Без рубрики

«Қазақстан және атом энергетикасы» 11 – сынып

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.
Физика пәнінің мұғалімі Серікбаева Жаннат

 Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан және атом энергетикасы»   11 – сынып.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Ғылым мен техника салаларындағы өзгерістер, атом энергетикасыныңі дамуы мен табыстарын, қолданылуын оқып – үйрену.
Тәрбиелік: Ғылыми – техникалық білім беру, жаңа техникалық өзгерістерді оқып – үйренуге ғылыми көзқарас қалыптастыру, экологиялық білім беру.
Дамыту: Оқушылардың әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ой — өрісін кеңейту, жаңалықтармен таныстыруды жетілдіру, пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Мазмұнға байланысты міндеттер:

Оқушылар Қазақстан және атом энергиясын елімізде бейбіт мақсатқа қолданылу жағдайы туралы айтады, атом энергетикасы туралы түсініктерін береді.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:

Атом энергиясын қолданудың тиімді, тиімсіз жақтары туралы талдау жасайды, білімдері бойынша кесте толтырады, өз пікірі мен басқалардың ойларына сын көзбен қарап үйренеді.

3. Әрекетке байланысты міндеттер:

Ядролық қуатты пайдалану жөнінде топтағы оқушылар бір – бірін толықтырады, қорытындылар жасайды.

Сабақта қолданылатын әдістер: Түртіп алу әдісі,  «Сиқырлы таяқша» әдісі.

Бағалау: Эссе.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылар жұппен, топпен орналасады.

  1. Қызығушылығын ояту

Қазақстан және атом энергетикасы

Оқушының бұрыннан бар білімін көтеру. Тақырып туралы ойларына келген білімдерін жазады.  Мысалы: Семей полигоны, Семей – Невада қозғалысы, Курчатов, білікті маман – инженер, ядролық қару, уран қоры, т.б.

Оқушы ойын білгеннен кейін бүгінгі сабаққа кіріспе ретінде «Қорқыт ата» кітабынан үзінді оқимын.

Қорқыт Ата кітабында былай деп жазылған екен: — “Қара Қойшының қанжығасында тас ататын сақпаны бар еді. Оның бүйені тау бұқаның терісінен, әдібі үш ешкінің, қайсібірі серкенің терісінен істелген еді. Сақпаннан атылған тастың салмағы 12 батпан болушы еді. Аспанға атқан тасы жуық арада жерге түспеуші еді. Түскен жерін ошақтай етіп ойып, шаңдатып, көкке қайтадан көтерілетін. Тас түскен жерге үш жылға дейін шөп шықпаушы еді. Сол жерді қой, арық қозылар жайлап қалып семірсе оған қасқыр да тимеуші еді.”

Бұл дерек оқушыны ойға жетелейді, бағзы заманда-ақ ядролық күштің құдіреті белгілі болған ба?

  1. Мағынаны тану.

«Қазақстан және атом энергетикасы» мәтіні  ұсынылады.

Авторы: К.Смайылов.(публицист,ҚР еңбек сіңірген қайраткер)

Мәтінді оқығанда пайдаланатын белгілер:

+  – Жаңа білім

V – Білемін

—  –  Қарсы пікір

? – Сұрақ туды

 

 

+  жаңа білім V білемін — қарсы пікір ? сұрақ туды
 

 

І. Түртіп алу әдісі бойынша қадамдар:

а) Мәтін авторы, аты таныстырылады.

ә) Мәтіннің тақырыбы  туралы білетіндерін жазады. Жұпта, топта талқылайды.

б) Мәтінді белгілер қою арқылы оқу

в) Оқығандары туралы бір сәт ойлану

г) Алғашқы білімді тексеру

д) Жұпта, топта мәтінді талқылау

е) Кесте толтыру.

 

Мәтінді талқылау барысында оқушыларда әр түрлі сұрақтар туындады. Бірақ менің таңданысымда шек болмады, себебі оқушылар оларға өте ұтымды жауаптарды өздері тауып берді.     Икрамова Салтанаттың  кестесі:

 

+  жаңа білім

V білемін

— қарсы пікір

? сұрақ туды

1. Семей өңірінде 104 ракеталық шахта бар.2. Полигонда 40 жыл бойына 500-дей ядролық жарылыс жасалған.

3. Әлемдегі 4 ядролық бомбаның біреуі осында сыналған.

4. Дүние жүзінде 500-ден астам АЭС бар.

5. БН-350 реакторы плутоний да шығарады екен.

1. 1989 жылы 29 тамызда Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен полигон жабылды.2. Петропавл ауыр машина жасау зауытында ракеталық қару жасалған.

3. 2 рет үлкен апат болған: 1) Жапония 2) Чернобыль апаты.

4. Ақтауда нейтрондық реактор жұмыс істейді.

5.Уран қоры бар.

1. М.Складовская-Кюридің күнделігінен 30 жылға дейін сәуле шығып тұрған.2. Аумақтың радиациялық

зақымдануы нәтижесінде сәулелену дозасына сай әртүрлі ауырлықтағы аурулар пайда болды  емес пе?.

1. АЭС-тер қауіпсіз жұмыс істейді деп кім кепіл бола алады?.2. Адам организмінде радиацияға қарсы күш бар ма?.

3. Автор (К.Смайылов) радиация ошақтарында болғанында қорқыныш сезімінде болмады ма екен?.

Адам организмінде радиацияға қарсы күш болуы мүмкін , себебі әрбір адамның қарсы тұру қабілеті әртүрлі. Табиғатта сонымен бірге зат және антизат бар.Автор радиация ошақтарына барғанда қауіпсіздік шараларын ескерген шығар және ол аймақтарға жылдар өткен соң барып отыр ,  әрі «Шегірткеден қорыққан егін екпес» деген бар емес пе.

Мәтіннің негізгі идеясын түсініп әр оқушы өзінше қорытынды жасады. Оқушылардың да, өзімнің де көп нәрсеге көзқарасым өзгерді.

4.Ой – толғаныс

а)   Эссе жазу

ә) «Сиқырлы таяқша» әдісі бойынша әсерін беру

Оқушылардың ойынан туындаған пікірлері

Атомдық энергия қажеттігін,

Дәлелдеп отыр ғылым өзектілігін.

Теңесіп әлем халқы елдерімен,

Күтетін уақыт емес кезекті күн.

Күшейді экология тараптары,

Тазартқыш жабдықтармен жарақтанды.

Атом электр станциясы қажет бізге,

Бұл әлемнің бүгінгі талаптары.

Мұратбаева   Ақерке.

Құшағында сайран салған даланың

Перзентіміз, біз табиғат ананың.

Бір ғана күн ішсем, жесем деп ойлап,

Өмір сүрер, ұқсамайық жендетке.

Әбілқасымов Бақытжан

 

Атом. Атомды соғыс құралына айналдыру ХХ ғасырдың ең басты трагедиясы деп блемін. Қанша халық, оның ішінде қазақ халқы өзі кішкене болғанымен зардабы зор қарудың қасіретін тартқан. 1945 жылы Херосима мен Нагасаки трагедиясын бастан кешірген Жапон халқын медициналық тексерулер кең көлемде жүргізіліп материалдық көп көмек берілген. Әлі де бірде – бір жапондық қалта дозиметрінсіз жүрмейді екен. Капустин Яр, Семей, Возрождения полигондары тұрған аймақтың қазіргі халқына да зор көмек жеңілдіктер қарастырыла берілуі керек. 40 жыл жарияланбаған қырғынның құрбаны болған бауырларыма мен жаным ашиды. Атомды қандайда бір мақсатта қолдануға қарсымын. Жойылсын атомдық қару.                             Зайыров Сабырхан.

 

 

 

 

5. Сабақты қорытындылау

 

Ей, замандас. Ең алдымен досыңды ұқ.
Досың – Жер, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызда
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас. Әр ұрпаққа туған жер,
Не берсе де беретіні қарызға.

 

6.Оқушыларды бағалау

Үйге: Ғылыми – көпшілік әдебиеттермен танысу, оқу, рефераттар дайындау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.