
- Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?
- Сенің атың нені білдіреді?
- Сенің фамилияңның тарихы бар ма?
Жаттығу “Менiң өз таңбам немесе төл белгім”.
Мұғалім сөзі: Ертеректе қамалдың қақпаларына әулеттің таңбасы мен ұранын, қысқаша нақыл сөзін, билеушінің басшылық мақсаты мен іскерлігін көрсететін әдет-ғұрып болған екен. Алдарыңдағы параққа өз таңбаларыңның суретін салып және оған өмірлiкұстанымыңды бейнелейтін ұран тауып, өзіңе және бүкіл әлемге тұтастай қатынасыңды суретте. Өз төл белгіңді немесе таңбаңның суретiн салуға және ұраныңды жазуға5 минут беріледі. Егерде сен сурет сала білмесең қысылма, сурет салуды баста, сеніңқолыңнан келеді.
Суреттерден көрме жасалады.Суреттергереттік нөмірлер беріледі, суретшілердің аты-жөндері жазылмайды.
Жаттығу: “Психологиялық дайындық”. Көзіңді жұмып, денелерiңдi бос ұстап былайдеп iштерiңнен қайталаңдар: “Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін.
Талдауға арналған сұрақтар.
·Сен өзің жайлы не айта аласың?
·Сен өзiңнiң жан-дүниең туралыне айта аласың?
·Өз жан-дүниең болашақта саған қалай қызмет етедi деп ойлайсың?
·Өз-өзіңмен келісімге келе алдың ба?
Жаттығу: “Қадір-қасиет”.
Топ мүшелері шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында доп. Қазір біз, бір-бірімізге допты лақтыра отырып, сол бопты берер адамның қасиетін айтамыз. Ұқыптылықпен бәріміз түгел бұл жұмысқа қатысайық.
Топты 3 топқа бөлеміз (парақтар, фломастерлер таратамыз, баяу әуен қосамыз, параққа жазылған тапсырмалар таратамыз).
Топтарға тапсырма:
1 команда . Асханадағы өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және жазу.
2 команда. Театр, кино, акт залындағы өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және жазу.
3 команда. Қоғамдық көліктегі өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және жазу.
Әр топ жауаптарын дайындайды, жаттықтырушы керек болған жағдайда топтарға көмектеседі. Талдаудан кейін, топтар жауаптарымен шығады. Төмендегіше ережелерді білгені абзал.
Асханадағы негiзгi ережелер:
- Ас ішер алдында қолыңды жу (кір қолмен ас ішу тәрбиесіздік қана емес, сонымен қатарденсаулыққа өте зиян. Кір қолда көптеген микробтар өмір сүреді, ал сабын мен су оларды жояды).
- Ас ішерде дастарханға кешігуге болмайды.
- Ас ішер алдында, барлығына: “ас дәмді болсын дегенді айтуды ұмытпа”
- Ас ішкенде сөйлеспе.
- Үстелде тік отыру қажет, өте жақын емес, ас ішкенде кішкене еңкеюкерек.
- Дастарханда отырғанда айналаңдағы адамдардың тәбетін бұзбауға тырыс.
- Тәрелкедегі тамақты жан-жағына жақпа, нан ұнтағын шашпа және тәбет қашыратын әңгімелер айтпа.
- Ас ішкенде күлуге болмайды
- Ас ішкенде асықпай, үнсіз, аузыңды жауып іш.
- Үстелде шылпылдатпа
- Нанды екі қолыңмен үз, уатпа, қиқымын тастама.
- Дәмдi түскі ас үшін алғыс білдіруді ұмытпа (таңғы ас, кешкі ас)
Кино, театрда өзін қалай ұстау ережесі.
Кинотеатр, концерт залы, театрға бару – бұл қашанда мейрам. Бірақ, бұл үшін қоғамдықорындарда өзін-өзі қалай ұстаудың негiзгi ережесін білу керек:
- Қойылымға кешігу әдепсіздік
- Залда бас киімді шешу керек. Театр залында немесе мұражайда отырып шоколад жеуге,печенье қытырлатуға, сусын ішуге, пісте шағуға, оны шашуға болмайды.
- Егерде сен қасыңдағы адаммен ой бөліскің келсе, мұражайда жәй ғана сөйле, ал театрда үзіліс кезінде ғана сөйлесуге болады.
- Қатты дауыстап күлуге болмайды.
- Үзіліс кезінде әбден ашықсаң да асханаға қарай ентелеме.
- Қойылымнан кейін актерлерге қол шапалақтап қошемет көрсету керек, киіміңді алуға асықпа.
Қоғамдық көліктегі негiзгi ережелер:
- Көршіңді итерме, оған сүйкенбе
- Айып төлемес үшін, жол ақысын төле.
- Өтетін жолды жаппа.
- Автобус, трамвай, троллейбус, метроға балмұздақпен кірме.
- Қатты сөйлеспе, айқайлама.
- Қарт кісілерге орын бер.
- Қоғамдық орындарда мәдениетті адам мұрын шұқылап, есінеп, түкірмейді.
Жаттығу-ойын: “Ол қандай?”
Ойынға қатысушылардың біреуі бірнеше секундқа есіктің сыртына шыға тұрады. Бұл уақытта қалғандары өз араларынан біреуінің есімін жасырады. Есіктің сыртындағы ойынға қатысушы сыныпқа кіріп, “ол қандай?” деген сұрақ қояды. Оқушылар оның қандай екендігін бір сипатымен білдіріп отырады. Кім туралы айтылып жатқанын осы сипаттарға қарап табуға болады.
Жаттығу: “Сиқырлы таяқша”
Елестетіп көріңдерші, сендердің әр қайсыңның қолдарыңда ғажайып туғызатын сиқырлы таяқша бар. Сендер онымен өз үйлерiңдегi заттарға, адамдарға тигізіп және қалауларыңша оларды өзгертіпкеле жатырсыңдар, егер де ештеңе өзгерткілерiң келмесе, мүмкін бір нәрсені әсемдегілерiң келетін шығар. Өзіңдерiңнің өзгертулеріңді дәптерлеріңе жазып немесе суретін салып отырыңдар. Осылайша, әрқайсысы өз үйлеріне кіреді…
Талдауға арналған сұрақтар:
Біздің ойлы сиқырымыз аяқталды. Сендердің кейбіреулерің, өз үйлеріңде сиқырлытаяқша көмегiмен нені өзгертіп немесе әсемдеу үшін пайдаланғандарың туралы айтып бергілерiңкеле ме?
Балалар өздерінің жазғандарын оқиды немесе салған суреттеріне түсінік береді.
Жаттығу: “Шырақ”
Сендер өз үйлерiңде болғанда — өз бойларыңдағы бір нәрсені өзгерткілерiң келе ме? Әдемі үйде дұрыс мәдениеттi және таза жанды әдемi адамдар өмір сүруі керек. Отбасындағылардың біреуі бұл туралы айтқан болар? Егер сендер сиқыршы болсаңдар, бұл мүмкіндіктеріңді пайдалана отырып, өздеріңнің бойыңдағы әдепсіз, зиян әдеттерден арылыңдар. Оларды бір параққа жазыңдар, бұдан былай сендердiң бойларыңда жаман әдеттер қалмау үшiн, біз оларды қазір өртеп жібереміз.
Балалар қағазға өздерінің жаман, зиянды әдеттерін жазып, дауыстап оқып, шырақтың жалынына өртеп жібереді.
Рөлдiк ойындар
Адам өмірде өзiнiң жасаған әрекетiне әрдайым сенiмдi бола бермейдi. Рөлдiк ойын -ол ынталандырудың бiр түрi, қатысушы белгiлi жағдаяттарда өзiнiң iс-әрекетiн түрлiше көрсетуге мүмкiндiк алады. Түрлi нұсқадағы ойындар бiрнеше рет нақты әрiжеке сәттерiмен ойналады, топ мүшелерi ойынның жеке және жалпы сәттерiн талдауға мүмкiндiк алады, содан оны талдап өз iс-әрекеттерiнiң өмiрлiк бағыттарын анықтайды.
Ұйымдастырушының мiндетi – оқушының өзiне көзқарасын сырттан бақылап, оның осы жағдайдағы өзiнiң әлсiз және мықты жақтарын, жақсы қарым-қатынас үшiн ненi өзгерту керектiгiн түсiнуiне көмек көрсету.
Рөлдiк жағдаяттардың тақырыптары әртүрлi болуы мүмкiн:транспорттағы танысудан бастап, мектептегi, сыныптағы, көшедегi, дискотекадағы жағдайларды қосуға болады. Рөлдiк ойын барысындағы жинақталған тәжiрибе барлық қатысушылардың қатысуымен талданып бағаланады.
Рөлдік ойындар:
Балаларберілген тапсырмалар жазылған парақты алып, ойнайды.
1-тапсырма. Ойланыңдар, мектеп директорының хатшысы сабақтан бір баланы шақыруы тиіс. Ол оның аты-жөнін қолдана алмайды, бет-әлпетін де білмейді. Басқаша қандай тәсілді қолданып шақыруы мүмкін?
2-тапсырма. Дәрігер медбикесіне, ауыр халдегі ауру адамға дәрілер жазғандығын түсіндіреді. Ауру адамның аты-жөнін қолдануға болмайды. Кім туралы айтып тұрғанын қалай түсіндіргені жөн?
3-тапсырма. Журналист машинисткаға мектеп реформасы жайлы жазылған мәслихат депутатының мақаласын бастырады. Кім сөйлегендігін қалай білеміз, өйткені аты-жөні белгісіз.
Рөлдік ойындар көрініспен көрсетіледі. Әр көрініске 1 минут, талқылауға – 2 минут. Адамға есім қою не үшін керек екендігін қорытындылату қажет. Есім қою тарихынан мәлімет білеміз бе?.
Рөлдік ойындарға берілген жағдаяттар:
1. Сенің туылған күнің. Саған қонақтар шақырылған уақыттан ертерек келді. Дастарқан әлі жайылған жоқ. Қонақтарды қабылдаудағы әрекетің қандай болмақ?
2. Сен екі бірдей сыйлық алдың. Қос сыйлықты қатар қабылдаудағы іс-әрекетің.
3. Сен досыңа, математика пәнінен не берілгендігін білу үшін телефон соқтың. Телефонға оның әжесі келді. Сенің ол кісімен әңгімең қалай болады?
4. Әмбебап дүкенінің есігі алдында ер бала мен қыз кездесті. Ер бала қызға жол бергенше оның артынан көтерген заттар бар, әмбебап дүкеннен шыққан көп адамдар тобы жиналып қалды. Қандай күйде боласың?
5. Сен өзінің сыныптас құрбыңнан көптен бері оқып шығуды армандап жүрген кітапты сұрадың. Кітаптың иесі “бұл үшін маған сен не бересің?” — деп сұрайды. Ұзақ уақыт жалынып, жақсылау бір затыңды сыйлаймын деген уәдеңнен кейін ғана кітап иесінің келісімін алдың.
Төртбұрыштық әдіс. Балаларға фигуралар таңдау ұсынылады. Күн, гүл, тұмар сияқты таңдалған фигураларға сәйкес топтар құрылады. Топтарға параққа жазылған тапсырмалар таратылады. Балаларға тақырып бойынша, төртбұрыш кестесiмен жұмыс істеу және қозғалу ұсынылады. Кең бөлменің төрт бұрышына топ мүшелері үшін үстел мен жағалар орындықтар қойылады. Үш үстелге топ уақытша отырады да төртінші бос үстелге балалар тапсырмаға жауап беру үшін бірінен соң бірі топпен ауысып отырады. Бұл “сынақ столы” деп аталады. Төртінші үстелді мұғалім ойын мен сайыс талабына сай жабдықтап отырады.