Дос болайық бәріміз

 

Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты:

Әр оқушының өз «менін», ұжымының «біз» ұғымдарын қалыптастыру.

Баланың сенімін тұрақтандыру.

Өз тобында өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу.

Адамгершілік – психологиялық жағдай туғызу.

Топта достық қарым – қатынас орнату.

Түрі: Түзете – дамыту сабағы

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті қағаздар, геометриялық фигуралар

Қатысушылар: 5 сынып оқушылары

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Амансың ба, Алтын күн!

Амансын ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Көріп сені шаттандым!

«Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)

Қайратты Қуанышпын

Мейірімді Мұратбекпін

Салмақты Самалбекпін

Тренинг жоспары:

• «Шаттық – шеңбері» сәлемдесу 2 мин

• «Өз есіміңді ерекше ата» 3 мин

• «Егер саған ұнаса…» ойыны 3 мин

• «Бүлінген телефон» ойыны 3 мин

• «Сергіту сәті»: «Қара жорға» биі 5 мин

• «Әуенді терапия» «Ғажайып мекендегі данышпан» жаттығуы 5 минут

• Шығармашылық жұмыс («Біз» коллажын жасау) 5 мин

• «Өміршеңдік ережелері» 3 мин

• «Жүректен – жүрекке» шеңбері 3 мин

• Қорытынды. Достық ағашы 2-3 мин

Тренинг ережесі:

Тыңдай білу

Белсенді қатысу

Сөзді бөлмеу

Күлімсіреу

Сын айтпау

Тренинг барысы:

Көңіл – күйді оң арнаға бұру.

«Егер саған ұнаса …» ойыны

Егер саған ұнаса саусақпенен тырсылдат,

Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,

Егер саған ұнаса шапалақта жарыса.

Егер саған ұнаса айтайықшы «тамаша»

Егер саған ұнаса досыңды тап жарыса.

«Бүлінген телефон» ойыны

«Есту» қабілетін дамытуға арналған бұл ойында психолог бір баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады:

«Мен әрқашан шындықты айтамын»

«Сергіту сәті»: «Қара жорға» биі

«Әуенді терапия» «Ғажайып мекендегі данышпан» жаттығуы

Мақсаты: психологиялық және рухани күш-қуат алу.

Жаттығу ойлануға мүмкіндік болатындай жәй әуенмен орындалады.

Психолог: «Бірнеше минут ештеңе ойламай, тыныш, сабырлы, қалыппен ыңғайлы отырыңыздар…

Өзіңізді жазғы орманды алқапта келе жатқандай елестетіңіз. Шөптер тізеңе, гүлдердің бұтақтары аяғыңа тиеді. Айнала толған ағаштар, олардың жапырақтары бетіңді өбеді. Күннің сәулесі жан-жаққа өрнек құрып, айналаға жарық беріп тұр. Құстар бірінен кейін бірі әндетеді. Саған гүлдердің хош иісі сондай жақсы әсер етуде. Ауа-райы тамаша.

Сен алаңқай мен орманның қиылысқан жеріне келдің. Жіңішке жалғыз аяқ жолға түстің. Асықпай, аяңдап басып келесің, ағаштың ұшар бастарының арасынан әдеттегіге ұқсамайтын бір ғажайып үйдің шатыры көрінді. Сол үйге қарай жүрдің. Міне ғажап, бір зәулім, керемет үйдің жанына келіп тоқтадың. Бұл үй-тыныштық пен демалудың, адамдар өздерінің ішкі жан дүниесіне терең үңіліп қараудың мекені екенін сездің. Үйге кіріп, баспалдақпен жоғары көтерілдің, есіктің алтын тұтқасын ұстап, есікті ашуға ұмтылдың. Есік жеңіл ашылды. Үйдің іші жарық. Қабырғаларда-ескі жазулар. Сөрелерде көптеген бұрын соңды көрмеген таңданарлық қалың кітаптар. Есікке қарама-қарсы үстелде аппақ киімде бір қария отыр. Ол өте қайырымды, жылы жүзді, көздері күлімсіреп, нұр шашады. Қарияға жақын келіңіз. Бұл данышпан қария әлемнің барлық құпиясын біледі, өткенді және болашақты. Сен одан өзіңді не толғандыратыны және ұзақ іздеген нәрсең жайында сұрақтар қойып, оған жауап алуыңа болады…

Мүмкін, ол саған бір нәрсе сыйлауы мүмкін. Оған алғысыңды айтып, сыйлығын ал. Ғажайып мекендегі данышпан қартпен кездесу аяқталды. Данышпан қарт кісімен кездескеніңе алғысыңды білдір. Сен зәулім сарайдан шығып, есігін жаптың. Сыртта бұрынғыдай күннің сәулесі. Баспалдақпен төмен түсіп, орманның сүрлеу жолымен алаңқайға шық. Бөлмеге ораламыз да, көзімзді ашамыз… »

Талқылау: Қандай сезімде болдың?

Данышпан қарт саған қандай сыйлық беруі мүмкін?

Оқиға саған ұнады ма?

Шығармашылық жұмыс («Біз» колажын жасау)

Оқушылар түрлі – түсті қағаздан қиылған геометриялық фигураларды таңдап, «Мен» деп жазады. Әр оқушы «менінен» «біз» сөзін құрастыру керек.

Өміршеңдік ережелері.

Өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

Жігер деген – Мен

Күш деген – Мен

Махаббат деген – Мен

Кешірім деген – Мен

Құдірет деген – Мен

Жасөспірімділік деген – Мен

Жастық деген – Мен

Денсаулық деген – Мен

Ақылдылық деген – Мен

Жарқындық деген – Мен

Бар ғажайып деген – Мен

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда, – деп өзіңізді сендіріңіз

«Жүректен – жүрекке» шеңбері «Дос болайық бәріміз» (Оқушылар хормен өлең айтады.)

Сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір – біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоцияналдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

Сабақты талдау:

Не ұнады?

Қандай қиындықты өткердіңдер?

Үйге тапсырма:

Достық туралы эссе жазу

Қорытынды:

Достық ағашы

Шеңбер болып тұрып, бір қолдың жұдырығын жауып, бас бармақты жоғарыға қаратып, ағаш бейнесін жасау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше