«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын

Ақмола облысы, Щучинск қаласы №1 мектеп-гимназиясы

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімдері:

Уалиева Н.Б, Байсакалова М.А.

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ (интеллектуалдық ойын)

« ТІЛІҢМЕН ЖҮГІРМЕ, БІЛІММЕН ЖҮГІР» 3-4 сынып

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Жүргізуші: Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін-

демекші Тіл — өте маңызды құрал.Тіл болмаса , адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай , әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемкеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру — ҚР-ның әрбір азаматының парызы.

Жүргізуші: — Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» атты ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық ойынның қатысушыларын шақырамыз.Қошемет етіңіздер!

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде ,

Өзіндік иенің үнім бар, — дегендей, оқу мен білім нәрін сусындатқан мына сайыскерлерімізді шақырайық:

  1. Хамиев Абылай
  2. Абдикаппар Сырым

  3. Сарманова Аделя

  4. Касымова Дина

  5. Калмаганбетова Азиза

  6. Кажмуканова Фариза

Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,

Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!

1.Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Буланова Қ.Т.

2.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Абдрахманова А.Ж.

3.Ағылшын тілі пәнінің Нұрмаханова Г.М.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс төрт асудан тұрады.

1 тур Бәйге

2тур Дода

3 тур Көкпар

4тур Жорға

1 тур Бәйге׃ Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып , 1 тур Бәйгені бастаймыз.

Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңданыздар. Бұл турдың шарты мынадай: мұнда 12 сұрақ қойылады.

Алдыңғы белгіні бірінші көтеріп үлгерген ойыншы жауап беру құқығына ие болады, егер жауабы дұрыс болса сол ойыншыға 10 ұпай беріледі .

Сұрақтары:

  1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
  • Ұяң дауыссыз дыбыс нешеу? (7)

  • Қатаң дауыссыз дыбыс нешеу? (12)

  • Дауысты дыбыстар нешеу?

  • Дыбыстары жоқ әріптерді ата? (2, ь,ъ)

  • Көптік жалғауларды ата? (-лар, -лер, дар, -дер, тар,-тер)

  • Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі:пайымдау,әңгімелеу, сипаттау)

  • ҚР туында көгілдір түс нені білдіреді?( бұлтсыз ашық аспан бейбітшілік бейнесі)

  • ҚР Елтаңбасының авторы кім?

  • ҚР Әнұранның авторлары мен компазиторын ата?

  • Алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин).

  • Тіл туралы заң қашан қабылданды? (11 шілде 1997ж.)

  • ( Ұпайлары саналады)

    II тур. «Дода»

    Жұмбақты шешіп, шешуші сөзді дұрыс тауып қазақша айтса 10 ұпай, орыс тіліне аударса 20 ұпай,ағылшын тілінде айтса 30 ұпайға ие болады . Бірінші таңдау кезегі ұпай саны аз сайыскерге беріледі. Барлық сайыскерлер сұрақтарға бірақ рет жауап бере алады.

    1. 1 санға өсірді.

    Өзі қалып орнында,

    Бізді алға көшірді. (Сынып-класс )

    1. Сақталады 6 ай жаз,

    Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш-холодильник )

    1. Қалқиып екі құлағы,

    Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц )

    1. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

    Ол тынымсыз домалап

    Зыр жүгіре береді. (доп-мяч )

    1. Бір қораға қамалғандар,

    Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спички )

    1. Қарап тұрсаң өзіне,

    Сурет түсер көзіңе.

    Ол суретің ұқсайды

    Дәл қазіргі өзіңе. (айна-зеркало )

    1. Аяғы жоқ жүреді,

    Аузы жоқ сөйлейді. (хат-письмо )

    Әділқазы алқасы, сіздер қортындылап іріктеледі(ұпай саны аз

    екі ойыншы ойыннан шығарылады) .

    ІІІ тур-Көкпар.

    Жүргізуші:Ойынның шарты былай: 1минуттың ішінде берілген сөзден негұрлым көп сөз құрастыру керек. Әріптер екі рет қайталамбайды.Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

    ТҮРКІСТАН

    АСТАНА

    ҚАЗАҚСТАН

    (Ұпайлары аз екі оқушы ойыннан шығады)

    IV тур. «Жорға»

    Шарты:1 минут ішінде 10 сұрақ қайылады, сұрақ жауабын таппаған

    жағдайда келесі сұрақ таңдауларынызға болады. Дұрыс жауапқа 10

    ұпай беріледі.

    1- ойыншыға

    1.Бір аптада неше күн бар ? (7)

    2.Жылқы пірі кім? (қамбар ата)

    1. Оқушы сөзі көпше түрде айт? (оқушылар)
  • «Ауа» сөзінде «у»қандай дыбыс? (дауыссыз)

  • «Қанат» сөзінің айтылуы қандай? (жуан)

  • Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысықандай дыбысқа айналады? ( ғ-ға айналады, орақ-орағы)

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

  • Қыс мезгілінің екінші айы. (қаңтар)

  • Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

  • Түйенің пірі (Ойсыл қара)

  • 2-ойыншыға

    1. Бүгін аптаның нешінші күні (5)
  • Түйенің төлі (бота)

  • Алма сөзі көпше түрде (алмалар)

  • Қуыршақ сөзінде «у» қандай дыбыс? (дауысты)

  • «Ізгілік» сөзінің айтылуы қандай? (жіңішке)

  • Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы қандай дыбысқа айналады? ( г-ге айналады, түлік-түлігі)

  • Күз мезгілінің үшінші айы. (қараша)

  • Бір жылда неше ай бар? (12 ай)

  • Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды? (кереге)

  • Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

  • Әділқазылар алқасы ең соңғы IV турдың ұпай санын санайды қорытынды жасайды.

    Жүргізуші: Шын жүйректер сыналады жарыста ,

    Жарыстыңба орта жолда қалыспа.

    Әділ қазы бағалайды сіздерді

    Жеңіс-мәре жақынба, әлде алыспа, — демекші ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік!

    Жүргізуші: Тілім менің өмірдегі тілегім, Тілім менен тарихымды білемін. Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді, Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін. – деп, бүгінгі Тіл талапкері атты интеллектуалды шоу аяқталды.Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер!

    Қош сау болыңыздар!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше