Ұстаздық еткен жалықпас….

11astКүрең күздің қоңыр күндерімен ілесіп, аяулы ұстаздар күні де келіп жетті. Бұл мереке біздің мектепте де жыл сайын жоғары дәрежеде аталып өтілетін күн. Биыл да қазан айының алғашқы аптасында осы мерекеге орай өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл қастерлі мереке барысында 10-11 сыныптың оқушылары төменгі 1-9- сыныптарға таңдау пәні бойынша сабақ берді. Тіпті мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушісін, мектеп әкімшілігін сайладық. Әр оқушы- мұғалімдер өз сабақтарына тыңғылықты дайындалып, оқушыларға сабақты қызықты өткізуге тырысты. Бұл жоғары сынып оқушылары үшін бір серпіліс болумен қатар, біздерге үлкен жауапкершіліктің артқандығын сезіндік. Осындай игілікті шарадан кейін біздің арамызда да болашақ ұстаздар шығуы ғажап емес.

Мен де сыныптартарым секілді іні-сіңілеріме қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Биылғы оқу жылы мен үшін мектептегі соңғы жылдар. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғым келеді.Сол себепті болар, өзіме сеніп тапсырған сыныптарыма осы пәндерден аса қызығушылықпен, шексіз құлшыныспен сабақ беріп шықтым. Өзімді ұстаз ретінде сезініп көріп, ұстаз болудың қызығы мен шыжығын айқын ұғындым. Алдына келген оқушыны елдің баласы емес, өзінің баласындай көретін ұстаздардың бір күндік өмірінің өзі қиын да күрделі жол екенін білдім.

Тіпті, қазір сол күні сабақ берген оқушыларымыз қай жерден көрсе де «Сәлеметсіз бе, апай!»-деп алдымыздан шығады. Шіркін, ұстаздық сезім деген осы шығар. Шәкірттің аппақ көңілі, кіршіксіз таза сезімі ұстазға деген махаббаттан тұрса, әр ұстаз бақытты болады екен. Тіпті, балалардың жарқын дидарларын көргенде мұғалімнің күні-түні жазатын іс-қағазын да, толтыруға тиіс құжаттарын да ұмытып кетеді екенсің. Мен бір-ақ күн мұғалім болғанда, міне осыны ұқтым. Ұстаздардың жанын тереңінен ұғатын болдым.

Сөз соңында: Дана да басын иетін,

Дарын да шексіз сүйетін.

Жаныңда мәңгі жүретін

Жаныңды жақсы білетін

Жүрекпен бәрін ұғысқан,

Ол-ұстаз! Білсең туысқан!-демекші, ұстаздардың адал еңбегі өтеліп, әр шәкірттің қызығын көруге жазсын демекпін.

Тілешова Гүлнара

БҚО. Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің 11-сынып оқушысы

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше