Без рубрики

Молекулалардың өзара әрекеттесуі

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева

Физика.  10 а сынып.
Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың өзара әрекеттесуі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін, қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің құрылымдарын оқып – үйрену; алған білімін кез келген жағдайда пайдалана  білуге үйрету.
2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде  ойлауға, ізденуге бағыттау.
3. Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару, кубизм.

Сабақтың көрнекілігі:  электрондық оқулық.

Құрал – жабдық:  интерактивті тақта,  жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:  химия, биология, математика,әдебиет.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Физика – 10 оқулығы.

2. Физика курсы

3. МФ, ФА журналдары.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

а) ұжымдық әрекет

ә)  сақтандыру әрекеті.

                                ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

« Молекуланың мөлшері, массасы » тақырыбы бойынша бар білімін көтеру

(Әртүрлі тапсырмалар мен логикалық жаттығулар арқылы үй тапсырмасын тексеру.)

А) «Дұрыс жолды тап» (физикалық шамалардың белгіленуін, аталуың, өлшем бірлігін табу керек)

V                     моль                      тығыздық

m                    кг/моль                  молекула өлшемі

M                    м2                           масса

N                     м -3                         көлем

S                кг/м3                      молекула саны

d0                —                      зат мөлшері

n                м3                           аудан

ρ                кг                           мольдік масса

ν                  м                             концентрация

 

Ә) «Раундровин»

Физика пәніне байланысты сөздер жазу керек.  Олар бір-бірімен байланысуы керек.

Мысалы: Молекулатомасса …

Б) « Жауабын тап» (Менделеев кестесінен химиялық элементтің молярлық массасын табу керек.)            Н2SO4               NaCl                P2O5

В) « Басқа балықтар» ( Терминдер жазылған тапсырмадан артық сөздерді табу керек.Үш жауап ұсыну қажет.)

 

1. Физикалық шамалар:

Масса, көлем, тығыздық, күш , қысым, уақыт, газ, салмақ, аудан, арақашықтық.

2. Физикалық құралдар:

Таразы, мензурка, сызғыш, сұйық, динамометр, сағат, термометр.

Г) «Таңдап алу»  ( Берілген формулалардан тек дұрысын таңдап жазу керек.)

m=m0*NA                        ν =N/ NA

m= M * ν                      M= m0* NA

m= ν /M                       ν =m/ M

m0= M / NA                  ν =m0 NA /m

 Д) «Молекула»  (кубизм әдісі бойынша молекула сөзіне анализ жасау)

Суреттеу, салыстыру, байланыстыру, саралау, қолдану, дауласу.

1.Заттың ең кішкентай бөлшегі, өлшемдерін елемеуге болады.

2. Үгітілген топыраққа ұқсас,  шиеден бөлек.

3. Қант ұнтағын еске түсіреді.

4. Атомдардан тұрады: Н2SO4  — 7           H2О- 3 атомнан тұрады.

5. Жаңа заттар, жаңа сорттар жасауға болады.

6. Заттар құралмас еді, агрегаттық күйлер болмас еді.

                    

   ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

 

Молекулардың өзара әрекеттесу күштерін голландия физигі Я.Д. Ван-дер-Ваальс зерттеген. Молекула аралық күштердің бірнеше түрлері болады және олардың әрбіреуінің өз ерекшеліктері бар. Мысалы: молекула-дипольдардың электрлік күштері дипольдің бағытына тәуелді, сондықтан бағдарлы күштер деп атайды. Дисперциялық және индукциялық күштер де бар. Тартылыс күштерінің 3түрі де қашықтыққа тәуелді 1/r7-не пропорционал кемиді.Тебілу күштеріне қатысты жағдай мынадай:1) олар молекулалар мен атомдардың арақашықтығы азайғанда өте тез артады.2) олар жеке молекуланың түріне тәуелділігі,мұны ескеру және басқа молекулаларға тарату өте қиын. Тебілу күштері молекулалар бір-біріне жақындағанда 1/r 9  қатынасына пропорционал артады.

 

 

 

Молекулалар қозғалыс кезiнде бiр-бiрiмен өзара тартылыс және тебiлiс әсерiнде болады. 1.3 суретте молекулалық өзара әсерлесу күштерiнiң таралуы молекулалар арасындығы r арақашықтықтан тәуелдiлiгi келтiрiлген. Тартылу және тебiлу күштерi r-дан тәуелдiлiгi әртүрлi, сондықтан олардың қорытқы күшi нөлден өзгеше. Белгiлi бiр r = r0 арақашықтықта тебiлу күшi арасында тепе-теңдiк орнайды. Молекулалардың диаметрiмен салыстырылатын бұл арақашықтық тепе-теңдiк жағдайына сәйкес келедi. r < r0 болғанда тебiлу күшi тартылу күшiнен басым болады. Сондықтан молекулалар бiр-бiрiне ене алмайды. Олардың арасындағы арақашықтық r > r0 өскен сайын, молекулалардың тартылуы тебiлуiн жеңе бастaйды. Олардың ыршып кетуiне жол бермейдi. r >> r0 кезiнде, молекуларалық күштердiң әсерi болмайды.

1.4 суретте молекулалардың Ep потенциалдық энергиясының r арақашықтықтан тәуелдiлiгi көрсетiлген. Орнықты тепе-теңдiк (r=r0) жағдайында өзара әсерлесетiн екi молекуладан тұратын жүйенiң потенциалдық энергиясы Ep0 минимумына жетедi. Ep0 шамасын потенциалдық шұңқырдың тереңдiгi деп аталады. Ek-ны Ep0-мен салыстыру заттың үш агрегаттық күйлерiн ажыратуға мүмкiндiк бередi: газ, сұйық, қатты күйi. Атап айтқанда: егер Ek >> Ep0, онда зат газ күйiнде, Ek<Ep0 кезiнде – қатты дене, ал EkEp0 – зат сұйық күйiнде болады.

 

 

 

 

                            ІY.Жаңа сабақты бекіту

1.Молекулалы-кинетикалық теориясы негізінде заттың үш агрегаттық күйде болуына  медиаобъектілер арқылы  сипаттама беру.

 

 

А) Газдар

Газдарда молекулалардың арақашықтығы олардың сызықты өлшемдерiнен әлде қайда үлкен. Бұндай арақашықтықта молекулалар арасындағы тартылу күшi аз. Олар бiрiн-бiрi маңайында ұстап тұруға қабiлетсiз. Үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатќан молекулалар бiр-бiрiмен соқтығысқаннан кейін јр бағыттарға ұшып, бүкiл кеңiстiктi толтырады. Газдардың белгiлi бiр көлемi не формасы болмайды, олар сыртқы қысымның          әсерiнен тез сығылады

 

 

 

Ә) Сұйықтар

Сұйық деп, пiшiнi жоқ, бiрақ белгілі көлемi бар денелердi айтады. Өзiнiң құрылымы мен жылулық қозғалысының сипаттамасы бойынша олар газ бен қатты денелердiң арасында орын алады. Сұйықтың әрбiр молекуласы барлық жағынан көршi тұрған молекулалармен қысылады, яғни сұйық молекулалары бiр орында тербелiп тұрады. Кез-келген молекула қасындағы молекуланың орнын басуға мүмкiндiгi бар. Осындай орын ауыстырулар секiрiс түрiнде жиi болып отырады. Секiрiстер арасындағы уақыт молекуланың отырқшы өмiр уақыты деп аталады. Сұйықтың молекулалары белгiлi бiр центрге бекiтiлмеген, олар бүкiл көлемде қозғалыс жасай алады. Жақын тұрған молекулалар арасындағы өзара қатынасының күштiлiгi соншалықты қатты болғандықтан, бiрнеше молекулалар локалдi реттелген группа құра алады. Бұл құбылысты бөлшектердiң орналасуындағы жақын орналасу тәртiбi деп атайды. Сұйықтықтың аққыштық қасиетi бар. Молекулалары тығыз орналасқандықтан сұйықтар аз сығылады.

Б) Қатты денелер

Қатты денелер деп өзiнiң көлемi мен формасын сақтайтын денелердi айтады. Бөлшектердiң өзара тартылу күшi өте үлкен, оның әсерiнен молекулалар өзiне көршi орналасқан молекулалардан едәуiр ұзап кете алмайды. Олар кеңiстiкте тығыз, периодты турде қайталанатын ретпен орналасқан. Қатты денелердiң құрылымының негiзi, төбелерiнде бөлшектер – атомдар, молекулалар немесе иондар — орналасқан, дұрыс геометриялық формадағы элементар ұяшықтан тұрады. Бұл ұяшық, оның қабырғасына еселiк ұзындықтағы арақашықтықта қайталанатын, кристалдық торды құрайды. Қатты денелер бөлшектердiң алыс қатар (ретпен) орналасуымен сипатталады, яғни дененiң бүкiл көлемi бойында элементар ұяшық геометриясы бiрнеше (көп) рет қайталанады. Қатты денелердегi бөлшектердiң жылулық қозғалысы – олардың тепе-теңдiк жағдайына қатысты бейберекет тербелiсiн бередi. Кристаллды тордың байланыстары осындай болады.

2. Есептеу- білім еселеу.           8-жаттығудың   5,6,7  есептері.

8-5. Радон ванасында көлемі 1дм3 суда 1,8*106 радон атомдары бар. Судың қанша молекуласына радонның бір атомы сәйкес келеді?

8-6. Егер газдың бір молекуласына 5,56*105 су молекуласы сәйкес келсе, онда көлемі 0,5л бөтелкедегі лимонадта СО2  көмірқышқыл газының қандай массасы ерітілген?

8-7. Қалыпты жағдайдағы газ молекуласының орташа арақашықтығын анықтаңдар.

 

Есептердің шешуі:

 

8-5.   N=m*NA / M   = ρV*NA / M               N0/ N = ρVNA / MN =1.9*1019

 

8-6.   N0 = ρV*NA / M               m0 =M0 / NA          m= N0 m0 / N=ρVM0 / MN= 2.2 мг

 

8-7.   V=22.4           а=³√V / NA =3.35*10-9 м

 

                              Y. Сабақты қорытындылау.

«Біздің жанұя» (тренинг)

 

1. Бізге саяжайдан жеміс жинау керек.

2. Сізге үй жинауда қағып-сілку керек.

3. Үй шаруасында тапсырма беру керек.

4. Сізге кешқұрым қыдыру керек.

5. Соңғы кім болды.

 

YІ. Оқушыларды бағалау.

YІІ. Үйге тапсырма:  4.3. оқу. Р- 459 есеп

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.