«Елім менің…» атты ҚР Мемлекеттік рәміздері белгіленген «ең үздік өнімге» жарияланған шығармашылық байқаудың қорытындысын шығаратын салтанатты кеш

23 қазан 2014 жылы Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана – бөлімшесінің оқу залында шығармашылық конкурстың қорытындысын шығаратын салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Оқу залы шарлармен, гүлдермен әсем безендірілген. Экраннан Тәуелсіз Қазақстан, Елбасы, Мемлекеттік рәміздер туралы деректі фильмдер, слайдтар көрсетіледі. «Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев» атты виртуалды кітап көрмесінің презентациясы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Ұлтымыздың рухын, салт-санасын, халқымыздың қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман-тілегін, үмітін жеткізетін киелі құндылықтар. Қасиетті Отанның өзі Мемлекеттік Тудан, Елтаңба мен Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары қалыптасады.

Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Толағай» тарихи-мәдени мұраларды қолдау қоры Алматы қаласы аудандарының мектеп оқушылары арасында «Елім менің…» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері белгіленген «ең үздік өнімге» шығармашылық конкурс жарияланған болатын. Конкурстың мақсаты- тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы болар жастардың бойында отансүйгіштік, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды бабаларымыздың ақжолтай аманаты – қасиетті тәуелсіздікті сақтай білуге, Отанын қорғауға дайын болуға, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу, қолөнер саласындағы дарынды балаларды анықтау және әр баланың жеке қабілетін дамыту.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше