Мемлекеттік рәміздерге құрмет

dsc0097

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін арман-мұратын жеткізетін киелі құндылықтар. Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін көрсетіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы – «Менің Қазақстаным» Әнұранының құдіретті әуені елімізді ұлы болашаққа бастап барады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Отанымыздың өзі нақ осы Рәміздерден: Ту, Елтаңба мен Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен еліміздің еңселі азаматтары қалыптасады.

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Міне осы мақсатта, Алматы қаласы ОКЖ-не қарасты №4-кітапхана-бөлімшесінде Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен «Толағай » тарихи-мәдени мұраларды қолдау қоры «Елім менің…» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері белгіленген «ең үздік өнімге» жарияланған шығармашылық байқауды қортындылауға арналған салтанатты кеш өтті.

«Елім менің …» атты шығармашылық конкурс Алматы қаласының мектеп оқушылары, яғни 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жарияланған болатын. Конкурстың негізгі мақсаты – еліміздің ертеңгі тұтқасы болар жастардың бойында отансүйгіштік, қазақстандық

патриотизмді қалыптастыру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, қолөнер саласындағы дарынды балалрды анықтау және әр баланың жеке қабілетін дамыту болатын. Байқау 2 кезеңде өткізілді. 1- кезең 17 қазанға дейін іріктеу кезеңі болып, бұл кезең аралығында шығармашылық жұмыстар таңдалып алынды, ал 22 қазан күні әділ қазылар ең үздік деген шығармашылық туындыларды анықтап, байқаудың қортындысын шығарған болатын.

Жасөспірімдердің шығармашылық жұмыстарын бағалаған әділ қазылар алқасының мүшелері: Алмалы аудандық Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Жақсылық Нұртазинұлы Әмірханов, Алмалы аудандық Ардегерлер Кеңесінің жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссмясының төрайымы, профессор – Хадиша Жақсылыққызы Сатыбалдина, ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы – Алмас Ахметбекұлы, «Толағай» тарихи-мәдени мұраларды қолдау қорының төрағасы – Асхат Қалибасұлы Әбішев, №4-кітапхананың меңгерушісі Иманбаева Сағын Кәденқызы байқаудың қорытындысын шығарып, ең үздік шығармаларды таңдап алды. Салтанатты жиында қонақтар жас ұрпақтармен Мемлекеттік рәміздер, Елбасы туралы, еліміздің жарқын жетістіктері туралы ой бөлісті. «Толағай» тарихи-мәдени қорынының төрағасы Асхат Әбішев: «бұл байқаудың мақсаты – Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің қалыптасу үдерісін зерттеу, қолөнер салсындағы дарынды балаларды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жол ашу екенін атап өтті. Дарынды жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейтін мұндай шаралар болашақтада жалғаса беретінін атап көрсетті.Конкурсқа белсене қатысқан Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының мектептерінің ұстаздарына, дарынды оқушыларына үлкен ризашылықтарын білдіріп, ең үздік шығармашылық композицияларды атап өтіп,жеңімпаздардың есімін жария етті. Бас жүлдені «Қазақстан Республиканың Елтаңбасы» композициясы үшін Бостандық ауданының №140 М.Мақатаев атындағы мектеп гимназиясының оқушылары: Тұрсынбай Мансұр мен Оразов Ақниет жеңіп алды.

1-орынды «Қазақстанның картасы» компазициясы үшін – Алатау ауданының №154 И. Мандоки атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Б. Сақтағанов, «ҚР Елтаңбасы. Мемлекеттік Ту» шығармашылық жұмыстары үшін – Медеу ауданының №159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның дарынды оқушылары З. Сайфулина мен Ж. Буйракулова және Бостандық ауданының №183 ЖББМ 8 сынып оқушысы Сағымбек Әсел «Мемлекеттік ту» атты компазициясы үшін иеленді, 2-орынды «Мемлекеттік ту» компазициясы үшін Алатау ауданының №164 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әбдимамбетова Айя, «Елтаңба » композициясы үшін Әуезов ауданының №13 мектеп-гимназиясының оқушылары Кеңесбек Мадияр мен Базарбек Ерасыл, «Мемлекеттік ту» композициясы үшін Алатау ауданының И. Мандоки атындағы №154 орта мектебінің оқушылары Ерназар Анар мен Тойлыбаева Ақжібек өзара бөліске салды. 3-орынды«Мемлекеттік ту» атты шығармашылық жұмыстары үшін Бостандық ауданының №70 ЖББМ оқушысы Мурадилова Анна, ал «Бәйтерек» еңбегі үшін Алатау ауданының №164 орта мектеп оқушысы Әбжетова Гаухар, «Елтаңба» композициясы үшін Алатау ауданы №164 орта мектеп оқушысы Әйткенов Ерасыл марапатталды. Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық жасөспірімдер мен олардың ұстаздары да «Толағай» тарихи-мәдени мұраларды қолдау қорының арнайы дайындаған мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталып, әсем безендірілген құнды кітаптармен, естелік сыйлықтар алды.

Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге арналған салтанатты шарада кітапхана қызметкерлері «Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев» атты виртуалды кітап көрмесінің презентациясын ұсынды.

№159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның дарынды оқушылары Абдусаттарова Іңкәр, Қарақұлова Мәдина, №13 мектеп-гимназияның оқушысы Әбдысағи Дастан Отан, Қазақстан, туған жер туралы патриоттық әндер орындап көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше