«Батыр ерліктеріне тағзым» Кеңес Одағының батыры Айткеш Ибраевтың 90 – жылдық мерейтойына арналған іс – шара

Мектеп директоры Кожахметов Серибол Жарлыхасынович және оның ұжымы бірлесе атқарған іс-шара Новобаженово ауылдық окургінің халқы мен көптеген алыс-жақын елді мекеннен келген адамдардың көңілінен шығып, жас ұрпаққа үлгі – өнеге болды.

Обелиск. Новобаженово ауылындағы «Жеңіс» обелискісін орнатуға көп еңбек еткен осы ауылдың тұрғыны Леонид Матвеевич Левченко. Обелиск 1967 жылы ашылды. Кеңес Одағының батыры Айткеш Абайұлы Ибраевқа жеке монумент орнатылған. Үлкен тақтаға осы ауылдан соғысқа аттанып, оралмаған жерлестерінің тізімі тасқа қашалып жазылған. Қаза болғандарды мәңгі есте сақтаймыз! Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!

Әскери – спорттық жарыс. Кеңес Одағының батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың 90 жылдығына арналған Кубокты сарапқа салу бойынша Семей қаласы ауылдық мектеп оқушыларының арасында әскери-спорттық жарыс өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды әскери-патриотизмге тәрбиелеу, әскери қызметті жастар арасындана насихаттау, жас ұрпақты Отаншылдыққа, туған еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Соғыс ардагерлерін және үлкен адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жарысқа Жарқын, Приречное, Бұлақ, Шүлбі және А.Ибраев орта мектептеріндегі 9 – 11 сынып оқушыларынан құралған 5 команда әскери өнер түрлерінен сайысқа түсті. Команда құрамында 3 ұл, 2 қыз.
І орынды А.Ибраев атындағы орта мектеп, ІІ орынды Бұлақ орта мектеп, ІІІ орынды А.Ибраев атындағы орта мектеп оқушылары жеңіп алды.
Сарапқа салынған Кубокты А.Ибраев атындағы орта мектептің «Патриот» командасы жеңіп алып, жарыстың жеңімпазы атанды. Командалар арнайы медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа командалар өте жақсы дайындықпен келген, жарыс нәтижесінен оқушылардың АӘД пәніне деген қызығушылықтарының жоғары деңгейде екендігін көруге болады. Әскери – спорттық жарысты ұйымдастырған және жарысқа бас төрешілік жасаған А.Ибраев орта мектебінің АӘД пәнін ұйымдастырушы – оқытушысы А.С.Сагадиев.

Концерт. Кеңес Одағының Батыры А.Ибраевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шараның келесі кезеңінде шақырылған қонақтарға, оқушыларға және ауыл халқына арнайы патриоттық тақырыпта концерттік бағдарлама ұсынылды. Мектеп оқушыларынан құралған ұлт аспаптар оркестрі, 9 «А» сынып оқушысы Сағаткенов Ш. орындаған «Цвети земля» әні көрермендерді тамсандырды. Ұлдар тобының орындауындағы «Сарбаздар» әні көпшіліктің ризашылығына ие болды. Қыздардан құралған «Арулар» тобы қазақ, орыс билерін орындап, тамаша көңілге бөлендірді.Концертті ұйымдастырған музыка пәнінің мұғалімі Г.С.Сагадиева болды. Келген көпшілік қауым мектеп оқушыларының музыкалық ән-би өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Жоғары сынып оқушыларынан құрылған топ, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан взвод командирі Айткеш Ибраевтың жаумен шайқас кезіндегі сәтінен «Батыр ерліктері» атты сахналық көрініс көрсетті. Бұл сахналық қойылымға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Бейсембаева Н.Т. және Ахатаева Г.Н.

Айткеш Ибраевтың рөлін 10 сынып оқушысы Токай Ардақ шынайы сомдап, халықтың көзіне жас үйрілтті.

Мектеп оқушыларыының музыка пәнінің мұғалімі Сағадиева Гульнар Сапаровна жетекшілік еткен ұлт аспаптар оркестрі бірнеше күй арнады.

9 «А» сынып оқушысы Сағаткенов Ш. орындаған «Цвети земля» әні көрермендерді тамсандырды.

Ұлдар тобының орындауындағы «Сарбаздар» әні көпшіліктің ризашылығына ие болды.
Қыздардан құралған «Арулар» тобы қазақ, орыс билерін орындап, тамаша көңілге бөлендірді.

  1. «А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
  2. Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың 90 жылдығына арналған митинг.

  3. Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевты еске алуға арналған Кубокты сарапқа салу бойынша Семей қаласы ауылдық мектептері арасындағы әскери – спорттық жарыс.
  4. Жеңімпаздарды марапаттау сәтінен көрініс.
  5. Қас батырға қатым түсіру.
  6. А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары және № 4 мектеп – интернаты тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама.
  7. Қонақтар ризашылық білдіруде.

 

Қорытынды. Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр!

Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамдардың өмірін алып, талай боздақты қыршынынан қиды. Олар біздің есімізде мәңгі сақталады. Солардың бірі Кеңес Одағының батыры Айткеш Абайұлы Ибраев, тірі болса 90 жасқа толар еді. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған батырымызды біз әрқашан құрметпен еске аламыз. Бүгінгі беріліп жатқан ас, қатым түсіру батырдың рухына арналады. Айткеш Абайұлы Ибраевтың есімін жас ұрпақ есінде мәнгі қалдыру – біздің азаматтық борышымыз.

Еліміз аман, Жеріміз сау болсын, Іргелі ел Қазақстан көркейе берсін!

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше