«Жарық кванттары» тарауын қайталау сабағы

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева

Әріптестеріме ҰБТ – ге дайындық сабақтарымның бірінің жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Жарық кванттары» тарауын қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «
Жарық кванттары» тарауын қайталау, тараудың ең негізгі мәселелерін шешу, есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.
Дамыту:  Оқушылардың жарықтың қасиеттерін оқып, үйренуде пәнге қызығушылығы мен белсенділіктерін арттырып, ой дәлдігін дамыту.
Тәрбиелік:  Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер:  Баяндау, салыстыру кестесі, тестік технология

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Жарық кванттары» тарауының ең негізгі мәселелері. (теориялық мағлұматтар)

ІІІ. «Жарық туралы сіз не білесіз?»

ІV. Жарық табиғаты туралы екі түрлі көзқарасты сипаттау.

А. Жарық – электромагниттік толқын

Ә. Жарық – бөлшектер ағыны

Салыстыру кестесін толтыру:

  1. Фактілер келтіру
  2. Заңдылықтарын көрсету (теория)
  3. Салдар
  4. Практикада қолданылуы

V. Есеп шығару мысалдары

VІ. Тест тапсырмаларын орындау

А. Ашық тапсырма  немесе толықтыру тесті.

Ә. Ретіне қарай тізбелеу тесті.

Б. Дұрыс жауапты таңдау тесті.

VІІ. Сабақты қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма: «Атомдық физика» тарауын қайталау

 

Жарық кванттары

  1. Фотоэффекті құбылысы үшін Эйнштейннің энергияның сақталу заңына арналған формуласын қолданамыз. Егер, фотоэлектрондар электр өрісі тарапынан тежелетін болса, кинетикалық энергияның өзгеруіне сай, толық кинетикалық энергия электр өрісінің жұмысына тең болады.

Эйнштейн теңдеуі:

  1. Фотоның энергиясы:

Һ – Планк тұрақтысы;                     һ = 6,63*10-34

V – жарық жиілігі

 

 

  1. Фотон импульсі

 

 

  1. Фотоэффектінің қызыл шекарасы

 

немесе

  1. Комптон эффектісі

Қысқа толқынды электромагниттік сәулелердің таралуына (рентген және гамма сәулелері) еркін немесе әлсіз байланысқан электрондардың толқын ұзындығы мына шамаға ұлғаяды:

 

 

 

 

 

 

– тесетін және таралатын сәулелердің толқын ұзындығы

mе –  тыныштықтағы электронның массасы.

Ө – таралу бұрышы

– электронның комптондық толқын ұзындығы.

 

 

 

 

Графикалық диктант

Шарты: Егер берілген сөйлем дұрыс болса,  белгісі, дұрыс болмаса, – белгісі қойлады.

  1. Жарық бөлшектері дегеніміз жарық кванттары немесе фотондар
  2. Жарықтың әсерінен заттардың электрондарды  ыршып шығу құбылысын – фотоэфектіні тудыратын кез келген сәулелер  (-)
  3. Жарықтың металл бетінен 1с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық энергиясына тура пропорционал.
  4. Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы жарықтың интенсивтігіне тәуелді.  (-)
  5. Фотоэффект құбылысын 1888ж 26 ақпанда орыс физигі А.Г.Столетов ашты.
  6. Планк тұрақтысының мәні: 6,63*10-14дж*с  (-)
  7. Эйнштейннің айтуынша энергияның жұтылған порциясы металдан электрондарды ыршытып шығаратын және кинетикалық энергия беретін шығу жұмысын атқаруға жұмсалады.
  8. Жарық жиілігі  болса,  онда фотоэффекті байқалады. (-)
  9. Фотон мипульсі   формуласымен анықталады. (-)
  10. Жарық өзінің таралуы кезінде толқындық қасиеттер байқатады.
  11. Жарықтың қасиеттері дуализмдік (екі жақтылық) көрсетеді.
  12. Жарық энергиясы электр тогы энергиясы электр тогы энергиясына түрленіп айнала алмайды.
  13. Жарықты заттың жұтуы жарықтың химиялық әсеріне тәуелді емес. (-)
  14. Жарықтың бөгеттерге қысым түсіретінін П.Н.Лебедев  байқаған  және өлшеген. Бұл  қысым өте аз.

 

Жарық – электромагниттік толқындар

Фактілер

Теория

Салдар

Практика

1. Жарық жылдамдығы

2. Шағылу

3. Сыну

4. Интерфереция

5. Дифракция

Поляризация

С=3*108 м/с

 

 

Гюйгенс – Френель принциптері

 

 

Оптикалық аспаптардың

Мүмкіндік қабілетінің шегі бар болуы

1. Жарық толқынының  ұзындығын өлшеу

2. Беттің өңдеу сапасын тексеру

3. Оптиканың жарықтануы

 

Жарық – бөлшектер ағыны

 

Фактілер

Теория

Салдар

Практика

1. Фотоэффект құбылысы

2. Жарық қысымы

3. Комптон эффектісі

Фотоэффекті теориясы

 

 

Фотоэффектінің қызыл шекарасы

 

Вакуумдік фотоэлементтер жартылай өткізгіштер, күн батареясы, телевизия, фотосурет т.б.

 

 

Есеп шығару мысалдары

 

  1. Фотоэлементке түсетін жарық сәулесінің жиілігін екі есеіткенде тежеуші кернеуді неше есе өзгерту керек? Фотоэлемент материалынан электронның шығу жұмысын елемеуге болады.

 

  1. Е = 3,2*10-17 Дж фотон энергиясын  эВ – қа айналдырыңыз.

 

  1. Металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы  3*1014 Гц. Егер металға 3*1014 Гц жиіліктегі жарық түсетін болса шығу жұмысы қандай болады?
  1. Толқын ұзындығы 1 мкм болатын фотонның импульсін табыңыз.
  1. Цезийден кинетикалық энергиясы 3,2*10-12 Дж электрон шығады. Егер шығу жұмысы 2,88*10-19 Дж болса, фотоэффекті тудыратын жарық толқынының максимал ұзындығы қандай?

 Тест тапсырмалары

 

І. Ашық тапсырма немес толықтыру тестісі

ІІ Ретіне қарай тізбелеу тестісі

ІІІ Таңдай тестісі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше