Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. 8 сынып
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
Сабақтың бірінші сатысында ой шақырып, оқушының қызығушылығын ояттым. Блумның сұрақ қою таксономиясын пайдаландым.
a) Электр құбылыстары қалай байқалады?
б) Электр зарядтарының тегін қалай анықтауға болады?
в) Электр құбылыстары» туралы әр түрлі формадағы үй тапсырмасын тексердім.
Мысалы: РАФТ жұмысы
Р — роль – электр заряды
А – аудитория – оқушыларға арналған
Ф – форма — диалог
Т – тема Кімсіз?
Оң заряд – Ассалаумағалейкум!
Теріс заряд – Уағалейкум!
Оң заряд – Уа, қайдан келесің?
Теріс заряд — Өзің жүрген жерден келемін.
Оң заряд – Қалай? Мен сен жүрген жермен жүрмеймін.
Теріс заряд- Неге? Менің де, сенің де ауылымыз бір атом емес пе?
Оң заряд – Мен сенен қашықтамын, мен орталықтамын.
Теріс заряд –
Сен атомды тастап кете алмайсың.
Басқа денеге өте алмайсың.
Ал мен болсам еркін қозғалысқа ене аламын.
Барлық атомдармен тілге келе аламын.
Электроскоп (Кубизм)
- 1. Суретте:
Таяқшадан тұратын тілшесі бар, ақ шыны бетпен қапталған, көгілдір корпус дөңгелек
- Салыстыр:
Сағатқа ұқсас, таяқша, мензуркадан бөлек.
- 3. Бірдемемен байланыстыр
Компасты еске түсіреді.
- 4. Саралау
Металл, шыны, пластмассадан жасалған.
- 5. Қолдану
Денелердің электрленгенін байқау үшін қолданылады.
- 6. Дауласыңыз
Электр тогын өлшей алмайды.
Семантикалық карта
Бөлшек | Ортасы
|
Ашқан, зерттеген ғалымдар | Құбылыстарға қатысы | |||||
Атом | Ядро | Иоффе
Милликен |
Резерфорд | Гейзенберг
Иваненко |
Чедвиг | Ядролық
реакциялар |
Радиоактивті
сәуле шығару |
|
Электрон
|
+ | — | + | + | — | — | + | + |
Протон
|
+ | + | — | + | + | — | + | + |
Нейтрон
|
+ | + | — | — | + | + | + | + |
Оқушылар әртүрлі формада электр құбылыстары жөніндегі білімдерін жинақтап, жаппай қорытынды жасай білді.
Сабақтың екінші сатысында мағынаны ажырату үшін өзара оқу әдісін пайдаланып, «Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі» мәтінін 4 топқа жеке бөлімдерге бөліп бердім.
І. Электр өрісі
ІІ. Электр өрісінің қасиеттері
ІІІ. Электр өрісінің кернеулігі
ІУ. Электр өрісінің күш сызықтары
Топтарға тапсырма. (қадамдары)
- Әр топ бөлімдерді оқып, талдайды.
- Мәтін бойынша сұрақтар ойлап тауып, қатысушылардың оған жауап беруін өтінеді.
- Басқа қатысушыларға мәтінді, түсініксіз жағдайларды түсіндіреді.
- Келесі топ келесі бөлімді оқып, талдайды. Түсіндіреді, сұрақ қояды.
Негізгі ұғымдар:
І. Кез келген зарядталған дененің айналасында заттап ерекшеленетін электр өрісі деп аталатын кеңесітік бар. Электр өрісі материяның айрықша бір түрі.
ІІ. Зарядталған денелердің айналасында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын өріс әлсірейді. Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолданылады және оның өрісі еленбейді.
ІІІ. Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.
ІУ. Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады. Күш сызықтарының міндетті түрде басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді. Электр өрісінің күш сызықтары өз зарядтан теріс зарядқа бағытталған.
І. Электр өрісінің шын мәнінде болуын дәлелдейтін мысалдар келтіру, тәжірибелер жасау. Электр өрісі ұғымын енгізу. М.Фарадей, Дж Максвелл
ІІ. Электр өрісінің сипаттамасы. Электр өрісінің кернеулігінің анықтамасы.
SI жүйесіндегі өлшем бірлігі –
ІІІ. Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі
ІV. Электр өрісін графикте кескіндеу
Жеке – жеке топтарда тәжірибе жасалып, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шығармашылықпен жұмыс істеді.
Сабақтың үшінші сатысында меңгерген білімдеріне сүйеніп, өзін-өзі тексеру сұрақтары арқылы оқушылар жауап берді. Әр топ сұрақтар ойлап тауып, қатысушыларға қойды.
Әр топ 15 жаттығудан 1 тапсырмадан орындады. (есептер шығарылды.)
1. Кернеулігі 130 Н/Кл болатын жердің электр өрісінде орналасқан электрондарға осы өріс қандай күшпен әсер етеді?
2. Сутек атомдарының электрондары орбитасындағы электр өрісі кернеулігін анықтаңдар. Орбитаның радиусы 0,5*10-8 см.
3. Кернеулігі 3*105 Н/Кл біртекті электр өрісінде тепе-теңдік қалыпта болатын массасы 10-9 г мырыш тозаңының заряды неге тең?
Әр топ оқушылары бағалау парақтары бойынша бағаланды.
Р/с | Аты-жөні | Үй тапсырмасын орындауы | Жаңа сабақты игеруі | Өзін-өзі тексеру сұрағы | Есеп шығаруы | Қорытынды баға |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 |
VІ. Сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге: §32 Оқу 15-5,6 есептер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.М.Дүйсенбаев, Г.З.Байжасарова, А.А. Медетбекова “Физика және астрономия” 8 сынып оқулығы.
2.Электрондық оқулық 8 сынып.
3. Б.Арызханов “Физика курсы”
4.А.Абдулғафаров. Физика есептерін шығару.
Сабақтар барысында мынандай нәтижелерге жеттім:
— Оқушылар жаппай қорытынды жасай білді.
— Пәнге деген қызығушылығы оянды. Шығармашылықпен жұмыс істеді.
— Техникалық құрылғыларда дүниетанымдық көзқарасы дамыды.
— Ғылыми ізденістер негізінде білімді терең меңгерді.
— Оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық, қарым-қатынас орнады.
— Бала мен баланың арасындағы өз ара оқыту қарым – қатынасы жүрді.
— Сабақ нәтижелі болды.
eseptin wigarilu joldarin kaidan biluge bolad