«Арманы асқақ оқушы» байқауы қатысушы: Еренбек Ақсана
«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы: 3 «Б» сынып оқушысы Еренбек Ақсана
ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы. Мақаншы орта мектеп- бақша» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Байрбаева Лаура Бакаевна

Еренбек Ақсана сыныбымның топ басшысы және үздік оқушыларының бірі.
2- сыныптан бастап әр түрлі тақырыптарға өлең шығарумен айналысып келе жатыр.
Ақсана өте өнерлі оқушы. Ол өз ойын ашық та нақты жеткізе білетін, барлық іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын оқушы.
Әнді де әуелетіп шырқайды, мың бұралып би де билейді.
Арманы халқы үшін еңбек ету, елге өзінің аз да болса пайдасын тигізу.
Сегіз жасар қыздың осындай арманын естігенде, еріксіз риза боласың.
Еренбек Ақсананың өлеңдері
Біздің сынып.
Біздің сынып ақылды,
Оқушымыз, баламыз.
Әдеп сақтап әлі де
Үлкен жігіт боламыз.
Ән айтамыз, би билеп,
Үздік баға аламыз.
Озып шығып бәрінен,
Астанаға барамыз.
Гүлдер
Гүлдер тұр далада жайқалып,
Жадырап, жүздері нұрланып.
Жатыр дала түрлі түске боялып,
Даламен бірге ән салып.
Қыс келді.
Қыс келді, қыс келді , қыс келді.
Жауады қар аппақ ал енді.
Балалар сырғанап, ойнайды,
Бәрі де мәз- мейрам болады.
Қыс.
Қыс келді, ақ қарлатып,
Басып қалды даланы.
Шаналарын сүйретіп,
Балалар кетіп барады.
Қардан соғып аққала,
Жаса мұздан қала да.
Ақ көрпесін оранып
Қыс келеді тағы да.
Әпкетайым.
Қамқор болып жүресің,
Әпкетайым, асылым.
Көмектесіп, үйретіп,
Аямаған ақылын.
Әке
Әкем менің асқар тауым,
Еңбектеніп асырадың.
Саған деген сезімімді
Қалай ғана жасырайын.
Аман болшы, әкетайым!
Отан.
Отаным сен менің мәңгі
Жүрегімде қаласың.
Табиғаты әдемі, сәнді,
Көркейіп барасың.
Анашым.
Өмірге әкелдің сен мені,
Жарық күндей.
Жабырқап мен де қаламын,
Қалсаң сен күлмей.
Қуанышым да, жұбанышым да,
Өзіңсің ана.
Алатын орының қашанда,
Мен үшін дара.
Наурыз.
Наурыз келді далаға,
Қуаныш күй кешеміз.
Үлкендер де, бала да,
Наурыз көже ішеміз.
Көктем айы жадырап,
Жаңа жылым басталды.
Көктем келіп тағы да,
Артта енді қыс қалды.

[…] «АРМАНЫ АСҚАҚ ОҚУШЫ» БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫ: ЕРЕНБЕК АҚСАНА […]