«Найзағайдың шығу тегі» 10-сынып

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева

СТО технологиясымен өткізілген үйірме сабағымның бірін ұсынайын.

Сабақтың тақырыбы: «Найзағайдың шығу тегі» 10-сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Найзағай туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұны мен идеясын түсіндіру, оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндау, өз ой – пікірін жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, ой дәлдігін дамыту; шығармашылыққа баулу;

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұжымшылдыққа, тіл мәдениетін, байлығын меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1.            Мазмұнға байланысты: Найзағайдың шығу тегін түсінеді,

мәтіннің  идиясын аша біледі.

2.             СТО дамытуға байланысты: Ұсынылған теориялық

мағлұматтарды   зерттеп, талдау жасайды, өз ойын жеткізе

білуге дағдыланады.

3.              Әрекетке байланысты: Жұппен, топпен түсініп оқып

талдайды,  қортынды шығарады.

Бағалау: Эссе

Сабақта қолданылатын әдістер:

Топтастыру ( ассоциациялар), ЖигсоІІ, « акваримум», бес жолды өлең,

Т- кестесі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушылар 4 оқушыдан топ құрап орналасады.

2. Қызығушылықты ояту.

« Найзағай» сөзіне ассоциация жасау

 

 

Электр қоры                       бұлттар              қорқыныш

Кернеу                                                                                                 қауіп

 

 

 

Ғажап құбылыс                Ломоносов           табиғат құбылыс

Рихман

 

 

3. Мағынаны тану

Мәтіндер ұсынылады.

1. «Қорқыныштағы хат»

2. « Лейден сауыты ойыншық емес»

3. « Найзағайдың тегі неде?»

4. « Найзағайдан қорғануға болады»

 

Жигсо ІІ әдісі бойынша қадамдар:

А) Әр топқа 4 эксперт парақтары таратылады.

Ә) Әр оқушы 1 эксперт парағын алады.

Б) Эксперт парақтары бойынша топтар құрады.

В) Әр топ мәтінді оқып, талқылайды. Сұрақтарына жауап іздейді,

талдайды.

Г) Бастапқы топтарына оралады.

Д) Эксперт парақтары бойынша әр топта түсіндіру жүреді,  талдайды.

Е)  Әр топтан бір оқушы эксперт парақтары бойынша өз сұрағын түсіндіру

( аквариум әдісі бойынша.)

 

Эксперт парақтары:

№ 1

1.  Мушенберг неден қорықты? Лейден сауыты деген не? Онда жиналатын электр зарядтарының әсерін кім зерттеді?  Зарядтар қорын табиғи жағдайда мол жинайтын дене не?

2. Кейбір кісілер табиғи іс емес деп қабылдайтын жағдайлар болады. Өзінің

«  электр қоры» немесе « биоөрісі» бар адамдар бар дегенге қалай қарайсыз?

Пікіріңізді дәлелдеңіз.

 

№ 2

1. Лейден сауытында жиналған электр қорының әсерін адамдар не үшін қолдана бастады? Қандай әсерлері болды?

2. Көнекөз қариялар үйдің төбесіне бір тал сексеуіл тасталса, ол жайдан қорғайды деп есептейді? Бұл халық тәжірбиесінен алынған сенім бе, әлде сексеуілде электрлік қасиеттер бар ма?

 

№ 3

1. Табиғи жағдайдағы электр қорының көзі – найзағайды ғылыми тұрғыдан кімдер зерттеді? Ол не нәтиже береді?

2. Неліктен тауға шығар алдында альпенистер төмендегідей ережені есте сақтауға тырысады:

« Егер биік таудың төбесінде күнді өткізгің келсе, барлық темірден жасалынған заттарды жинап, өзіннен оқушырақ қойғын!»

 

№ 4

1. Найзағай – қандай құбылыс? Оның көп болатын жері? Одан қорғану жолдары. Жайтартқыш туралы не білесіз?

2.   Сіз серуенге шықтыңыз. Айнала ашық, тек алдыңызда бір ғана тал өсіп тұр. Сіздің бір қолыңызда темір шынжырда итіңіз Жолбарыс бар, екінші қолыңызда қолшатырыңыз бар. Кенет  алай – дүлей дауыл тұрып, ауа – райы бұзылып, шелектеп жаңбыр құйды да, найзағай жарқылдап, күн күркірей бастады. Осы жағдайда қалай қорғану керек? Сіз не істер едіңіз?

 

4. Ой – толғаныс

Сабақта алған білімдерін тиянақтау, ой – толғаныс жасау, жинақтап, қорытындылау үшін эссе жазады, бес жолды өлең, Т – кестесі толтыруға болады, жазады.

5 Үйге: « Найзағай» тақырыбын зерттеу, ғылыми – көпшілік әдебиеттер оқу.

6. Мәтіндер алынған әдебиет:

1. Қ. Әбдіғапаров, М. Қошпанов « Қызықты физика» 94 -100 бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше