М.Әуезов «Қараш-қараш»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ниязова Перизат Қосыбайқызы
8 «б» сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-қараш»
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: М.Әуезов «Қараш-қараш» Презентация
Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтың қараш-қараш оқиғасы арқылы балаларды отансүйгіштікке, әділетілікке, әділдікке баулу. Сабақты Абай өлеңдерімен ұштастыру.
Сабақтың түрі: іздену сабағы, аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктеме, нақыл сөздер, карта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Түгелдеу.
3.Сынып тазалығын қадағалау.
1.Жетіқарақшы ойыны, үй тапсырмасын сұрау (презентацияда)
1.Тектіғұлдың өліміне не себеп?
2.Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3.Бақтығұл қандай жан?
4.Жарасбай қандай жан?
5.Бақтығұл өзінің қателескенін қашан түсінді?
6.Бақтығұлдың кек алуына не себеп болды?
ІІ.Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын М.Әуезовтың өмірбаяны туралы бейнефильм көріп,Қараш-Қараш оқиғасына тоқталайық (бейнефильм)
ІІІ. М.Әуезовтың өмір сүрген кезеңі отарлау саясатына тура келген.Сол кездегі болыс-билердің әділетсіздіктің осы Қараш-Қараш оқиғасы арқылы көрсете білген енді осы фильмнен үзінді көрейік.
(Ауда атылған оқ)
Фильмді көріп болған соң оқушыларға талдату.
ІV. Қараш-қараш оқиғасындағы Бақтығұл мен мен Жарасбайдың қылықтарын,мінездерін ақтау,даттау..
І-топ ақтап алады.
ІІ-топ даттайды.
V. Оқиғадағы кейіпкерлердің портретін жасау.
І-топ Бақтығұл.
ІІ-топ Жарасбай.
VІ. Оқиғадағы әсерлі жерлерін мәнерлеп оқу.
І-топ көркемсөз оқу.
ІІ-топ көркемсөз оқу.
V.Кім көп біледі?
М.Әуезов шығармаларын кім көп біледі?
І-топ.
ІІ-топ.
VІ .Картамен жұмыс.
І-топ М.Әуезовтың туған жерін көрсетіп, сол туралы айтады.
ІІ-топ.Қараш-қараш оқиғасының болған жерін картадан көрсетеді.
VІІ.Венн диаграммасы.
Біз М.Әуезов десе Абайды,Абай десе М.Әуезовты есімізге түсіреміз. Абай арқылы біз әлемге танылсақ,сол Абайды Абай етіп көрсете білген М.Әуезов.Енді екеуін салыстырып көрейік.
VІІІ. Абай өлеңдері арқылы қорытындылау.
Шығарма Абайдың қай өлеңімен сәйкес келеді.
І-топ
ІІ-топ.
ІХ.Бағалау : ІІ-топтан І-топ басшы оқушыларды бағалайды.
Қорытынды: Үйге тапсырма беру. Қоштасу.
