Баяндамалар

Бастауыш сыныпта мәтін құрастыруға үйрету (Әдістемелік кеңес)

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қорғантұз орта мектебі
Бастауыш сынып  мұғалімі Жұқатаева Жанар Жиенғазықызы

Бастауыш сыныпта мәтін құрастыруға үйрету (Әдістемелік кеңес)

        Қазіргі мектептің оқу – тәрбие ісіндегі басты мақсат – тіл дамыту, тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға , байланыстырып сөйлеуге айырықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым – қатынасы түрлі жаттығулар арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің нормасына сай, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан, ойын орфаграфиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Оқушының тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып – үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген- білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастыоып отырады. Тіл дамыту жұмысн ұйымдачтырудың негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап жүйелі сөйлеуге үйрету. Тіл дамыту жұмыстарының бірі – мәтін құрау.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінде мәтін стилистикасы бойынша көркем шығармалардың жазылу ерекшелігіне байланысты сөйлеу түрлері қарастырылады. Демек бастауыш сыныпта әдеби тілдің функционалдық типтері бойынша (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) мәтін құрастыру жолдары үйретіледі.

Мәтінің осы түрлерін құру арқылы оқушының ойлау үрдісі жүзеге асырылады, тілдік материалға реттеушілік сипат беріп, ойды жазбаша түрде жүйелі мазмұндау мәдениеті қалыптасады. Мысалы, әңгімелеу (хабарлау) мәтінінде сөйлемнің құрылымы бір-бірімен мағыналық байланысы арқылы оқиға дамытылып, өрбіп отырады.

Көркем прозадағы баяндау түрлерінің тілдік құрылымын жан – жақты зерттеген Б.Шалабаев  «суреттеу болмыстың белгілі бір қалпын, күй-жайын толықтай түсу үшін қолданса, хабарлау немесе әңгімелеу мәтінінде сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық байланысы арқылы оқиға дамытылып, өрбіп отыратыны, ойталқыда (пайымдау) тақырып мәселенің дамуы бейнеленетінін » жазды.

А.Байтұрсынов «…адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, істеген істерінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере,пайымдап сөйлейміз» деп мәтін түрлерін әуезе, әліптеме, пайымдама деп үшке бөліп көрсеткен.

Мәтінді бастауышта оқытуды зерттеген ғалым Т.Әбдікәрім «…мәтіннің бұл түрлерін үйретуде де оның екі қыры ескерілуі керек, себебі мәтінде сөйлеу мен ойлаудың заңдылықтары тоғысып жатады» деп жазады.

Бастауыш сыныпта мәтін түрлерінің белгілерін ажырату арқылы оқушыларға мәтін құру жолдарын үйреткен дұрыс деп санаймыз. Мұның себебі, мәтін кез келген сөйлемдер жиынтығы емес, мағыналық, логикалық, композициялық жағынан байланысқан қатысымдық тұлға. Мәтіннің сыртқы құрылымы үш бөліктен, кіріспеден, негізгі бөлімнен, соңғы бөлімнен тұрса, ішкі құрылымы сыртқы құрылымына қарағанда күрделірек болады.

Н.Құрманова «Оқушыны мәтін құрастыруға үйрету үшін мәтіннің құрылымдық ерекшелігі мен ішкі және сыртқы байланыстарға негізделіп құралатынын таныту керек» деп тұжырымдады.

Қазақ тілі сабақтарында мәтін  құрастырудың бірнеше әдіс-тәсілдеріне тоқталсам,мәтін құрастырудың алғашқы кезеңі белгілі бір тақырып бойынша ойға түйгенін жазу қажеттілігінен туындаған себептен басталады. Бұл қажеттілік жазатын сөйлемді іштей арқылы құрастырумен ұштастырылады. Одан кейін ішкі сөйленіс механизмдерінің көмегімен ой синтаксистік құрылымға түсіріліп, қағаз бетіне жазылады, жазылғанын тексереді.

1-тәсіл:

Мәтінде ұсынылған тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады. әр оқушы өз беттерінше ізденуге, өздерінің ойларын тұжырымдауға, бір-бірінің жұмысын бағалауға, көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып тілдері ұстарады.

Мәтін құрылымының тағы бір ерекшелігі сөйлемдердің өзара байланысқа құрылуы болса, мәтін тұтастығы айтайын деген ойды, мазмұнды беру үшін қолданылатынын тілдік құралдарды пайдалану мәселесіне байланысты. Мәтіннің мағыналық құрылым ерекшелігін таныту, мәтін жайлы теориялық және тәжірибелік білімді меңгерту мәтіннің байланыстылық, тұтастық және бөлікке бөлінушілік сияқты негізгі белгілерін оқытумен қатар жүргізіледі. Мәтін тұтастығына мәтіннің негізгі ойын қамтамасыз ететін мәтін тақырыбы жататын болса, мәтіннің бөлінушілік қаситеі мәтінді мағыналық бөліктерге жіктеу арқылы, яғни қайталаулар, есімдіктер,т.б. арқылы жүзеге асырылады. Мәтіннің қатысымдық қызметі, мәтін түрлері жайлы түсінік қалыптастыру үшін екі түрлі тақырыпта жазылған мәтінді талдау жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдер байланысының екі түрін, қатарластық және тізбектік байланыс түрлері таныстырылады. Осы байланыс түрлері арқылы байланыс қызметін атқаратын сөздерді (лексикалық қайталаулар, есімдіктер, синонимдік сөздер) ажыратуға үйренеді. Мағыналық мазмұнды мәтін ішінде түзу үшін сөзді дұрыс таңдау, сөйлемнің синтаксистік құрылымын реттеу, мәтіндегі байланысты қамтамасыз ету негізгі әрекет болып саналады. Мәтінге қажетті мағыналық мазмұн құру әрекеті тақырып және оның шекарасын анықтау, мазмұнның негізгі мағыналық бірліктерін таңдау, оның компазициясын құру, одан тұтас мәтін құрастыру сияқты бірнеше әрекет жүйесін қамтиды.

Мәтін құруға үйрету үшін балаларды үш топқа бөліп, мәтіннің алғашқы үш сөйлемі беріледі де оны ары қарай жалғастырып жазуға тапсырма беріледі. Мысалы, балалар «Түйе» туралы мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау түрлерін бірінші сөйлемге сүйеніп, құрып шығуы қажет. Ол үшін мынадай кесте ұсынылады.

2-тәсіл:

         Мәтін мазмұнын құру, жоспар жасау, мәтін компазициясын бірігіп құрастыру, сосын оларды бірігп талдау, салыстыру оқушының байланыстырып сөйлеу дағдысының қалыптасуына жағдай жасайды. Тұлғааралық өзара әрекеттесу топтық серіктестіктің нәтижесінде рефлексивтік қарым-қатынастың дамуын қамтамасыз етеді.Барлық оқушылар жұмысқа тартылады.Уақыт үнемдеу,бірін-бірі тыңдап талдауға үйренеді.Сонымен қатар мәтінді шебер құрастыра білуге, тілін дамытуға септігі тиеді.

3-тәсіл:

Бұл тапсырмада оқушының ой ұшқырлығы мен дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасады.Оқушылар өз ойын грамматикалық тұрғыдан дұрыс,

логикалық бірізділікпен жеткізе біледі,терең ойлы пікір айтуға үйренеді

 

 

4-тәсіл.

Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау өте тиімді. Тапсырманы тірек сөздер бойынша орындату мұғалімнің де, оқушының да жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Өйткені, С.Лысенкова айтқандай: «Балалар үшін тірек сөз ой мен жұмыс сәтінде ерекше бір арқа сүйер тірек тәрізді». Тірек сөздер тапсырманы нақты жүргізуге көмектеседі, мәтіндегі ойды байланыстырып жазуға көмектеседі.5-тәсіл:

Жоспар бойынша мәтін құрату – мәтіннің мазмұнын пысықтау үшін, оқушылар мәтіннің негізгі ойын есте сақтап, оны айтып беру жұмысын жүйелендіреді.Срнымен қатар оқылым,айтылым,тыңдалым әрекеттерінің негізіндеіске асады.Жоспар бойынша мәтінге тақырып қоя білуді үйренеді.

6-тәсіл:

Абстрактылы ойлау арқылы берілген мәтіндер оқушылардың ойлау кеңісітігін дамытады. Оқушы өзіне тапсырылған тапсырманың салмағын сезе

 

 

бастайды,жоғары деңгейге көтерілген сайын тапсырманың күрделенгенін, көп білу керектігін түсінеді. Оқушы осындай тапсырманы жете меңгереді, сөздік қоры молаяды, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады деп ойлаймын.

7-тәсіл:

Бұл жұмысқа оқушылар қызыға кірісіп, сөйлемдерді орын-орнына қойып айтып бере алады. Бұл тапсырманы жазбаша түрде беруге де болады.

8-тәсіл:

Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айтқызу көзделеді.

Ауызша айтқызу кезінде бірін-бірі қайталаған оқушылар да кездеседі. Оқиғаны әр оқушының қайталамай, өз ойымен айтуға көңіл бөлемін. Сондықтан бұл тапсырманы да жазбаша алудың мәні зор. Себебі, әр оқушының ой-қиялын байқауға да тигізер әсері мол.

Алдағы уақытта оқушылардың жас ерекшелігіне сай осы жұмыстарды дамытып, күрделендіріп отырамын. Әсіресе, шығарманың тәрбиелік және әсемдік ерекшеліктеріне, кейіпкердің психологиялық және логикалық иірімдеріне бойлай отырып, оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек,бірлескен шығармашылық кеңінен дамып ,жалғасын тапса-нұр үстіне нұр.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.